Сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау кезінде соттардың Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің нормаларын қолдануы туралы



Дата13.12.2022
өлшемі14,74 Kb.
#56799
түріКодекс

Сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау кезінде соттардың Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің нормаларын қолдануы туралы
Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау кезінде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) нормаларын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді: 
1. Заңды күшіне енген актілерді, ұйғарымдар мен қаулыларды оларды шығарған сот жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарауы мүмкін. 
Қайта қарауға негіздер бұрын қаралған істі дұрыс шешу үшін елеулі маңызы бар, туындаған немесе орын алған, алайда олар туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін белгілі болған заңдыфактілер болып табылады. 
Мағынасы бойынша басқа сот актісін шығаруға алып келетін заңды фактілер елеулі маңызы бар дептанылады.
Соттар АПК-нің 455-бабының бірінші бөлігініңзаңды күшіне енген сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарауүшін дербес негіз болып табылмайтынын ескеруікерек. Қайта қарау үшін нақты негіздер АПК-нің 455-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген, олар толық болып табылады және кеңейте түсіндіруге жатпайды.
Тараптың мәлімделген талапқа негіздемеретінде дәлелдемелерді немесе оған қарсылықтарды ұсынбауы не тараптың сот алдында басқа тараптағы немесе үшінші тұлғалардағы дәлелдемелерді талап етіп алдыруға көмектесутуралы өтінішхатты мәлімдемеуі істі қарауға қатысқан тұлғаның процестік қателіктерін куәландырады. Мұндай процестік қателіктер, сондай-ақ жаңа дәлелдемелерді ұсыну заңды күшіне енген сот актісін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін негіз бола алмайды. 
2. Жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енген шешімдері, оның ішінде сырттай немесе жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шығарылған шешімдері, төмен тұрған сатыныңшешімі, қаулысы өзгертіліп немесе күші жойылып, іс бойынша жаңа процестік шешім шығарылған апелляциялық пен кассациялық сатылардың қаулылары қайта қаралуы мүмкін.
Аталған соттардың іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарымдары, сондай-ақ бірінші сатыдағы соттың төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатты және төрелік шешімді мәжбүрлеп орындату туралы арызды қарау нәтижелері бойынша ұйғарымдары жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін. 
Іс мәні бойынша шешілмеген бірінші сатыдағы соттың өзге де актілері (мысалы, талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым, талап қою арызын қайтару туралы ұйғарым, процестік мерзімді қалпына келтіру туралы немесе қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарым, сот шешімін түсіндіру туралы ұйғарым, жеке ұйғарым) жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қаралуға жатпайды. 
3. АПК-нің 455-бабы бірінші бөлігінің мағынасы бойынша жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот 
актісі тұтастай қайта қаралуға тиіс. 
Сот актісін оның қандай да бір жекелеген бөлігінде қайта қарау туралы арыз (мысалы, сот актісін қарсы талап қою бойынша, бір немесе бір іс жүргізуге біріктірілген бірнеше талаптар бойынша қайта қарау туралы) қайтарылуға жатады. 
Заңды күшіне енбеген сот актісін жаңадан ашылған немесе жаңа 
мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды беруге жол берілмейді. 
4. Тараптар сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін жасаған және сот бекіткен, даулы құқықтық қатынастар бойынша тараптардың сот актісінде белгіленгеннен өзгеше құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тараптардың дауды (жанжалды) АПК-нің 17-тарауында көзделген тәртіппен реттеуі туралы келісім жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайларға жатпайды. Мұндай келісімдердің шарттары тараптардың дербес орындауына жатады, ал бастапқы сот актісін мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқарушылық іс жүргізу «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабы бірінші тармағының 2) және 2-1) тармақшаларына сәйкес тоқтатылуға тиіс. 
5. АПК-нің 455-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын қолдануға қатысты жаңадан ашылған мән-жайлар деп заңды күшіне енген сот үкімінде белгіленген, қайта қарау туралы Арыз берілген сот актісінің заңсыз және негізсіз шығарылуына әкеп соқтырған куә айғақтарының немесе сарапшы қорытындысының көрінеу жалған болуын, аударманың көрінеу дұрыс еместігін, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығын түсіну керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет