Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы:
Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып жағдайын да (қажетті психолог-педагогтік қамтамасыз ету барысында), сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін.
- бастауыш білім беру деңгейінде – 0 (даярлық), 1-4 сыныптар; - негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар. Негізгі мектепті бітіргеннен кейін жеткіншек білімін ТжКБ ұйымдарында жалғастыра алады..
Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының тежелуімен, сөйлеу тілі бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды меңгерудің қиындығымен, түзету-сауықтыру шараларын өткізудің қажеттігімен байланысты болып отыр. Мектепке дейінгі сәйкес дайындықтан өткен балалар 1-ші арнайы сыныпқа қабылдануы мүмкін. Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген, 1-ші сыныптың бағдарламалық материалын меңгеру үшін жеткілікті сөз және ұғымдар қоры жоқ оқушылар, арнайы даярлық сыныбына қабылданады. Сөйлеу тілдік әрекеті нормаға сәйкестендірілген жағдайда оқушы оқытудың кез келген сатысында жалпы білім беретін мектептің кәдімгі сыныбына ауыстырылуы мүмкін.
Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету:
Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында оқыту, тілдік дамудың бұзылуын жеңуге және оқушылардың оқу бағдарламалары мазмұнын меңгеру мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған түзету компонентін қамтитын арнайы Үлгілік оқу жоспарларына жүзеге сәйкес асырылады. Оқыту жалпы білім беру бағдарламаларымен де, сондай-ақ арнайы бағдарламалармен де, түзету пәндерінің бағдарламаларымен де жүзеге асырылады. Оқу процесінде оқушылардың сөйлеу және танымдық ерекшеліктерін ескеретін арнайы әзірленген дидактикалық материалдарды, АКТ және басқа да материалдарды қолдану қажет.
Оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру:
Түзету-дамытушылық нәтиже арнайы пәндер (Айту, Тілді дамыту) және тілдік кемістіктері бар оқушыларға бейімделген жалпы білім беретін пәндер (Сауат ашу, Әдебиет, Ана тілі), яғни түзетуші лингвистикалық курс арқылы орындалады. Аталған курс тұлғаның тілдік әрекетінің толық қалыптасуының және қоғамға ойдағыдай бейімделуінің маңызды құралы болып табылады.
Түзету сабағы ретінде оқу жоспарына: «Түзету ырғағы» және логопедиялық сабақтар енгізілген. «Түзету ырғағы» курсының негізгі мазмұнын сөздер мен музыканың үйлесімді ырғағындағы қозғалыс әрекеті құрайды. Сабақтар оқушылардың қозғалыс жүйесін, интеллектуалдық және сенсорлық мүмкіндіктерін түзетуге және дамытуға, сөйлеудегі кемшіліктерін жоюға бағытталған. Логопед сабақтары сөйлеудің күрделі бұзылуларын жеңуге, сонымен қатар бастауыш мектепті аяқтаған кезде оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілі қалыптасып, сөздерді айтудағы кемістіктерін жоюға бағытталады. Логопедтік 34 сабақтар жеке және 2-4 адамнан тұратын шағын топтарда да өткізіледі. Негізгі және орта білім беру деңгейінде логопедтің жұмысы жазу, оқу, дауыс, сөйлеу жылдамдығы мен ырғағын түзетуді қамтамасыз етуі тиіс.
Сабақтар оқушылардың қозғалыс жүйесін, интеллектуалдық және сенсорлық мүмкіндіктерін түзетуге және дамытуға, сөйлеудегі кемшіліктерін жоюға бағытталған. Логопед сабақтары сөйлеудің күрделі бұзылуларын жеңуге, сонымен қатар бастауыш мектепті аяқтаған кезде оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілі қалыптасып, сөздерді айтудағы кемістіктерін жоюға бағытталады. Логопедтік 34 сабақтар жеке және 2-4 адамнан тұратын шағын топтарда да өткізіледі. Негізгі және орта білім беру деңгейінде логопедтің жұмысы жазу, оқу, дауыс, сөйлеу жылдамдығы мен ырғағын түзетуді қамтамасыз етуі тиіс
Жалпы білім беретін сабақтарға арналған бөлмелерден басқа, мектепте логопед сабақтарын, психолог өткізетін сабақтарға және түзету ырғағын өткізуге арналған бөлмелер болуы тиіс.
Назарларыңызға рақмет! Назарларыңызға рақмет!
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |