Сөз бостандығын қорғау Халықаралық қоры жанындағы ақпараттық таластар бойынша Қоғамдық сараптама орталығы мамандарының қорытындысы



жүктеу 102.17 Kb.

Дата27.02.2017
өлшемі102.17 Kb.

"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау Халықаралық қоры 

жанындағы ақпараттық таластар бойынша Қоғамдық сараптама 

орталығы мамандарының қорытындысы

Алматы қаласы                                                              24 ақпан 2011 жыл

"Әділ   сөз"   сөз   бостандығын   қорғау   халықаралық   қоры   жанындағы 

ақпараттық таластар бойынша Қоғамдық сараптама орталығының жетекшісі 

Г.Х.Әженованың −   16 ақпан, 2011 жылғы тапсырысы бойынша құрылған 

комиссия   мүшелері   −   филология   ғылымдарының   докторы  (аты-жөні) 

(мамандығы: 10.02.02  қазақ тілі, 10.02.19  тіл теориясы, ғылыми стажы − 19 

жыл) ұсынылған деректерге түсінік беру мақсатында арнайы лингвистикалық 

танымдар негізінде келесі сұрақтарға зерттеу жүргізді.

Түсінік беру үшін қойылған сұрақтар:

1. Жарияланымдар қандай жанрда жазылған және автордың көздеген 

мақсаты қандай?

2.   Ұсынылған   деректерде   Шардара   ауданының   әкімі   Марғұлан 

Марайым туралы негативті (негізсіз, жағымсыз) ақпарат бар ма? 

  егер   негативті   ақпарат   берілсе,   ол   қандай   формада   айтылған: 

тұжырым, пікір, баға беру, жорамалдау түрінде ме?

3. Ұсынылған деректерде аталған талапкерге қатысты әдепсіз формада 

берілген фразалар, сөздер, сөз тіркестері кездесе ме?

Зертеу нысаны және істің материалдары:

1.   "Шардара   тынысы"   газетінің   12   қараша   2010   жылғы   санында 

жарияланған   "Бейсембек   Бибосыновтың   ендігі   тағдыры   қандай   болмақ?" 

атты мақаланың ксерокөшірмесі. 

2.   "Шардара   тынысы"   газетінің   19   қараша   2010   жылғы   санында 

жарияланған   "Бейсембек   Бибосыновты   қудалау,   азаматтық   құқын   таптау 

аудан   әкімінің   аппаратында   ұйымдастырылған"   атты   мақаланың 

ксерокөшірмесі.

3.   "Шардара   тынысы"   газетінің   26   қараша   2010   жылғы   санында 

жарияланған "Аңызға айналған әулие мен көрнекті қайраткердің әруақтары 

қорланатын іс болды" атты мақаланың ксерокөшірмесі.

Мамандар   сараптамалық   талдау   барысында   төмендегі   түсініктерді 

негізге алды. Мәтіндегі ақпарат тұжырым, пікір, баға беру, жорамал түрінде 

берілуі мүмкін.



Тұжырым − бұл қандай да бір жағдаятты бекітіп, нақтылайтын кесімді 

ой,   пайымдау   (Большой   толковый   словарь   русского   языка   /   Под   ред. 

С.А.Кузнецова.    СПб, 1998). Логикалық сөздікте тұжырым − кесімді ой, ол 

нысан мен оның белгілерінің байланысын білдіреді деген анықтама берілген 

                                                                                                                        


(Кондаков Н.И. Логический словарьсправочник. - М., 1975). Грамматикалық 

жағынан бекітілген пікір лепті және хабарлы сөйлем түрінде беріледі.

Дерек   не   жағдаят   туралы   және   оларды   анықтау   туралы   тұжырым 

мәтінде сенімсіздікті, күмәнді білдіретін арнайы қыстырма құрылымдардың 

(конструкциялардың)   қатысуынсыз   немесе   хабардың   дәлдігін   көрсететін 

сөздердің қатысуымен де танылады (мысалы,  белгілі, дәл, айқын, күмәнсіз, 



шын   мәнінде  т.б.).  Тұжырым   рас   не   жалған   болуы   мүмкін.  Тұжырымның 

растығын (нақтылығын) немесе жалғандығын (нақты еместігін) анықтау үшін 

тұжырымның   растығын   ақиқатпен   салғастырып   барып   көз   жеткізу   керек. 

Пікір   тек   тексеріп   барып   растығы   анықталғанда   ғана   дерекке   (фактіге) 

айналады.   Сұраулы   сөйлем   (жекелеген   түрінен   басқасы)   нақты   бекітілген 

пікірді білдірмейді.



Деректер   (фактілер),   жағдаяттар,   жеке   тұлғалар  туралы   пікірдің 

кесімді   ой   жайында   пайымдаудан   айырмашылығы   −   ол   пікір   білдірушіні 

нақты нұсқап байқата алады. Пікір мәтіндегі белгілі сөздер мен құрылымдар 

арқылы   беріледі   (мысалы,  менің   ойымша,   мен   есептеймін,   деп   ойлаймын 

т.б.). Егер мұндай сөздер, құрылымдар болмаса, онда мәтіннен (хабар алушы 

адам)   пікірмен   емес,   тұжырыммен   ғана   таныс   деген   сөз.   Пікірдің 

тұжырымнан айырмасы − ол нақты (рас) немесе жалған болмайды, дегенмен 

шындық   болмыстың   деректері,   жағдаяттары   арқылы   дәлелденуі   не 

дәлелденбеуі мүмкін.

Пікір және мәліметтер. Кез келген ақпарат (мәлімет) тұжырым немесе 

жорамал түрінде берілуі мүмкін. Пікір деректер негізінде да немесе негізсіз 

туу да мүмкін. Адам саналы түрде фактілерді тиімді бағалай келе немесе неге 

олай айтып тұрғанын ойланбастан, өз сөзіне өзі есеп берместен өзінің пікірін 

қалыптастыруы   мүмкін.   Ауызша   не   жазбаша   пікірдің   деректер   туралы 

пайымдаудан айырмашылығы − ол пікір білдірушіге тікелей қатысты болып 

келеді.   Пікірде   шындықтың   нақ   өзі   туралы   емес,   сөйлеушінің   сөзінде 

шындық қаншалықты бейнеленгендігі туралы тұжырым (көбінесе жасырын) 

өте жиі кездесетінін байқауға болады. Мысалы: Мен Ахметовті жалқау деп 

ойлаймын, себебі  ол кешікті.  Мұнда бағалауыштық пікір бар  (Ахметов  − 

жалқау).  Бұл пайымдау  "Ахметов кешікті"  деген жалпыға белгілі дерекке 

негізделген.



Жорамалдың  дерек   туралы   тұжырымнан   айырмашылығы   −   ол 

сенімсіздікті,   күмәнді,   жағдаяттың   болуы   мүмкіндігін   білдіретін   арнайы 

сөздерді қамтиды (мысалы,  мүмкін, ықтимал, көрініп тұрғандай, шамамен,  

ойынша  т.б.).   Мәтін   авторы   келтіріп   отырған   дәлелдерін   алдынала 

байқатқысы   келгенде   және   оның   ақиқаттығына   сенімсіз   болған   жағдайда 

жорамал, шынында да пікір білдірудің бір түрі болып табылады.

Дерекке, жағдаятқа, тұлғаға берілетін баға. Баға мәтіндегі жекелеген 

бағалауыштық   сөздер   мен   құрылымдарда,   сондайақ   мағынасына   қарай 

"жақсы/жаман" элементтерін немесе олардың нақты бір түрін (залым, ақкөңіл 

т.б.) көрсететін эмоционалдыэкспрессивті, бейтарап сөздерде айқындалады. 

Жағымды   баға   берілген   жағдайда   ("жақсы"   элементі   және   оның   нақты 

                                                                                                                        



түрлері) позитивті ақпарат туралы сөз етуге болады. Жағымсыз баға берілсе 

("жаман"   элементі   және   оның   нақты   түрлері),   онда   жағымсыз   (негативті) 

ақпарат туралы сөз қозғауға болады. Бағалаудың шын немесе жалған болуы 

мүмкін   емес,  дегенмен   оның   да   пікір   секілді   шындық   (объективті) 

болмыстың деректерімен не дәлелденуі не дәлелденбеуі мүмкін.

Жағымсыз ақпарат − бұл жағымсыз компонентті қамтитын ақпарат.

Арнамыс  −  бұл  жеке  тұлғаға  берілген   қоғамдық  баға,  оның  рухани 

және әлеуметтік қасиеттерінің өлшемі.



Абырой  −   жеке   тұлғаның   өз   мүмкіндігін,   өмірге   көзқарасын,   өзінің 

қоғамдағы орнын іштей бағалауы.



Кір  келтіретін   мағлұмат  −   азаматтың   заң   мен  қоғамның   моралдық 

ұстанымдарын (принциптерін) сақтау  тұрғысынан  қоғам немесе жекелеген 

азаматтардың алдында ары мен абыройын түсіретін шындыққа жанаспайтын 

мәліметтер.



ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

Кез келген журналистік материал − біртұтас сөйлеу туындысы, демек 

оның   құрамындағы   тіл   бірліктері,   тәсілдер,   оларды   қолданудың   жолдары 

белгілі бір мәтін шегінде ұйымдастырылуы өзара байланысты және бірбіріне 

қатысты болып келеді.  Сол себепті мәтіннің әрбір тілдік бөлшегі (сөз, сөз 

тіркесі,   сөйлем,   абзац)   тұтас   мәтін   бойында   және   мәнмәтін   (контекст) 

аясында талданады.

Қойылған сұрақтардың өзара байланыстылығы ескеріле отырып, олар 

материалдардың   әрқайсысына   жасалған   лингвистикалық   зерттеулермен 

бірлікте шешілді. Зерттеуде негізгі сөздерге контентталдау, пікір айтылған 

мәнмәтіндегі,   фразадан   тыс   бірліктердегі   негізгітірек   сөздерге   лексика-

семантикалық,   семантикасинтаксистік,   стилистикалық   талдау   әдістері 

қолданылды. 

Баяндауға   ыңғайлы   болу   үшін   мәтіннен   келтірілген   сөйлемдер 

(үзінділер)  курсив  белгімен, мәнмәтінде қолданылған лексикалық бірліктер, 

тіркестер, фразалар қою белгімен ерекшеленіп көрсетілді.



1.   Жарияланымдар   қандай   жанрда   жазылған   және   автордың 

көздеген мақсаты қандай?

Ұсынылған   материалдар   публицистика   жанрында   жазылған   сыни 

мақалалар.   Авторлары   −   Жұмабек   Мұқанов   және   газеттің   өз   тілшісі. 

Материалдар   аудан   ішінде   орын   алған   келеңсіз   жайттардың   мәнжайын 

сипаттап, талдап, ізбеіз жалғасқан ақпараттарды баяндаған өзара мазмұндас 

үш мақаланы қамтиды. Алғашқы екі мақаланың ("Бейсембек Бибосыновтың 



ендігі   тағдыры   қандай   болмақ?"  және  "Бейсембек   Бибосыновты   қудалау, 

азаматтық құқын таптау аудан әкімінің аппаратында ұйымдастырылған")  

жазылуына автордың сипаттауында дарынды әнші, ҚР Мәдениет қайраткері, 

Шардара   аудандық   мәдениет   және   тілдерді   дамыту   бөлімінің   бастығы 

Бейсембек   Бибосыновтың   қызметінен   шеттетілуіне   байланысты   туындаған 

дау-дамай   себеп   болған.   Келесі   мақалада  ("Аңызға   айналған   әулие   мен 

                                                                                                                        



көрнекті   қайраткердің   әруақтары   қорланатын   іс   болды")   Шардара 

қаласындағы   Нұртас   Оңдасынов   пен   Ұзыната   көшелерінің   атауларын 

ауыстыру туралы аудан әкімшілігі шешімінің аудан тұрғындарына жайсыз 

түсіп,   наразылық   тудырғаны   баяндалып,   көше   атауларының   ауыстырылу 

себептеріне зер салып, сыни талдау жасалған.

Мәтіндердің мазмұндықстильдік құрылымы ресми құжаттарға  (қаулы, 



хаттар) 

негізделген   деректерден   тарқатылып,   заңдық-құқықтық 

талаптармен сәйкестілігі сарапталған авторлық талдамалармен ерекшеленеді. 

Автор   нақты   деректерді   салыстыра   отырып,   болған   істің   мән-жайын 

анықтауға   талпыныс   жасайды,   түрлі   сауалдар   қойып,   жауап   іздеп,   адам 

тағдырына   араша   болуды   көздейді.   Күдікті   ойларын   сейілтіп,   әділ   жауап-

шешім алу үшін өкілетті орындарға, жоғары лауазымдағы басшыларға ашық 

хат мазмұндас сыни мақалалар жариялау арқылы күрмеулі мәселенің түйінін 

шешуге ұмтылыс жасайды.

Автордың  көздеген  мақсаты  − аудан аясында   орын алған  келеңсіз 

жайттарға бей-жай қарамай, шектен тыс әрекеттерді сынға ала отырып, аудан 

басшыларының,   құзырлы   орындардың   аудан   тұрғындарының   заңдық 

құқықтық  нормаларының  сақталуын  жіті  қадағалап,   жан-жақты  келісілген, 

толыққанды,   салмақты   шешімдер   шығарып,   аудан   жұртшылығының 

әлеуметтікматериалдық   жағдайына   зер   салып,   қолда   бар   мүмкіншіліктерді 

мейлінше жетік пайдаланып, жаңа заманға лайық белсенділік таныту қажет 

екендігіне назар аударту.



2.   Ұсынылған   деректерде   Шардара   ауданының   әкімі   Марғұлан 

Марайым туралы негативті (негізсіз, жағымсыз) ақпарат бар ма? 

  егер   негативті   ақпарат   берілсе,   ол   қандай   формада   айтылған: 

тұжырым, пікір, баға беру, жорамалдау түрінде ме?

Мәтіндерден   келтірілген   үзінділердің   қай-қайсысы   да   мәтіннің 

мәнмәтіндік   (контекстік)   мағынасымен   өзара   астасып,   қабысып 

жатқандықтан,   лингвистикалық   сараптамада   біртұтас   мазмұнды 

айқындайтын семантикалық-стилистикалық талдауға баса назар аударылды. 

Ұсынылған деректерде  аталған  тұлғаға  қатысты  мынадай мәліметтер 

қамтылған:

1.  «Шардара   тынысы»   газетінің   2010   жылғы   10   қыркүйек   №39  



санында   Сырдария   аймағы   бойынша   ауданаралық   қаржы   полициясының  

бастығы   Ж.Әбдікәрімовтың   Шардара   ауданының   әкімі   М.Марайымға  

қызметінен   уақытша   шеттетілген   «Шардара   аудандық   мәдениет   және  

тілдерді   дамыту   бөлімінің   бастығы,   азамат   Б.Бибосыновты   бұрынғы  

лауазымында ары қарай қызмет атқару мәселесін шешуіңіз қажет екенін  

ескертемін» деген мәтінде жолдаған хаты жарияланған.

Сонымен   қатар   осы   нөмірде   аудан   әкімі   М.Марайымның   «Аудан  

әкімінің   2010   жылғы   25   наурыздағы   «Б.Бибосыновты   лауазымдық  

міндеттерін атқарудан уақытша шеттету туралы» №1-860 өкімінің күшін  

жою туралы» қаулысы жарияланған». 

                                                                                                                        



Мәтіндегі   журналистік  зерттеудің   бастамасы   болып   табылатын   бұл 

дерек   ілгерідегі   талдаулардың   мазмұндық   астарын   тарқатады.   Келтірілген 

үзіндіде   баспасөз   бетінде   жарияланған   ресми   құжатқа   негізделген   аудан 

әкімінің өкілеттілігімен жасалған іс-шараның нәтижесі берілген. Автордың 

назарына   іліккен  «Б.Бибосыновты   лауазымдық   міндеттерін   атқарудан 

уақытша шеттету»  және  «...уақытша шеттету туралы» №1-860 өкімінің 

күшін жою»  деген оралымдар екі мақалада да  ("Бейсембек Бибосыновтың 

ендігі   тағдыры   қандай   болмақ?"  және  "Бейсембек   Бибосыновты   қудалау, 

азаматтық құқын таптау аудан әкімінің аппаратында ұйымдастырылған") 

баяндалған,   талданған,   сыналған   жайттардың   өзегіне   айналған.   Аудан 

әкімінің шешімін айқындайтын тұжырым авторы бұл үзіндіде - кейіпкердің 

өзі.   Журналист-автор   осы   тұжырымның   себеп-салдарын   айқындайтын   13 

түрлі сауалға жауап іздейді, заң орындарынан істің мән-жайын нақтылауды 

сұрайды, билік орындарына қатысты өз көзқарасын білдіреді. 

2.  «Б.Бибосынов   5   ай   бойы   қызметінен   негізсіз   шеттетілген   ұзақ  

мерзімде   аудан   әкімі   М.Марайым   мен   «Нұр   Отан»   партиясы   аудандық  

филалының   басшылары   мен   мүшелері   Мәдениет   және   тілдерді   дамыту  

бөлімі сияқты өте мәртебелі мемлекеттік мекеменің бастығы, мемлекет  

қызметкері және «Нұр Отан» партиясының мүшесінің тағдырына алаңдап  

қаржы полициясына жағдайды білу үшін бірде-бір хат жолдамаған. «Жаны  

ашымастың қасында басы ауырмас» деген осы. «Әкім бол, халқыңа жақын  

бол!   деген   ұлағатты   сөз   қайда   қалды?   Әлде   далада   жатқан   дарын,   ар-

намысын таптай салатын, әркім қолжаулық етіп ойнай беретін Қазақстан  

Республикасының және Шардараның азаматы бар ма  екен?» 

Келтірілген   үзіндіде   нақыл   сөздермен   көмкерілген   риторикалық 

сауалдар   дарынды   азамат   Б.Бибосыновқа   құзыретті   орындар   басшылары 

тарапынан қажетті қолдау көрсетілмей, шеттетіліп қалғандығына наразылық 

танытқан автордың наз-пікірін білдіріп тұр.

3.   «Елбасы   басшылығындағы   партияның   мүшесі   ретінде   елге, 



азаматтарға қамқор болуға жарамайтын лауазым иелері болатын болса –  

олар шұғыл түрде отставкаға кетуі керек! Егер олар өз беттерімен шешім  

жасай алмайтын болса, бұл мәселені  біздер, ерік-жігері мол, батылдығы  

мен   ерлігі   жететін   адал   ниетті   азаматтар   Президенттің   алдына   да,  

облыс   әкімі   А.Мырзахметовтің   алдына   да   қоя   аламыз.   Біз   бұл   мәселені  

ЕҚЫҰ   Саммитіне   үлкен   деңгейде   халықтық   жиындар   мен   ақпарат  

құралдары арқылы мәлімдейміз» деген шарттармен автор аудан басшылығы 

қызметінің   сын   көтермейтіндігін  «Шардаралықтардың   да   шыдамы  



таусылатындай аса күрделі жағдайлармен бетпе-бет келіп тұрмыз» деген 

оралымдар арқылы аудан жұртшылығының налыған күйін сипаттауы «олар 



шұғыл түрде отставкаға кетуі керек!»  деген түйінге жетелейді. Мәтіннен 

келтірілген   бұл  мәліметтерде   аудан   тұрғындарының   тынысы   автор   үнімен 

сабақтасып қосүнділік сипатындағы бағалауыштық пікірді туындатқан.

4.  «Б.Бибосыновқа   жасалған   қиянат   бірінші   кезекте   аудан   әкімінің  



аппаратында   ұйымдастырылғаны   бізге   жақсы   мәлім.   Екінші   кезекте   –  

                                                                                                                        



Б.Бибосыновты   қудалау   қаржы   полициясынан   жолданған   хат   негізінде  

аудан   әкімі   М.Марайымның   2010   жылғы   12   қаңтарда   берген   сөгісінен  

басталған. Осы жылдың 25 наурыз айында тағы да қаржы полициясының  

пәрменімен   қызметінен   шеттетіліп,   бақандай   бес   ай   бойы   тағдырдың  

тәлкегіне   түсті.  9  қыркүйек   күні  ол   аудан  әкімінің   өкіміне   сәйкес   қайта  

отырғызылды». 

Мәтіннің кіріспе бөлігіндегі баспасөз арқылы берілген деректер (қаржы 

полициясы   бастығының   хаты,   аудан   әкімінің   қаулысы)   көпшілікке   мәлім. 

Б.Бибосыновтың   тағдырына   алаңдаған   жергілікті   халықтың   назары   аудан 

әкімі   мен   әкімшілігінде   болатындығы   белгілі.   Үзіндіде   келтірілген   нақты 

деректер   басшылық   тарапынан   қабылданған   шешімдердің   тұрақсыздығын 

аңғартады  және  мұндай  әрекеттер   көпшіліктің  көкейіндегі  күдікті  ойларға 

себепші   болады.   Осындай   пікір-толқулар,   тұрақсыздық   салдары 



«Б.Бибосыновқа   жасалған   қиянат   бірінші   кезекте   аудан   әкімінің 

аппаратында   ұйымдастырылғаны   бізге   жақсы   мәлім»  деген   авторлық 

тұжырым жасауға негіз болған.

Журналистік зерттеудің бағыты да осы тақырыптың аясында жалғасып 

(«Бейсембек   Бибосыновты   қудалау,   азаматтық   құқын   таптау   аудан  

әкімінің   аппаратында   ұйымдастырылған»),   мәселенің   мәнісін   білуге 

ұмтылып, жиында ашық сөз сөйлеп («Бас редактор Ж.Мұқанов 12 қараша 



күні   облыстық   сот   төрағасы   А.Ж.Рахметуллиннің   аудан   жұртшылығы  

өкілдерімен   кездескен   жиында   не   деді?»),  аудан   әкімшілігіне   қатысты 

журналистік   пікірін   ашық   түрде   жариялап  («Аудандағы   мәртебелі   бөлім 



бастығы,   мемлекеттік   қызметкер,   «Нұр   Отан»   партиясының   мүшесіне  

әділетсіздікпен   жасаған   қиянаттары   үшін   аудан   әкімі   М.Марайым,  

аппарат   басшысы   Б.Рүстемов,   аудан   әкімінің   орынбасары   Б.Шомпиев  

отставкаға кетуі тиіс»), құзыретті орындарды ашық әңгімеге шақырады. 

Мәтін   мақала   түрінде   «Шардара   тынысы»   газетінің   2010   жылғы   19 

қарашасында   газеттің   өз   тілшісінің   баяндауымен   жарияланған.   Мәтін 

мазмұны   авторлық   баяндау   (тілші)   мен   журналист   Ж.Мұқанов   пен   әнші 

Б.Бибосынов сөздерінен құрылымданған.

5.  «Тағдыр   талқысына   ұшыраған   өнер   адамдарына   араша   болып,  



күреске түсуге бел буған Жұмабек Мұқанов былай дейді:

-   Аудан   әкімі   М.Марайым   өз   еркімен   отставкаға   кетуі   керек.   Нақ  

осындай ұйғарымды Б.Рүстемов пен Б.Шомпиев та жасауы тиіс! Олар Ата  

заңымыздың 1-бабында жазылған «Қазақстан Республикасының ең қымбат  

қазынасы   адам   және   адамның   өмірі,   құқықтары   мен   бостандықтары»  

деген Конституциялық талаптардың тас-талқанын шығарып отыр. Және  

аудан   әкімі   М.Марайым,   Б.Рүстемов,   Б.Шомпиевтер   мұндай   сұмдық  

әрекеттерге   ЕҚЫҰ-ның   Астана   Саммиті   өтетін   жылы   өздерінің  

қызметтік   лауазымдарын   шектен   тыс   асыра   пайдаланып   жасап  

отырғандығын кешіруге болмайды».

Келтірілген   үзіндіде  автор   (тілші)   Ж.   Мұқановтың   жиында   сөйлеген 

сөзін   беру   арқылы   журналистік   зерттеудің   нәтижесінен   туындаған   пікір-

                                                                                                                        



байламды   жария   еткен.   Автор   әнші   Б.Бибосыновтың   аппарат   басшысы 

Б.Рүстемовке,   аудан   әкімінің   орынбасары   Б.Шомпиевке   қатысты   өзі 

баяндаған мәліметтерін де оқырман талқысына ұсынған. 

6.  Автордың  «Барлығы да аудан әкімі тарапынан болған пәрмен мен  



қала   әкімі   қосарланып   ұйымдастырылған,   өздерінше   қулығына   құрық  

бойламайтын   құйтұрқы   шаруа.   Әруақ   қорлайтын   көргенсіз   істің  

бастамашысы да – аудан әкімі Марғұлан Марайым болғандығы дәлелдеуді  

қажет етпейді» деген тұжырымдауы мәтін мазмұнын тарқатқан «Шардара 

аудандық   маслихаты   мен   аудан   әкімдігі   қабылдаған   2009   жылғы   28  

қазандағы қаулысына»  наразылықтан туындаған. Мәтіннің өн бойында осы 

шараға қатысып, куәгер болған ауыл (көше) тұрғындарының қайшылықты 

пікірлері беріліп, аудан әкімінің бұл әрекеті авторлық сыни талқыға түскен.

7.  «Марғұлан   Зұлқарнайұлы   Нұртас   Оңдасыновпен   бірнеше   атадан  



қосылатын рулас ұрпағы екендігін әрдайым мақтаныш етіп айтып жүреді»

8.  «...Осы   үш   Анық,   үш   Тазалықты   біз   М.Марайымның   ісінен   де,  



бойынан да көре алмай жүрген сияқтымыз. Осындайда «Жақсыдан жаман  

туады, жарамды бір теріге алғысыз» деген нақыл сөз еріксіз еске түседі  

екен.   «Көргенсіз   дегенге   өкпелеме,   көргеніңнен   көрмегенің   көп»   деп  

осындайда айтылатын шығар». 

Бұл сөйлемдер мазмұны аудан әкімі М.Марайымға қатысты, мәтіннің 

біртұтас   мазмұнынан   бірнеше   ғасырлық   тарихы   бар   көше   атауларының 

ауыстыру   туралы   шешім   қабылдаған   аудан,   қала   әкімшілігі   іс-әрекетінің 

ауыл   жұртын   құжат   рәсімдеу   әбігеріне   салғаны   аудан   әкіміне   сын   болып 

тағылып, нақыл сөздермен, уытты тілмен әкім билігіне авторлық сипаттама 

берілген. Авторды толғандырған ойлар «Бүгінгі Шардараның билігі халыққа  

жақсылық жасаудың орнына арагідік имансыздық істерге ұйытқы болып  

жүр»  деген   сөйлемдермен   түйінделіп,   жергілікті   билікке   қатысты 

бағалауыштық пікірін танытады.

Ұсынылған   мәтіндердің   жалпы   мазмұны   аудандағы   билік   орындары 

тарапынан   жүзеге   асырылып   жатқан   іс-шаралардың   келеңсіздігін   сынға 

алып, жағымсыз сипат берген. Мәліметтер авторлық пікірден, бағалауыштық 

сипатқа, тұжырымға ойысқан сыни талдаулар мен экспрессивті астарлауға 

негізделген. 

3.   Ұсынылған   деректерде   аталған   талапкерге   қатысты   әдепсіз 

формада берілген фразалар, сөздер, сөз тіркестері кездесе ме?

Мәтіндер мазмұны журналистік зерттеу, талдауға негіз болған ресми 

құжаттар,   нақты   мерзімдік   деректер,   кейіпкерлер   сөзімен   салыстырмалы 

сипатта ашылған. Аралас стильдегі авторлық қолданыстарда аталған тұлғаға 

қатысты әдепсіз фразалар, сөздер, сөз тіркестері кездеспейді. 

Автордың жергілікті билікке деген көзқарасын, бағалауыштық пікірін 

айшықтайтын   сөйлемдерде  «Жаны   ашымастың   қасында   басы   ауырмас»,  

«Әкім бол, халқыңа жақын бол!, «Жақсыдан жаман туады, жарамды бір  

теріге алғысыз», «Көргенсіз дегенге өкпелеме, көргеніңнен көрмегенің көп»  

сынды бірқатар экспрессивтік мәндегі образды сөздер қолданылған.

                                                                                                                        


ҚОРЫТЫНДЫ

1.   Ұсынылған   материалдар   публицистика   жанрында   жазылған  сыни 

мақалалар. Материалдар аудан ішінде орын алған келеңсіз жайттардың мән-

жайын   сипаттап,   талдап,   ізбеіз   жалғасқан   ақпараттарды   баяндаған   өзара 

мазмұндас үш мақаланы қамтиды. 

Автордың   көздеген   мақсаты   −  аудан   аясында   орын   алған   келеңсіз 

жайттарға бей-жай қарамай, шектен тыс әрекеттерді сынға ала отырып, аудан 

басшыларының,   құзырлы   орындардың   аудан   тұрғындарының   заңдық 

құқықтық  нормаларының  сақталуын  жіті  қадағалап,   жан-жақты  келісілген, 

толыққанды,   салмақты   шешімдер   шығарып,   аудан   жұртшылығының 

әлеуметтікматериалдық   жағдайына   зер   салып,   қолда   бар   мүмкіншіліктерді 

мейлінше жетік пайдаланып, жаңа заманға лайық белсенділік таныту қажет 

екендігіне назар аударту.

2. Ұсынылған мәтіндердің жалпы мазмұны аудандағы билік орындары 

тарапынан   жүзеге   асырылып   жатқан   іс-шаралардың   келеңсіздігін   сынға 

алып, жағымсыз сипат берген. Мәліметтер авторлық пікірден, бағалауыштық 

сипатқа, тұжырымға ойысқан сыни талдаулар мен экспрессивті астарлауға 

негізделген. Олар зерттеу бөлімінің 37 беттерінде талданады. 

3. Ұсынылған деректерде аталған талапкерге қатысты автор тарапынан 

әдепсіз   формада   берілген   фразалар,   сөздер,   сөз   тіркестері   кездеспейді. 

Аралас стильдегі авторлық қолданыстарда жергілікті билікке деген көзқарас, 

бағалауыштық пікір экспрессивтік мәндегі образды сөздермен айшықталған.

Филология ғылымдарының докторы      ____________   мөр басылады

                                                                                                                        



Пайдаланылған әдебиеттер

Сөздіктер:

1. Қазақ тілінің сөздігі / Жалпы ред. басқарған Т.Жанұзақов.  Алматы: 

ДайкПресс, 1999. 776 б.

2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.    Алматы: Ғылым, 19741986.  110-

томдар.

3. Синонимдер сөздігі.  Алматы: Арыс, 2007. 



4. Кеңесбаев С. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.  Алматы, 1977.

5. Лингвистический энциклопедический словарь.  М., 1990.

6. Кондаков Н.И. Логический словарьсправочник.  М., 1975.

7. Словарь основных терминов судебных экспертиз.  М., 1980.



Ғылыми әдебиеттер:

8. Омашев Н. Ақпарат әлемі.  Алматы, 2006.

9. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. 2басылымы. Оқулық.  Алматы: Санат, 

1991.


10. Қалиев Ғ. Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен 

фразеологиясы.  Алматы: Дәуір, 2003.

11.   Қарымсақова   Р.   Лингвистикалық   қауіпсіздік   /   Жүз   жағдай    жүз 

кеңес. Журналистерге көмек.   Алматы: "Әділ сөз",  2007.  91142б.

12.   Лингвистическая   экспертиза   спорного   текста   /   Отв   ред. 

Г.Х.Аженова.  Алматы: "Әділ сөз", 2009. 140 с.

13.   Стандартная   методика   исследования   объектов,   содержащих 

признаки   оскорбления   чести,   достоинства   и   деловой   репутации   личности. 

Пособие для экспертов.  Алматы:  изд. ЦСЭ МЮ РК, 2002.

14. Цена слова: Из практики лингвистических экспертиз текстов СМИ в 

судебных   экспертизах   и   информационных   спорах:   Сборник   материалов 

научнопрактического семинара. Часть 2.  М., 2002.

15.   Памятка   по   вопросам   назначения   судебной   лингвистической 

экспертизы.  М., 2004.

16.  Баранов   А. Н. Лингвистическая   экспертиза   текста:   теория   и 

практика: учеб. пособие. - М., 2007. 

17.

 Бринев   К. И. Теоретическая   лингвистика   и   судебная 



лингвистическая экспертиза, Барнаул, 2009. 

                                                                                                                        






©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал