Осы жылғы жаз ауа-райы тарапынан шын мәнінде түрлі ерекшеліктерге, тосын сыйларға толы болды. Әсіресе, Ресейдің Мәскеу қаласында маусым айында қар, бұршақ жауып, бұрын-соңды болмаған ауа-райы болды. 2 маусымда қар жауып, маусым айының ортасына дейін суық ауа райы сақталды. Күндіз ауа температурасы +15-ті құраған. Ең төменгі температура- 9,7 цельси градус болды.
2017 жылы әлемдегі ең төмен ауа температурасы Аргентинаның Сан-Карлос-де-Барилоче қаласында тіркелді. Ауа температурасы 25,4 градус Цельсиге дейін - рекордтық деңгейге түскен. Қатты суықтың кесірінен 4 адам көз жұмған. Жер шарының бір бөлігінде аптап ыстық, ал екінші бөлігінде мүлдем сол жергілікті аймаққа сай емес күннің сууы – климаттың өзгеруі себебінен дейді мамандар.