Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі. Бүйрек трансплантациясы және диализ. Бүйрек трансплантациясы мен диализдің артықшылықтары мен кемшіліктері



Дата31.12.2021
өлшемі2,72 Mb.
#23556
түріСабақ
Байланысты:
12 сабақ Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі. Бүйрек трансплантациясы және диализ. Бүйрек трансплантациясы мен диализдің артықшылықтары мен кемшіліктері.

Сабақтың тақырыбы: Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі. Бүйрек трансплантациясы және диализ. Бүйрек трансплантациясы мен диализдің артықшылықтары мен кемшіліктері Сабақ мақсаты: созылмалы бүйрекжеткіліксіздігі не екендігін сипаттай алады бүйрек трансплантациясының және диализдің артықшылықтарымен кемшіліктерін талқылайды Бағалау критериі: созылмалы бүйрек жетіспеушілігін сипаттайды; -бүйрек жетіспеушілігінің негізгі себептерін анықтайды; -бүйрек жетіспеушілігінің белгілерін мен анықтау жолдарын сипаттайды; -бүйрек трансплантациясының артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайды және талқылайды; -диализдің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайды және талқылайды.

  • Бүйрек жетіспеушілігі-организмнен зәр арқылы шығарылатын заттардың нормадан ауытқуы,қанда азотты қалдықтардың жиналуы және бүйректің бөліп шығару қызметінің бұзылуы.
  • Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі –үш айдың көлемінде немесе одан да көп уақытта байқалатын бүйрек қызметінің қайтымсыз бұзылу синдромы.
  • Бүйректің созылмалы ауруының салдары:
  • -нефронның үдемелі өлуі;
  • -несепнәр ,креатинин,несеп қышқылы сияқты уытты әсері бар азот қалдықтарының көбеюі;
  • -организмнің зәрмен улануы;
  • -уремия (зәрлі қанның) дамуы;
  • Бүйректің созылмалы ауруларының салдарынан бүйрек жетіспеушілігіне алып келеді.

Бүйрек жетіспеушілігінің негізгі себептері

  • бүйректің шумақтақтық аппаратының зақымдануы;
  • «В» немесе «С» вирусты гепатиті;
  • 1,2 типтегі қант диабеті;
  • буынның ұстамалы ауруы:
  • созылмалы пиелонефрит;
  • бауырдың зақымдануы;

Бүйрек жетіспеушілігінің белгілері

  • әлсіздік ;
  • шаршау;
  • никтурия-түнде жиі несеп шығару;
  • несептің көп шығарылуы-тәулігіне 2-4 л несеп шығару; т.б

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігін анықтау жолдары:

  • зертханада жалпы қан талдауы;
  • қанды биохимиялық талдау;
  • несеп талдамасы;
  • Реберг-Тареев сынамасын жасау;

Бүйрек жетіспеушілігінің соңғы сатысы емі-бүйрек трансплантацисы мен диализ.

Бүйректі трансплантациялау-бір адамға екінші адамнан –донордан алынған бүйректі ауыстырып салудан тұратын хирургиялық ота жасау.

Бүйректі трансплантациялаудың артықшылықтары

  • диализ қажет емес;
  • диета шектелмейді.
  • физикалық жағынан жақсы сезінеді.
  • өзін созылмалы аурумен ауратын адам ретінде сезінбейді.
  • өмірін біршама ұзартуға мүмкіндік береді;

Бүйректі трансплантациялаудың кемшіліктері

сәйкес келетін донорды ұзақ күту;

- Бүйректің қабылданбауы мүмкіндігі;

-иммунодепрассанттарды қабылдау;

-арнайы маманның бақылауында болу;

-кейбір дәрілерден салмақтың артуы;

-жұқпалы ауруларды жұқтыру қабілетінің артуы

Диализдіңартықшылықтары

-донорлық бүйрекке қарағанда қолжетімді

-дәрілер қажет емес

-диализ 100% табысқа жетеді.

Диализдіңкемшіліктері

-тұрақты сеанстар қажет - аптасына 2 немесе 3 рет;

-ұзақ ем алу - 8 сағат;

-еркіндік пен қалыпты өмірдің аздығы;

-диетаны мұқият бақылап отыру керек;

Бүгінгі сабаққа арналған тапсырмалар:

1-тапсырма.Бүйрек жетіспеушілігінің себептерін,белгілерін, анықтау әдістерін пазлдарды топтастыру әдісімен орындау.

https://learningapps.org/display?v=po8x445nn20

2-тапсырма Бүйрек трансплантациясы мен диализге арналған текст жабу әдісімен орындау https://learningapps.org/display?v=pbosfqsra20

«Білімдеріңді тексеріңдер» тапсырмасын пайдаланып сабақты қортындылау.

1.Бүйрек жетіспеушілігі кезіндегі уремияны суреттеңдер

2. Бүйректі трансплантациялауға қарсы көрсеткіштер қандай?

3.Бүйрек трансплантациясында адамның жасына байланысты шектеулер бар



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет