83
13. Кітапханаға бір бумада 8 данадан 64 оқулық және бір бумада 30 данадан
120 көркем әдебиет кітаптарын әкелді. Барлығы қанша бума кітап әкелінді?
14. Жарысқа әрбір орамада 9 данадан 27 көк түсті футболка және әрбір
орамада 8 данадан 32 қызыл түсті футболка әкелді.
Жарысқа барлығы
қанша орама футболка әкелді?
15. Мектеп бау-бақшасында балалар бірінші күні 60 кг алма терді және
оларды әрбір жәшікке 12 кг-нан салды, ал екінші күні 36 кг
теріп,
жәшіктерге 18 кг-нан салып қойды. Екі күнде алмаға қанша жәшік керек
болды?
16. Жұмыскерлер екі пойызбен құрылысқа кетті. Бір пойызда әрбір
вагонында 60 адамнан 850 адам, ал екіншісінде әрбіреуінде 60-тан 840 адам
кетті. Жұмыскерлерді жөнелту үшін қанша вагон қажет болды?
(120,31,17,10)
17. Кәдімгі қолтырауынның ұзындығы 19 м 50 см, ал
екі аллигатордың
ұзындығы 11 м 60 см. Егер қолтырауындар мен аллигаторлардың
ұзындықтары орта шамамен алганда біркелкі десек,
кәдімгі қолтырауын
мен аллигатордың жалпы ұзындығы қанша?
18. Батыс Афрйкада бойы 2 м-ге дейін жететін ең үлкен маймыл горилла, ал
Мадагаскарда бойы 20 см-ге дейін жететін ең кішкентай маймылдар
мекендейді. Бес үлкен гориллалар салмағы 1000 кг, ал елу кішкентай
маймылдар - 12 кг 500 г. Бір кішкентай
маймыл мен горилланың жалпы
салмағы қандай?
19. Қызанақ немесе томаттың Отаны - Оңтүстік Америка. Онда ірі
селекциялық сұрыптытоматтан басқа ұсақ арамшөп түріндегі томатта
кездеседі. 4 ірі селекциялық томаттың сапмағы 3 кг 800 г, ал 14 ұсақ
арамшөп түріндегісінікі - 28 г. Бір селекциялық
және бір ұсақ арамшөп
томатының салмағы және екеуін бірге қосқандағы салмағы қандай болады?