10. Лауазымдық міндеттері: білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды;
балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады;
жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды;
оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді;
оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;
инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерттеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді;
топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады