Сөз есептер жинағы Мәтін есептермен жұмыс жасау енді тіптен оңай!



Pdf көрінісі
бет19/67
Дата06.10.2023
өлшемі1,41 Mb.
#112919
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67
 
 
 
 
 
 


65 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Құрама есептер
27. Ойыншықтар жиынтығында 5 машина бар, ал солдат ойыншықтар 3 
есеге көп. Осындай 4 жиынтықта қанша ойыншық бар? 
28. Бір жиынтықта 6 шыныаяқ және 6 табақша бар. Осындай 5 жиынтықга 
қанша шыныаяқ және табақша бар? 
29. Ауылда 4 мектеп бар, ал қалада - 9 есе көп. Қала мен ауылдағыны бірге 
қосқанда қанша мектеп болады? 
30. Бақшадан 300 кг картоп, ал сәбіз 2 есе аз жиналды. Барлығы қанша 
көкөніс жиналды? 
31. Дүкенде фильмдері бар 48 диск болды, ал фильмдері бар дискілерге 
қарағанда, ойындарымен - 6 есе аз, ал ойындары бар дискілерге қарағанда, 
сөздікпен 2 есеге аз болды. Сөздігі бар қанша диск болды? 


66 
32. Хрестоматияда 21 ертегі, повестер – 3 есе аз, ал повестке қарағанда, 
әңгімелер – 2 есе көп. Хрестоматияда қанша әңгімелер бар? 
33. Сервизде 18 тәрелке бар, тәрелкеге қарағанда шыныаяқ - 3 есе аз, ал 
шыныаяққа қарағанда салат салатын ыдыс - 2 есеге аз. Сервизде қанша 
салат салатын ыдыс бар? 
34. *Дарын 16 ертегі оқыды, ертегіге қарағанда, әңгімелерді 3 есе көп 
оқыды. Ал әңгімелерге қарағанда өлеңдерді 2 есе аз оқыды. Дарын қанша 
өлеңдер, әңгімелер, ертегілер оқып шықты? 
35. Мерекеге пісірілген креммен 25, ал шоколад кремімен 4 есе көп тәтті 
тоқаш сатып алынды. Барлығы қанша тәтті тоқаш сатып алынды? 
36. Супермаркетте үш сөреге 860 қорап шырын орналастырды. Бірінші 
сөреге 140 қорап, екінщісіне біріншіге қарағанда - 2 есе көп. Ал үшіншіге - 
қалғандарын. Үшінші сөреде қанша қорап шырын тұр? 
37. Дүкеннің 3 бөлімінде 75 адам жүмыс істейді. Ойыншық бөлімінде - 16 
адам, балалар киімі бөлімінде - одан 2 есе көп, ал қалғандары - кітап 
бөлімінде істейді. Кітап бөлімінде неше сатушы жүмыс істейді? 
38. Циркте 3 жылқы мен 5 ешкіге 51 кг шөп беріп тұрды. Әр жылқыға 12 кг 
шөп берілді. Әр ешкіге қанша кг шөп берілді? 
39. Суретші көрмеге 70 натюрморт салды, ал пейзаж суретін - 5 есе көп. 
Суретші барлығы қанша сурет сапды? 
40. Сатушы сөреге әр қатарға 20 данадан 12 қатар апельсин, ал алманы 3 
есеге көп қойды. Сатушы сөреге барлығы қанша жеміс қойды? 


67 
41.Ауылдан қалаға дейін жүк көлігі 150 км жүріп келді, содан соң өзінің 
жүрген жолына қарағанда, үш есе аз жүру қалды. Қаладан ауылға дейінгі 
арақашықтықты тап. 
42. Үлкен аспашамда 20 шамнан 3 қатар, ал кішкентайында 4 есе аз шам 
бар. Үлкен және кішкентай аспашамда қанша шам бар? 
43. Жөндеу жұмыстарына 3 кг-нан 4 құты ақ сыр және одан 2 есе көп 
көгілдір сыр сатып алынды. Қанша майшыты (эмульсия) сатып алынды, 
егер ол көгілдір сырдан 6 есе аз екені белгілі болса? 
44. Үлкен аспашамда 20 шамнан 3 қатар бар, ал кішкентайында - 5 есе аз. 
Үлкен және кішкентай аспашамда барлығы қанша шам бар? 
45. Радиодан 36 эстрадалық ән және одан 6 есе аз романс жіберді. Барлығы 
қанша музыкалық шығарма жіберді? 
46. Супермаркеттің үш сөресіне қораптағы шырындар орналастырылды. 
Бірінші сөреге 140 қорап, екіншісіне біріншіге қараганда - 2 есе көп, ал 
үшіншісіне - қалғандары. Егер үшінші сөреде бірінші мен екінші 
сөредегінің қосындысындай шырын болса, үш сөреде қанша қорап шырын 
болды? 
47. Гүлдер көрмесіне 644 өсімдік ұсынылды. Бірінші залда 187 өсімдік, 
екіншіде - екі есе көп, ал қалғаны үшінші залға қойылды. Үшінші залда 
қанша өсімдік қойылды? 
48. Теледидардан бір аптаның ішінде 42 көркем фильм және 3 есе аз 
мультфильм көрсетті. Барлығы бір аптада қанша фильм көрсетілді? 
49. Дүкенге 320 кг алма, алмұрт 4 есе аз, ал өріктер алмұртқа қарағанда 5 
есе көп әкелінді. Дүкенге барлығы қанша жеміс түрі әкелінді? 


68 
50. *Саңырауқұлақ жинаушылар орманға 40 адамнан екі автобуспен және 
әрбіреуінде 5 адамнан 4 машинамен барды. Машинаға қарағанда, 
автобуспен қанша есе адам көп барды? 
51. Сауытта 120 тәрелке бар, шыныаяқтары тәрелкеге қарағанда 4 есеге аз, 
ал салат салатын ыдыс шыныаяқтан - 2 есе аз. Барлығы сауытга қанша ыдыс 
бар? 
52. Альбом 40 теңге, ал кітап бдан 3 есе қымбат тұрады. Барлығы қанша 
теңге тұрады? (83 теңге, 160 теңге, 120 теңге, 53 теңге) 
53. Теплоход 6 сағатта 180 км жүрді, ал машина 4 сағатта 360 км жүріп өтті. 
Теплоходгың жылдамдығы машинаның жылдамдығынан қанша есеге аз? 
(5,4,2,3 есеге) 
54. ® Лашын балапандарын ұясында 30 күн, ал қаршыға - 3 есе ұзақ 
тамақтандырады екен. Сонда қаршыға балапандарын ұясында неше күн 
тамақтандырады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет