Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге. Ақыл ісі — аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі — меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі — түю, талғау».
Сөз шыңды табар.
Сөз асылы мақал.
Сөз түбін сөз табар.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
Көп сөз — көмір,
Аз сөз — алтын.
Сөз сөзден туады,
Сөйлемесе неден туады.
Сөзге сөз келгенде,
Сөйлемесе атасы өледі.
Өлең — алтын,
Сөз — күміс.