Сортамент


Негіздіктердің түрлері мен конструктивтік ерекшеліктері



бет21/55
Дата03.04.2023
өлшемі1,62 Mb.
#78841
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55
Байланысты:
Бржанов Р.Т.Құрылыс конструкциялары-2

Негіздіктердің түрлері мен конструктивтік ерекшеліктері

Негіздіктердің (базаның) конструкциясы ұстынның есептік схемасында қабылданған іргетаспен бекіту тҥріне сәйкес болу қажет.


Ұстын іргетаспен топсалы бекітілген жағдайда кездейсоқ момент әсерінен негіздіктердің шамалы бұрылуына мҥмкіншілік болуы керек. Ал қатаң бекітілген кезде іргетаспен жалғасуы бұрылмайтындай болуы керек.
Конструктивтік шешімдері бойынша негіздіктердің ҥш тҥрі (2-сурет) бар:

  1. траверсалы;

  2. кесігі фрезерленген;

  1. топсалы құралды орталықтандырылған плита сияқты қабылданған.

Ҥлкен емес есептік кҥштер әсер ететін ұстындарда (4000- 5000кн) траверсалы негіздіктер қолданылады. Траверса ұстынбағанасынан келетін кҥшті тірек плитасына таратады. Кҥшсалмақтардың біркелкі таралуы ҥшін траверса аралықтарын қатаңдық қырлармен бөледі.
Ҥлкен есептік кҥштер әсер ететін ұстындарда (6000-10000кн) фрезерленген бағаналар қолданған дұрыс. Бұл кезде траверсалар және қатаңдық қырлар болмайды, ал кҥшсалмақтарды біркелкі таралуын фрезерленген ұстын қимасы атқарады және плита қалыңдығы жоғары болады.
Орталықтандырылған плитасы бар негіз топсалы есептік схемасына сәйкес болғанымен, монтаждау кезде әртҥрлі проблемалар тудырады. Сондықтан олар сирек қолданылады.
Ұстын мен іргетас топсалы бекітілген кезде анкерлік (қарнақ) болттар ұстынның жобалық орнын белгілеу және монтаждау кезде бекіту ҥшін қолданылады.
Ұстын мен іргетас қатаң бекітілген кезде анкерлер ұстын бағанасына және іргетасқа бекітіледі.
Анкерлік (қарнақ) болттар диаметрлері топсалы бекітілгенде d=(20-30) мм-ге, ал қатаң бекітілген (24-36) мм-ге тең. Қарнақ болттар орналастырылатын тесіктер оның диаметрінен 1,5-2 есеге артық қабылданады. Қарнақ болттарға шайбалар кигізіледі, болттар тартылып болғаннан кейін шайбаларды негізге дәнекерлену арқылы бекітеді.

А - А

Сурет 10. Ұстын негіздіктерінің тҥрлері



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет