Сөзжасамның теориялық ұғымдары



Pdf көрінісі
Дата25.03.2023
өлшемі86,2 Kb.
#76081
Байланысты:
Сөзжасамның теориялық ұғымдары (1)



Себепші негіздерден сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалып,
атау қызметін атқаратын белгілі құрылымдағы түбірлес туынды
сөздердің жиынтығы – сөзжасамдық ұя деп аталады. Мысалы:
біл, білім, білу, білгіш, білім, білгір, білімді, білімділік, білезік,
білмек; бір, бірік, бірізділік, бірыңғай, біршама, бірлік, біртуар,
бірнеше, бірқатар.
СӨЗЖАСАМНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ
ҰҒЫМДАРЫ
Сөзжасамдық тарам бір түбірден не негізден тараған
туынды сөздердің тік бағыттағы мағыналық
жиынтығы. Сөзжасамдық тарам жалпы тіл білімінде
“парадигма” термині арқылы белгілі. Парадигма сөзі
грек тілінен енген. Сөзбе-сөз аударғанда үлгі деген
мағына бере алады. Мысалы:
Бет (дене мүшесі)
Бет ( бір заттың беті)
Беталды
Бетсіз
бетпақ
Бетінің оты шығу
Бет көріспеу
СӨЗЖАСАМДЫҚ ТАРАМ
06
Семантикалық тәсілдегі сөзжасамдық
қалыптар: жақ-жақ –жақ- жақ, бас- бас -бас,
ер- ер- ер, қас –қас- қас, сын- сын -сын, жаз
-жаз -жаз.
Аналитикалық тәсілдің негізгі қалыптары:
қолаң шаш, алма мойын, қиғаш қас, оймақ
ауыз, күлім көз, қарлығаш, ауыл-аймақ, ел-
жұрт, аман-есен, күншуақ, түйеқұс, сөзжасам
Сөз жасауға қатысатын бірліктер – негіз
(түбір) бен сөз тудырушы жұрнақтар
сөзжасамдық тұлға деп аталады. Мысалы:
Түбір сипатындағы сөзжасамдық
сипатындағы сөзжасамдық тұлғалар: ал – ал
а, ал+ма, ал+ақан, ал+қа, ал+қым, ал+ды; тұл
– тұл+пар, тұл+ым, тұл+ға,
Негіз сипатындағы сөзжасамдық тұлғалар:
бал – бал+а, бал+ға, бал+шық, бал+та,
бал+апан, бал+ғын; ой – ой+ын, ой+ла,
ой+шыл, ой+ғыш, ой+рат.
СӨЗЖАСАМДЫҚ ҚАЛЫП
СӨЗЖАСАМДЫҚ
ТҰЛҒА
 
05
02
Сөзжасамдық үлгі дегеніміз – туынды сөздердің құрамындағы бір
тұлғаның ортақ болуы арқылы қалыптасқан екіншілік мағыналы
туынды сөздер. Мысалы:
-кер, -гер сөз тудырушы тұлғалары жалғануы арқылы: іскер, қаламгер,
жұмыскер, балгер, сазгер, кемеңгер, күрескер, үміткер, білімгер,
саудагер;
-хана сөз тудырушы тұлғалары жалғануы арқылы: асхана, баспахана,
кітапхана, дәріхана, әжетхана, мейрамхана;
-паз сөз тудырушы тұлғалары жалғануы арқылы: өнерпаз, білімпаз,
жасампаз, жағымпаз, әсемпаз, аспаз.
СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮЛГІ
04
сөзжасамдық тұлға
сөзжасамдық ұя
сөзжасамдық мағына
сөзжасамдық үлгі
сөзжасамдық қалып
сөзжасамдық жұп
СӨЗЖАСАМНЫҢ КЕШЕНДІ
БІРЛІКТЕРІ МЫНАЛАР
 
01
СӨЗЖАСАМДЫҚ ҰЯ
 
03


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет