1/27/12
СОТ МЕДИЦИНА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІН ҚАРАСТЫРУ | Пресс-служба КазН…
1/3
kaznmu.kz/press/2012/01/18/сот-медицина-пәнін-оқытудың-тиімді-әд/
Б
Абс.
%
ілім мазмұнын байыту, оқыту үрдісін жетілдіру, инновациялық технологияларды өмірге әкелу – өзекті мәселелердің бірі.
Жоғары медициналық білім беру – арнайы бағдарламамен айқындалатын күрделі жүйе. Болашақ маман дәрігерлерді дайындауда сот медицина пәні де
маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық істерді жүргізу Кодексінде де сот медицина ғылымын меңгеру әрбір жоғары білімді
дәрігер үшін маңызды және міндетті екендігі айқындалған. Осы Кодекстің 83 бабының 5 – ші бөлімінде көрсетілгендей «… сарапшы, қылмыстық істі жүргізуші
органдардың шақыртуымен келіп, өзінің алдына қойылған арнайы сұрақтарға жауап беруге міндетті». Егер сарапшы ретінде шақыртылған дәрігер қасақана
жалған жауап берсе, осы баптың 6 –шы бөлімінде айтылғандай қылмыстың жауапкершілікке тартылады.
Сот медицинасы құқық және сот тәжірибесінде туындайтын медициналық және биологиялық сұрақтарды қарастырып шешеді. Сот медицинасының дербес
ғылым саласы ретінде пайда болуы, дамуы әрбір мемлекеттің сот және құқық саласының дамуымен тікелей байланысты, немесе сот медицинасы құқық
саласының қажеттілігінен туындаған медицина тарамы деп атауға да болады. Бұл тығыз байланыс пәннің аталуынан да көрініс тапқан.
Сот медицина ғылымының қыр-сырын толық мазмұндайтын қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттер аз мөлшерде. Сот медицина пәнін қазақ тілінде оқыту үшін біздің
кафедра ұжымы сабақ тақырыптарына арналған оқу-әдістеме құралдарын, оқу көрнекі құралдарды жазып дайындаған.
Сот медицинасының дербес ғылым саласы түрінде дамуы адам тіршілігімен, тұрмыс салтымен тығыз байланысты. Сондықтан, біз пәнді қазақ тілінде оқыту
барысында тақырып мәтінін студенттер жете меңгеру үшін, тақырып өзеклігін айқындау түсу үшін сабақты жүргізуде ұлттық ерекшеліктерді, ұлттық
менталитетті, салт-дәстүрді тілге тиек етіп, тәжірибелік мысал ретінде қолданғанды жөн деп есептейміз.
Сот медицинасын оқыту барысында әртүрлі тақырыптар бойынша, біз, мынадай ұлттық қағидаларды мысалға алдық:
1-ші тақырып «Сот медицина ғылымының дамуы». Сот медицина ғылымының даму кезеңдерін оқыту барысында, біз әрбір елдің, мемлекеттің даму
ерекшеліктерін, оның сот медицинасына әсер етуін тілге тиек етеміз. Мысалы: Ежелгі Қытайда сот медицинасына арналған 5 томдық ғылыми жазбаның бір томы,
уланулар тақырыбына, соның ішінде, бақа-шаян, жылан уымен улануға арналған. Бұл сол елдің мекен-жайының, тұрмыс-салтының ерекшелігімен түсіндіріледі.
1980 жылы «Сот медицина сарабының өзекті мәселері» деген атпен жарық көрген ғылыми еңбектер жиынтығында қазақ жерінің Отырар қаласында өмірге
келген шығыстың ұлы ойшылы, ғұлама ғалымы Әл Фараби туралы «Аль-Фараби и медицина» атты мақала бар. Мақалада «…Әбу Насыр адам анатомиясы туралы
кітап оқып, адам денесінің құрылысын, мәйітті ашып тексеру маңызды болатындығын болжаған. Тіптен сол кезде төбелестен кейін қайтыс болған жас жігіттің
мәйітін кесіп қарап, өлімнің себебін дәл анықтауға болатындығын байқағандығы да осы мақалада айтылған… ». Осы мақаланы оқу барысында атап өткендігі жөн
деп есептейміз.
2-ші тақырып «Мәйітті сот медициналық жолмен тексеру»
Осы тақырыпқа түсіндірме кіріспені – «мәйіт», «өлік», сөздерінен бастаймыз. Орыс тіліндегі «труп» деген ұғым жоғарыда көрсетілген екі сөздің де аудармасы
болып табылады. Медициналық көзқарас бойынша бұл екі сөздің де беретін мағынасы бір. Бірақ, қазақ тілінде, халық арасында бұл сөздердің пайдалану
орындары әр түрлі болып келеді. «Мәйіт» сөзі тек адамға байланысты қолданылса, «өлік» сөзі жан-жануардың өлі денесін сипаттауға қолданылады.
3-ші тақырып «Нәресте мәйітін сот медициналық жолмен сараптау».
Нәресте мәйіті бойынша сот медициналық сарап тағайындағанда, тергеу ісі үшін маңызды сұрақтың бірі, баланың жасын анықтау болып табылады. Нәресте /
орысша баламасы «новорожденный»/ кезеңі медицинада бала дүниеге келген кезден бастап 29-күнге (1 айға) созылады, және осы кезеңде баланың дүниеге
жаңа келген жас нәресте екендігін көрсететін айрықша белгілері болады. Сол айрықша белгілерді анықтай отырып сот медицина сарапшысы тергеу
сұрақтарына жауап береді. Осы тақырып бойынша қазақ халқының жаңа дүниеге келген балаға байланысты, баланы қырқынан шығару дәстүрін атап
көрсетеміз.
4-ші тақырып «Механикалық асфиксия» Механикалық асфиксияның бір түрі- «жіпке асылу» – суицид оқиғалары ішінде ең жиі тіркелетіндері. Сот медицина
орталығының Алматы филиалында тіркелген суицид оқиғаларының 9 жылдық көрсеткіші төмендегі кестеде берілген.
Таблица № 1 «Суицид көрсеткіштері»
!"# $%&'(')* +
Ә),) "Қ-#.&-Ң #',$&, Ә&,!#%/,)
Қ*/*!#-/.
1/27/12
СОТ МЕДИЦИНА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІН ҚАРАСТЫРУ | Пресс-служба КазН…
2/3
kaznmu.kz/press/2012/01/18/сот-медицина-пәнін-оқытудың-тиімді-әд/
КөрсеткіштерСуицидке бару әдістері
сан
1.
Жіпке асылу
1932
63,6
2.
Уланулар
555
18,3
3.
Биіктен құлау
264
8,7
4.
Өткір заттармен жарақаттану
115
3,8
5.
Оқ жарақаты
70
2,3
6.
Әртүрлі құралдармен жарақат түсіру
38
1,2
7.
Темір жол жарақаты
30
1,0
8.
Басқа әдістер
34
1,1
9.
Барлығы
3038
100
Бір жылдық көрсеткіш бойынша да жіпке асылып өзін-өзі өлтіру оқиғалары, барлық суицидтік әректтер ішінде басым болып отыр. Бұл жылғы мәліметке сай:
барлық тіркелген 222-і суицид оқиғаларының 194-і /87,4%// жіпке асылу түрінде жасалған.
Сот медициналық ғылыми тексерулер жіпке асылудың жиі байқалуын, өлім генезінің күрделілігімен түсіндіреді. Бұл көрсеткіштердің құқық тәжірибесі үшін
маңызды екендігі айқын. Тақырыптың өзектілігін айқындай түсу үшін, осы жерде: «Жіптің серті қатал» – деген халық даналығын айта кеткен дұрыс болады деп
есептейміз.
5 – ші «Мәйіттік құбылыстар». Мәйітте жүретін құбылыстардың бірі дененің шіруі. Шіру құбылысы деген – белоктық қосылыстардың микроорганизмдер әсерінен
ыдырауы. Ыдырау барысында майқышқылдары, аммиак, көмірқышқыл газы, метан, күкіртті аммоний, күкіртсутегі, меркаптандар, триметиламин, индол, скатол
және басқа заттар түзіледі. Сот медициналық әдебиеттерде көрстетілгендей, жоғарыда аталған қосылыстар ауаға бөлініп, айналасындағыларға зиянды әсерін
тигізуі мүмкін. Қазақ халқы қайтыс болған адам денесін 1 – 2 тәуліктен ұзаққа ұзатпай жерлейтін болған, себебі халық өлі дененің ұзақ жатуының келеңсіз
әсерін ертеден байқаған.
6 – шы тақырып «Улану. Сот медициналық токсикология». Ас тағамдарымен уланулардың екі түрі: өсімдік тектес және жануар тектес тағамдармен уланулар
байқалады. Улану шақыратын өсімдік тектес тағамдарға – улы балықтар, ірі қара малдың ішкі бездері жатады. Қазақ халқы қара малдың ішкі бездерінің асқа
қолдануға болмайтындығын, бұрыннан білген және малды сойған кезде, бездерін алып тастайтын болған.
Сот медицинасы кең көлемдегі ғылым саласы, сот медицинасы пәнінің тараулары да көптеп саналады, біз жоғарыда соның біразын атап өттік.
Біз өзіміздің осы енгізулеріміздің нәтижесін студенттердің тақырып бойынша берген жауаптарының деңгейімен бағаладық. Сабақ барысында тақырыпқа
сабақтастыра берілген ұлттық тарихи деректер, ұлттық салт-дәстүр студенттер жадында жақсы сақталып, олардың тақырып мазмұнын толық меңгеруіне, ойын
өрбітуіне игі ықпалын тигізген.
Сонымен, жоғарыда сөз болған мәселелерді қорытындылай келе, төмендегідей тұжырым жасауға болады:
Сот медицина пәнін оқытудың, ұлт тарихымен, салт–дәстүрімен сабақтастыру, тақырып мәтінін терең де толық меңгеруге, білім мазмұнын байыта түсуге септігін
тигізеді.
Әдебиеттер
1. Судебная медицина для судебных медиков и юристов. Н.С.Бокариус, Юридическое издательство Украины, Харьков, 1930 г.
2. Курс судебной медицины. М.И.Авдеев, Госюриздат, Москва, 1959 г
3. Курс лекции по судебной медицины. А.П.Громов, Издательство «Медицина», Москва 1970 г.
4. Қазақстан Республикасының Қылымыстық істерді жүргізу Кодексі, Алматы, 1996 ж.
5. «Аль – Фараби и медицина» Г.В.Шутенов,// Актуальные вопросы судебно – медицинской экспертизы, 1980 – 197-198 б./
6. Сот медицинасы. Қаракөбенов Қ.Д, Алматы, 1996 ж.
7. Атлас истории медицины. Т.С.Сорокина, Москва, 1987 г.
8. Врачебная этика и медицинская деонтология. А.А.Грандо, Киев, 1988 г.
9. Судебно – медицинская экспертиза / справочник/. В.Л.Попов, Санкт – Петербург, 1997 г.
10. Краткое руководство по судебной медицины. М.И.Авдеев. Москва, 1996 г .
1/27/12
СОТ МЕДИЦИНА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІН ҚАРАСТЫРУ | Пресс-служба КазН…
3/3
kaznmu.kz/press/2012/01/18/сот-медицина-пәнін-оқытудың-тиімді-әд/
О новых методах преподавания судебной медицины
Төлепбергенова Г.М.
Резюме В данной статье предложены пути оптимизации преподавания судебной медицины на казахском языке: для полного раскрытия занятия
целесообразность приведение примеров из истории казахского народа, об особенностях национального быта, обычаев.
About the new methods of the forensic medicine teaching
Tolepbergenova G.M.
Abstract There are suggested ways of optimization of teaching of forensic medicine in Kazakh language in this article: expedient of giving examples from the history of
Kazakh people, about features of national lifestyle and traditions.
!
өө"#$%#&'#()*+ ,.-.
..!. "#$%&'()*+, -./&'-
ғ/ Қ-0-қ Ұ1../қ 2%'(3(&- 4&(,%*#(.%.5
6+. 2%'(3(&- 74*#/
!"#$: features of national lifestyle and traditions, Forensic medicine, history of Kazakh, !"#$%!& '()(*"'$+$ ,(%$-(, ,(.!$,(/0,12 $314(!, $"$32,,$"#! ,(.!$,(/0,$+$ 31#(
"5-23,(& 62-!.!,(