Сөйлеу мүшелерінің патологиясы тұрарғазинова Жұлдыз



бет26/31
Дата12.04.2022
өлшемі64,58 Kb.
#30829
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

Өткір ларингит

Көмей кілегей қабатының өткір қабынуы, немесе өткір ларингит (гректің larynx - көмей), тұмау кезінде тыныс алу жолдарының кілегей қабатындағы зақымдалудың салдарынан дамиды. Көмейде қабыну процесінің пайда болу себептері – ылғалды, суық бөлемеде болу, суық ауаны ауызбен жұту және дауысты қатты шығару мен темекі тарту. Ең алғашқыда көмейде құрғақ сезім пайда болады, содан құрғақ жөтел байқалады, дауыс қырылдап, кейде мүлдем жоғалады (афония). Көмейді байқаған кезде кілегей қабаты қысарып, ісінген болады, дауыс қатпарлары қалыңдаған, дауыс шығарған кезде олар толығымен жанаспайды. Өткір ларингит көпке созылмайды және дұрыс емдеу кезінде сырқат адам 7-10 күннің ішінде жазылып кетеді. Негізгі емдеулер – көмейдің толық тыныштық жағдайда болуы. 5-7 күн толығымен сөйлеспеу қажет, қатты тітіркендіретін тағамдарды ішпеу (бұрыш, горчица, уксус), сонымен қатар суық және ыстық тағамдарды қабылдамау, темекі мүлдем шекпеу керек. Емдеу процедуралары – жылы сусын, мойынды жылы ұстау (таңғыш, компресс), булы ингаляция. Дәрігер жазып берген дәрілерді қабылдау. Ларингитті алдын алу мақсатында суық ауада сөйлемеу керек, әсіресе балалар, өйткені сөйлеген кезде тыныс алу мұрын арқылы емес ауыз арқылы жүреді, кірген суық ауа осы кезде тікелей көмейге түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет