Зерттеу нәтижелерінің енгізілуі және қолдау табуы. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері, Алматы және Қарағанды қалаларында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалып, талқыланған. Ғылыми зерттеу материалдары «Ақша, несие, банктер», «Қаржы нарығы және делдалдары», «Банк ісі» пәндерін оқытуда оқу үрдісінде қолданылды. Зерттеу нәтижесінде жасалған қолданбалы ұсыныстар «Микрокредиттік ұйым «ШКДҚ - Ақтау» ЖШС жұмысында қолдау тапты.
Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңызы Қазақстандағы шағын несиелеу жүйесі жағдайының кешенді түрде зерттелуінде. Жұмыстың негізгі нәтижелері және ұсыныстары шағын несиелік ұйымдарды басқаруда, қаржы-несиелік қызметпен байланысты оқу-әдістемелік нұсқауларды өңдеуде қолданылуы мүмкін, сондай-ақ Қазақстандағы шағын қаржыландыру жүйесінің қызмет ету тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар кешенін өңдеуде көмек көрсетуі мүмкін.