Соттың атауы: Мекенжайы


III. Құқық нормаларына сілтемелер



бет2/4
Дата19.05.2023
өлшемі81 Kb.
#94794
1   2   3   4
III. Құқық нормаларына сілтемелер
ЕК кіріспесінің 1-бабының 30), 75), 76) тармақшаларына сәйкес еңбек тәртібі – жұмыс беруші мен жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы;
тәртіптік жаза – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жұмыс беруші немесе ұлттық басқарушы холдингтің бірінші басшысы қолданатын жұмыскерге тәртіптік ықпал ету шарасы;
тәртіптік теріс қылық – жұмыскердің өз еңбек міндеттерін құқыққа қарсы, кінәлілікпен орындамауы немесе тиісінше орындамауы, сондай-ақ еңбек тәртібін бұзуы болып табылады.
ЕК-нің 53-бабының 6-тармағына сәйкес осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 8), 9), 10), 11), 12), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу осы Кодекстің 65-бабында көзделген тәртіптік жаза қолдану тәртібі және осы Кодекстің 66-бабының талаптары сақтала отырып жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 951-бабына сәйкес моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).
«Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысына сәйкес өтемақы сомасын айқындаған кезде ақыл-парасаттылық пен әділдік өлшемдерін негізге алған жөн.
Аталған мән-жайларды, болған жағдайдың субъективті бағасын және объективті деректерді ескере отырып, ______________теңге өтемақы мөлшерін
(сомасын көрсету)
әділ және жеткілікті деп есептеймін.
Мен ағымдағы жылғы _________________ жұмыс берушінің келісу
(күні мен айын көрсету)
комиссиясына жүгіндім, ағымдағы жылғы _________________ кәсіпорынның
(күні мен айын көрсету)
келісу комиссиясы мені жұмысқа қайта алудан бас тартты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет