2017 жыл – әлемдегі ауа температурасының рекордты деңгейге көтерілуімен тарихқа енді. Соңғы жылдары Арктикада ауа температурасы көтеріліп, мұздықтар еріп жатқандығы белгілі. Осыған байланысты Еуропа елдерінің бірқатарында аномальді ыстық тіркелді.
Мәселен, Грецияда шілденің басында ауа температурасы +46 градусқа дейін жеткен. Италияда маусымның басында қатты құрғақшылық пен ыстық ауа-райы 4-5 күн бойы елдің 13 облысында сақталған. Ал Жапонияда мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін тұрғындар аптап ыстықтан зардап шегіп жатыр. Соңғы аптада Жапонияда 6 адам аптап ыстықтан көз жұмып, 17 адам зардап шеккен. 7600 адам аруханаға түссе, олардың 2,5 мыңы ауруханаға ұзақ уақытқа жатқызылған.