Сөйлеу процесінің анатомиялық-физиологиялық механизмдері


Тіл бұзылысын талдау принциптері



бет5/5
Дата23.04.2023
өлшемі27,19 Kb.
#85835
1   2   3   4   5
Тіл бұзылысын талдау принциптері. Сөйлеу тілі ақаулығын талдау кемістіктің құрылымын ашу мақсатымен жүргізіледі. Р.Е.Левина тіл бұзылыстарын талдауының үш негізгі принциптерін белгіледі, олар: даму принципі жүйелік принципі және тіл бұзылысын сөйлеудің психикалық дамуындағы басқа жақтарымен тығыз байланысын есепке алып қарастыру.
Даму принципі тіл бұзылыстың бала дамуының барысында қандай себептерден пайда болуын, неге әсер етуін, неге әсер етуі мүмкіндігін зерттеуді талап етеді, тіл бұзылысынің құрылысын анықтауға, яғни алғашқы, негізгі ақаулығын және оданнәтиже болған, туынды бұзылыстарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Жүйелік принципі сөйлеу тілінің жүйелік құрылысын және сол құрылыстың түрлі компоненттерінің өзара жүйелік байланыстарын білуді талап етеді. Сөйлеу тілінің негізгі компоненттері - сөйлеу тілінің фонетикалық жағы, дыбыс айту, лексикалық жағы, грамматикалық құрылысы болып табылады.
Тіл бұзылысын сөйлеудің психикалық дамуындағы басқа жақтарымен тығыз байланысын есепке алып қарастыру принципі тіл бұзылысын кешенді түрінде зерттеуін талап етеді. Себебі баланың барлық психикалық процестері сөйлеу тілінің тікелей қатысуымен дамиды.
Білімалушылардың білімін бақылауға арналған сұрақтар
1. Тіл бұзылысы ұғымына анықтама берініз.
2. Тіл бұзылысының пайда болуына бейімдейтін шарттарды сипаттаңыз.
3. Тіл бұзылыстарына себеп болатын экзогенді-органикалық факторлары.
4. Тіл бұзылысы пайда болуында тұқым қуалау факторларының рөлі.
5. Сөйлеу тілі бұзылуына әкеп соғатын әлеуметтік факторлар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет