Білім алуға арналған арнайы жағдайлар – арнайы білім беру оқу
бағдарламалары және оқытудың арнайы әдіс-тәсілдері, тіршілік ортасындағы
техникалық және басқа да құралдар, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі
тұлғаларға жалпы білім беру мен кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын
меңгеру мүмкін болмайтын медициналық, әлеуметтік және басқа да қызметтер.
Баланы әлеуметтік бейімдеу – өмірлік қиын жағдайдағы балаға қоғамда
қабылданған құндылықтарды, тәртіптің ережелері мен нормаларын қабылдауды
меңгерту жолымен, оны әлеуметтік орта жағдайына белсенді бейімдеу, сондай-
ақ психолдогиялық және\немесе моральдық кедергілерді жеңу үдерістері.