Солтүстік Қазақ жазығы Қазақстан жерінде Орал тауларынан Алтайға дейін ені 200-250 км жіңішке алапты жазық. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс, яғни ылдилай береді. Оңтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Мазмұны



бет1/3
Дата29.01.2023
өлшемі33,89 Kb.
#63504
  1   2   3
Байланысты:
Солтүстік Қазақ жазығы


Солтүстік Қазақ жазығы[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Солтүстік Қазақ жазығы - Қазақстан жерінде Орал тауларынан Алтайға дейін ені 200-250 км жіңішке алапты жазық. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс, яғни ылдилай береді. Оңтүстігінде Сарыарқамен шектеседі.
Мазмұны
[жасыру] 

  • 1Жер бедері мен геологиялық құрылысы

  • 2Бөліктері

    • 2.1Есілдің жазық орманды даласы

    • 2.2Тобыл-Обағанның жазық даласы

    • 2.3Есіл-Ертіс даласы

    • 2.4Ертіс - Құлынды жазығы

  • 3Пайдалы қазбалары

  • 4Климаты

  • 5Өзендері мен көлдері

  • 6Топырағы, өсімдіктері

  • 7Жануарлары

  • 8Ұлттық саябақтары мен қорықтары

  • 9Шаруашылыққа игерілуі және ылғал тапшылығы

  • 10Дереккөздер

Жер бедері мен геологиялық құрылысы[өңдеу]
Жазықтың оңтүстіктегі биіктігі 200 м, солтүстігінде -100 м. Солтүстік Қазақ жазығы палеозойдың қатпарлы-жақпарлы тұғырының үстінде жатқан палеогеннің теңіз және неогеннің континенттік шөгінділерінен тұрады. Кайнозой эрасында теңіз тартылып, қазіргі жер бедері қалыптаскан. Жер беті біркелкі тегіс. Өзендері сирек. Сондықтан да көп тілімделмеген. Ондаған тұйық қазаншұңқырлар ғана ұшырасады. Олардың көбін тұзды көлдер алып жатыр. Кей жерлерде биіктігі 15 м-ге дейін көтерілетін жалдар кездеседі.
Бөліктері[өңдеу]
Ішкі ерекшеліктеріне сәйкес Солтүстік Қазақ жазығының Қазақстандық бөлігі төрт ауданға бөлінеді:

  • Есілдің жазық орманды даласы

  • Тобыл-Обағанның жазық даласы

  • Есіл-Ертіс даласы

  • Ертіс-құлынды жазығы

Есілдің жазық орманды даласы[өңдеу]
Есілдің жазық орманды даласы Есіл өзенінің екі жағын жағалай, Солтүстік Қазақстан облысының жерінде орналасқан. Бұл көлді жазық сазды жыныстардан түзілген, бетін континенттік, әсіресе өзен шөгінділері, палеогеннің жыныстары басқан. Жазықтықтың ең биік беті 130-140 м-ге жетеді. Онда көл көп, батпақты, тұзды қазаншұңқырлар да баршылық. Жер бетін шалғын, қара топыракты даланың өсімдіктері басқан. Ормандары негізінен қайың мен теректен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет