Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті



Дата23.09.2023
өлшемі0,81 Mb.
#109927
Байланысты:
Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті

Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті

Ботай археологиялық ескерткіші

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» картасына енген 25 нысан бар. Оның сегізі республикалық маңызға ие. Солардың бірі төрт түліктің төресі – жылқы малы қолға үйретілген «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі. 

Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған.Ескерткіш 15 га алаңды алып жатыр. Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі. Бұл мәдениеттің өмір сүру уақытты б.ғ.д. V-IV ғасырларда өтті. 

Қонысқа алғаш рет 1980 жылы қазба жұмысы жүргізілді.– Осы уақытқа дейін барлығы 15 мың шаршы метр аумақ­тың мәдени қабаты аршылды, – дейді «Ботай» кітабының авторы, атақ­ты археолог Виктор Федоривич. Виктор Федорович Зайберт (1947-2022) – Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданының тумасы. Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы тас ғасырының ескерткіштерін зерттеу саласының маманы, тарих ғылымдарының докторы, архология профессоры. Германия архологиялық институтының корреспондент мүшесі, бірнеше ғылыми жаңалықтар мен Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихы жайындағы 100-ден астам кітаптың авторы.

Зерттеулердің тарихи маңызы – жылқыны алғаш қолға үйретудің жер жүзінде ең басты орталығы Қазақстан болып саналуында. Тастан, ағаштан және балшықтан жасалған ботайлықтардың қонысы дөңгелек пішінде болған. Жоғары жағынан түтіншығатын қазақтардың киіз үйлеріне ұқсас. Археологиялық Ботай ескерткіші ЮНЕСКО қорғауына алынды. Мұнда 60 000 сүйек пен тастан жасалған бұйымдар, тастан жасалған балталар мен пышақтар, жебе және найзаұштары, қыштан жасалған ыдыстар және т.б. табылды.

Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таңғалдырған. Жұмысқа аңдар сүйегін зерттейтін ғалым-остеологтер шақырылды. Олар ауқымды істер атқарды. 133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді. Нәтижесінде анықталғаны – Ботай аттары бұрын белгілі жылқылар түріне жатпайтын болып шықты. Ботай аттарының сүйегі өзге де ежелгі аттар сүйегінен ерекшеленіп тұрды. Ғалымдар бірауыздан «Ботай аттары қолға үйретілген» деген пікірді ұстанды.

Соңы!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет