Совет–Хан Єаббасов



бет176/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   294
Жатар орны. Арнайы жақтаулары керегеленіп жасалынған ағаш төсектің артықшылығы мол. Оның ішінде бөбектің бір мезгіл күндізгі сергек сәттерінде ойнауына, жақтауларынан ұстап жүруіне, тіпті алаңсыз анасы да өз шаруаларын тындырып алуына да болады. Төсектің асты тақтайлы біртегіс болуы, баланың тән құрылысының дұрыс өсуіне жақсы әсер етеді. Оның өзіне арналған көрпе-жастық жамылғылары, ұйықтарда киер іш киімдері болуы, оның тазалық тағылымы мен гинетикалық тәлімдерін жетілдіре түседі. Өзінің төсек орнына үйренген балалар түнде де, күндіз де терең ұйықтап жақсы тынығады. Ұйқы бұл кезекте де негізгі қажеттілік болып табылады.
Бөбектің сүйіспеншілік сезімдері қолындағы ұстаған
Киімдері. ойыншықтары, жиі пайдаланатын заттары, күнделікті
киетін киімдері, өзімдікі деген мүліктерден бастау алатыны белгілі. Олардың осы сезімдерін құрметтей отырып, сол өзі ұнататын заттарына деген ұқыптылық пен жинақылықты бармақтайынан-ақ бойына сіңіре берген жөн. Сондықтан, көбінесе арнап алған заттар мен ойыншықтардың көркемделуіне барынша мән беру керек. Жыл мезгілдерінің барлығына сәйкес киімдерінің шақ болуы, ұнасымды да әдемі тігілгенін ескеру арқылы, оның талғамы мен танымына тікелей әсер етіледі. Оның қолындағы заттары мен үстіндегі киімдері, оған көтеріңкі көңіл-күйде береді. Жалпы баланы тазалыққа тез баулитын тәсілдің пәрмендісі – жақсы киім мен ұнасымды ойыншықтардың әсері екенін есте ұстаған жөн. Осыдан келіп жетілетін т ә н тазалығы, міндетті түрде ж а н сергектігімен ұласады. Бұл – е к і ж ү й е н і ң жарыса жетілуі, әсіресе балбөбек кезеңінде аса үрдіс қарқын алатынын ұмытуға болмайды.
Осы шақтағы ойыншықтардың түрлі түсті әртүрлі
Ойыншықтары. формада, шығаратын дыбыстары ашық болуы шарт.
Осы балбөбек кезеңінен бастап, ұлға – ойыншықтың техникалық түрлері ұнаса, қызды – қуыршақтың түрлі түсті сүйкімділері қуантады.
Ойын ­ бала үшін қызығы мол, қиындығы көп еңбек?! Тәрбие берудің ең пәрменді жолы. Барлық ұғымдар мен түсініктерді, бала осы ойындарының мәні мен мазмұнына қарай анықтайды. Тіпті, баланың бойындағы тектік қасиетері мен ата-баба зерделері де ойын үстінде оянатындығын тәрбиеші қауым білуге міндетті. Біздердің осы күнге дейін жүргізіп келген тәрбие үлгілерінде, баланың жандүниесінің жетілуін және түйсіктің тереңінде жатқан қасиеттерді оятуды ойламақ түгіл, тіпті кәпірімізге де келмегені анық. Осының салдарынан болар, қазіргі ұрпақтың бойындағы қатыгездік пен инабатсыздық ерекше асқынумен қоса, тіпті тіршілігіміздің ең ауыр зауалына айналып бара жатқанын мойындауымыз керек. Мұны мойындап қою аз, қалайда онан тез арада ұрпағымызды арашалап қалу үшін, шынайы негізделген халық педагогикасының арқауына сүйенбей болмайды. Бұл мәселеге, ендігі жерде бойкүйездік таныту пендешілік болмақ.
Тағыда бір ескеретін жай, балаға қарындаш пен пластилин қандай қажет болса, суреті мол шағын кітаптардың игілігін сөзбен жеткізу қиын. Кітапқа деген сүйіспеншілік осы кезден-ақ қалыптаса береді.
* * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет