Спандияр Көбеев Қалың мал Роман



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата03.05.2023
өлшемі486,58 Kb.
#89450
1   2
Байланысты:
Қалың мал романы

* * *
Ac ішіп болғасын, бірсыпыра ас басып, əңгімелесіп отырып, Серғазы
мен Қожаш төр үйге төсек салдырып жатты да, Ғайша мен Серғазының
əйелі ауыз үйде іс тігіп отырды. Қойшы бала əлдеқашан ұйықтап қалған.
— Шам сөнген соң Серғазы Қожашқа қарай аунап түсіп, сыбырлап:
— Анау күнгі ойыннан бері, Ғайша осы үйге келгіштеп жүр.
Балкүміспен сырласып жүрсе керек, істеріңнің бет алысы жаман емес
сықылды көрінеді. Осы сен не ойлап жүрсің, жиен? Жаз да тірі кісіге
жақындап қалды. Итбайдың көңілі, енді бірер жетіден соң Тұрлықұлдан
мінетінін мініп, артынан алатын ақшасын алып, беруге даярлана бермек,
құр бозбалашылық, уақытша ғана нəрсе ғой, түпкілікті жолдастыққа
көңілін, қалай?—деді.
— Білмеймін, нағашы басымды Ғайша үшін қиған кісімін, бірақ
қорқамын дағы. Тұрлықұлдың жалғыз үйлі мен түгіл іргелі елге істеп
отырғаны анау: не басында, не жерінде, не жесірінде еш билік жоқ; пəлесі
тағы өз алдына; не істеп, не қоярымды білмей жүрмін, ақылыңды айт,
нағашы, не қыламын ?
— Үйіңді мұнда тастап, Ғайшаны еліңе əкеткенде, мұнда жалғыз ағаңды
жүндей жеп түтіп қояды ғой. Менің ойлап жүргенім жаз, қар кете
салысымен еліңе кеш. Елге барып қосылғасын жайланып, бірер жігіт ертіп


келіп əкетсең дұрыс болады-ау деймін. Елге келсек, бұл ел де тап-
тұйнақтай тыныш отырған жоқ. Тұрлықұл болсын, оның, жаны ашыр
жалғыз құдасы Байғазы болсын, оның серігі Құрымбай, басқа би-
болыстардың, былайғы қара бұқараға тұяғы тимегені жоқ, солардың қай-
қайсысының болса да атының, сүрінгеніне жаны ашушы кеп емес шығар.
Əйткенмен де, жесірін іздемей қарап тағы отырмайды, сендер де іргелі
елсіңдер, түбі бір жөні болар, ел қалпы осылай. Ендігі бір жақын болып
сырласатын адамдарын, өз ауылыңның бер жағындағы жартас маңындағы
ел. Ол елдің ана жылы, білесің ғой, суатқа жылқыңды ауыл үстінен айдама
дедің, деп, Кең шалғын деген шабынын тартып алып отыр ғой Тұрлықұл.
Тағы соның ызасымен бір жесірін тартып алған. Сол елдің Əлкең Жүніс,
Бірке деген жігіттеріне бар да, олармен қауіпсінбей сырлас; қолдан келген
жəрдемін аямас, Тұрлықұлға азуын басып жүргендердің бірі солар.
Осы сияқты ел жайымен Қожашты əбден таныстырып, кеңесіп жатып,
ұйқылары келгесін Серғазы төсегіне кетті.
Жол ұзақ, іс тігіліп болды. Серғазы ұйықтап қалды. Үйінде атпаған адам
жоқ. Жалғыз-ақ бесіктегі баланың анда-санда іңгəлап, ыңырсып жылағаны
болмаса, Қожаш, Ғайшаны мазалайтын ешкім жоқ.
Біреу-міреудің көзіне түсіп, сезікті болармын деп, Қожаш қайтып кетті.
Ғайша үйге барып, төбеге шығып, Қожаштың қарасы кеткенше қарап
тұрды.
* * *
Ғайша мен Қожаш кеткесін Балкүміс Серғазыға:
— Осы Үкілім, жиен дегенде ішкен асын жерге қояды. Бір сағат көрмей
отырсам, тұтқында болғандай боламын» дейді. Екеуі де біріне-бірі лайық
балалар ғой, Тұрлықұлға барғанда байғұс не күн көрер екен?—деді.
— Осының көз жасына ортақ болмайын деп істеп жүрген ісім ғой, оны
өзің де сезіп жүрген шығарсың,, енді сен əркімге сездіре көрме, егер жиен
мен жоқта келсе, өзің реттеп жүрерсің,— деді Серғазы.
Осы қалыппен қар кеткенше Қожаш келіп-кетіп жүрді Оның келіп-кетіп
жүргенін сезе қойған кісі жоқ. Қожаш ерте келіп, ерте кетуші еді. Сол
ауылда жалғыз-ақ Жұмаш деген жігіт сезіп, Серғазыға айтып еді, Серғазы:
Қой, шырағым, о да өзіңдей бозбала ғой, болса бозбалашылығы бар
шығар, болмаса жоқ шығар, керсең де көрмесең де жүре бер,— деген.
Серғазы сыйлайтын ағасы болғасын, Жұмаш үнді қойған.
— Итбаймен іс бітірсек, қайтеді деп ем, — деп ақылдасты, бəйбіше
қайтқаннан бері, үй шаруашылығының жүдеушілікке айналғанын тағы да


жырдай қып мұңайды.
— Жарайды, қайырлы болсын, уəделі күн болса жақындап келеді, іс
бітірем деуіңіз теріс емес, Итбай да момын адам ғой, уəдесін бұзбас, бір
кісі жіберіп шақыртып алыңыз,— деді Əбіш.
Тұрлықұлдан шақыра кісі келгесін, қалай барып қонақасы ішудің
амалын таба алмай отырған Итбай қуанып қалды.
Ертеңіне Амантайды ертіп, бір жігіт қосшы алып, Тұрлықұлдікіне ерте-
ақ келіп қалды.
Құда қошаметіне ауыл адамдары жиналып, Əбіш те келген.
Бұлар əңгімелесіп көп отырды. Əңгіменің көбі үй шаруасы, мал жайы
болды.
Итбайдың қуанышы өз алдына: «Бұл не деген тəрбие, бұл не деген
қонақасы, көрпе, жастық, байдың бəйбішесі өлмесе, бұл тəрбие құрметке
қолым жетпес еді-ау»,— деп, біресе он, жағындағы, біресе сол жағындағы
жастыққа сүйеніп, шынтақтап отыра алмай отырды.
Ертеңіне Əбіш байдың Итбайды шақырған жұмысың іс бітіретін
мезгілдің жақындап келе жатқандығын айтты.
Итбай, Амантай жарыса:
— Бізде екі сөз жоқ, уəдеміз — уəде. Қайырлы болсын,— деп жалпақтап
қалды.
Əбіш пен Тұрлықұл ақылдасып, Итбайды көркейтіп жіберу ниетімен
мініске екі құр ат, Амантайға арықтау бір деннен мінгізбекші болды;
шапан-шапқыты езіне басқа. Екі жүз елу сомды санап, қалтасына бөлек
түйіп алып Əбіш қу:
— Молдеке, мынау екі жүз елу сом ақша, санап алыңыз. Жапырақ емес
қой,— деп күліп Итбайдың алдына тастай берді.
Итбайдың жүрегі лүпілдеп, қолы қалтырап, ақшаны екі-үш қайтара
санап, əйкеліне сыймаған соң, жаман орамалына қайта-қайта түйіп
қалтасына салды.
Итбайдың ыңғайын байқаған Əбіш қу:
— Молдеке! Біздің байдың жайын өзіңіз көріп отырсыз ғой. Тезірек
қимылдаңыз, əйелдің бір кейін шектендіре беретін болатыны бар да, —
деді.
Итбай тағы да:


— Уəдем — уəде. Осыдан барғасын қалаға барып, керекті нəрселерді
алып даярлана берем, өздеріңіз де хабарласып тұрыңыздар, — деді
(Мұнысы Тұрлықұлды сыпайылап шақырғаны.)
Құдалар бірер қонғасын, ат жектіріп қайтуға айналды. Ат жегетін бала
тұрып шыға бергенде, Итбай:
— Əй, шырағым, байдың берген екі атын жек,— деп қоқиланып қойды.
Амантай отырып:
— Жақсы, Тұрлықұл, құрметін, құдайдан қайтсын... кездесе берсе
жарайды, Итбайға қарап:
– Қош, енді жүрейік,— деді.
Итбай көтеріліңкіреп қойды.
Ат даяр деген хабар келгесін, кісілер киіне бастады.
Əбіш қу Итбайдың күпісін кигізіп, белбеуін, тымағын əперіп бəйек
болып жатыр.
Итбай бір семіз кісіше уһілеп, ырсылдап киініп болды.
Далаға шыққасын кісілер қоштасып, Əбіш Итбайды қолтығынан көтеріп
шанаға мінгізді. Итбайдың төбесі көкке екі-ақ илі жетпей қалды.
* * *
Жаздай құр жүрген байдың екі атымен Итбай бұрқыратып келе жатыр.
Көңілінде ешбір мұңы жоқ, мүддесі — Ғайшаны аман-есен Тұрлықұлға
ұзатпақ. Ақсұлуға сенбестік етеді; бірақ «сол ит əйелдің қолынан не келуші
еді» деп, көңіліне тоқтау береді. Ақшаның қызуымен Итбай белін де буған
жоқ.
Жолшыбай Амантаймен екеуінің кеңесі Тұрлықұлдың байлығы, одан
көрген сый-құрметі болды. Бірінің-бірі сөзін қостап, байды мақтап тауыса
алмай келе жатыр. Амантайдың көзін ала беріп, ақшасын байқау үшін,
қалтасына қолын да салып қояды. Бір ауылдың үстінен өте бергенде, божы
ұстаған жігітке:
– Бала, шауып өт! — деді.
– Жарайды,— деп атшы жігіт, түрегеліп, қолындағы құнтын бұлғап,
анда-санда айқайлап қойып, шаба жөнелді, суаттан ала шолақ сиырды
айдап келе жатқан бір кемпірді басын кете жаздады.
– Құтырып кеткен неме ме өзі, болмаса мае па, өлтіріп кете жаздады ғой,


— деп кемпір сасқалақтаған бойымен қала берді.
Бұл ауылда бұларға жолыққан ешкім жоқ, жолығып жөн сұраймын деген
болса да бұлар тоқтамай, бұрқыратып өте шығар еді.
Жалғыз-ақ бес-алты ит арсылдап, абалап бұларды ауылдан бірер
шақырым жер шығарып салды.
Жер үйдің төбесіне шығып тұрған бір кісіге, қораға қой қайырып кіргізіп
жүрген бір бала:
– Əй, аға! Əлгі бір кісі Бал əжемді өлтіріп кете жаздады, - деп аузын
томпайтып, - өздері жынды білем, сірə, - деді.
Үйдің төбесінде тұрған кісі бəрін көріп тұрып, бұрқыратып бара
жатқандардың кім екенін танып:
— Е, шырағым, ол кісінің жынданса, жынданатын жөні бар,— деді.
Кешке əрі тоңып, əрі шаршап аһлап, уһлеп отырған кемпір өзін өлтіріп
кете жаздаған кісінің кім екенін біліп:
— Адыра қал-ау, шіркін, былай Сəрсекке қызын бермей жүргені
осындай бір мал қылайын деп жүр екен ғой, ит, көзіме бір көрінбейді-ау, ит
терісін басына бір қаптар едім,— деп күпісін жастанып, дем алуға қисайды.
Іңір мезгілінде жын тоғымен тұрған екі ат барлығып, аяқты басуларын
сұйылта бастағасын, енді жүре берсек тұрып алар деп, бос алған өз
аттарын жегіп, жұрт шайын ішіп бола берген мезгілде Итбай мен Амантай
ауылға əрең жетті. Итбай үйге кіріп, терде жаюлы жатқан көрпешені өз
астына төрт қабаттап салып, уһ деп отырды. Шай ішіп отырғанда, ауылдан
қыдырып келген екі-үш бала-шағаға киітке мінген аттарын мақтап, ақты-
көктіні шатып отырды.
Итбайдың бұл сөзі Ақсұлу мен Ғайшаның құлағына кіріп те шыққан
жоқ; бұлардың өз қуанышы өзімен кеше Қожашы тағы келіп кеткен.
Аузының суы құрып, манадан Итбайдың, сөзін тыңдап жатқан Қарақ ұл
ұшып түре келіп:
— Қап! Үйге Дəркені қойып кетіп, божыны өзім ұста бармаған екем,
етке бір тойып келетін едім,— деп өкініп отырды.
— Асықпа! Əлі əлденеше рет тоярсың, бар, аттарыңды доғарып, паналау
жерге байла, оралып қалатын болмасын,— деп қатынына бір қарап қойды.
Балаларға Итбай аттарын сипаттай бастады:
— Аттың бірі — қара кер ат, бірі торы бесті; қара кердің тісі ескілігі
болмаса, байдың қылауына қыл жуытпай жүрген бір атақты аты екен.—


Қарақұлға қарап, кісімсінген бойымен:
— Жаз, көксоқтада, баптап, қасқыр қуарсың, шырағым,— деді.— Бірі —
торы бесті, пұл болатын мал сықылды көрінеді, жаз құр жіберіп, күз
сатармыз деп, бір аяғын көсіліп жіберді.
Түнде жатқанда, Итбай Ақсұлуға сыбырлап:
— Сен ит, Ғайшажанды шалға бердің деп, жаратпаған болып жүрсің-ау,
ит болмасаң құдай сонша мал, сондай дүние берген кісіні адам кеміте ме
екен. Ен дүниеге, бара күрп ете түсетін Ғайшам бақытты емес пе,
Тұрлықұлдың ел десең елі бар, мал десең малы, бақ десең бағы бар, сол ел,
бақ, мал Ғайшажандікі емес пе,— деді.
Ақсұлу ешнəрсе демеді. Осы арада қатынды сөзден тоқтаттым-ay деген
кісіше Итбай рақаттанып жатты.
Ертеңіне, таң атқаннан кешке дейін, Итбай мен Қарақұлдың жұмысы
киітке мінген екі ат болды; үстін қырып, жалын тарап, сылап-сипап, келген
кеткен кісіге мақтап, оттап жүрген жерінен айдап жүргізіп көрсетіп,
жануарларға дамыл еді. Жатса, тұрса ойлайтұғыны — қалыңнан алған
малы, астына мінген екі аты.
Қызығы басылмаған аттардың, біресе бірін, біресе бірін мініп, күнде
жылқысын аралап қояды. Жылқыға барған санын, буаз биелерін екі-үш
қайтара санап қояды.
Кешке үйіне келіп қатынына: - Өзіміздің торы жорға бие буаз болса, жаз
он екі бие туады екенбіз, ақ күбіге қымыз сыймайды ғой; ыдыстың жақсы
болушы ма еді, соғым терісінен ыдыс істейсің бе, болмаса Тұрлықұлдікінен
бір саба алдырамыз ба? — деп Ақсұлудың мазасын ала берді.— Сен ит,
қымызды əркімге бір құйып, шап-пұштап, астың берекетін енді қалыпты
бəйбішенің салтымен бұдан былай асты ұста,— деп үгіттеп қояды.
* * *
Не шаруаның болса да уақыты жақындап, Ғайшаның беретін мезгілі
таянып келе жатқан соң, жасау алу үшін Итбай қалаға бармақшы болды.
Бұрын қыз ұзатып көрмеген адам, алып, не қоюдың ретін таба алмай,
Ақсұлуға:
– Ғайшажанға не жасау аламыз?
– Мен білмеймін, балаңның несі бар, несі жоқ екенін білмеймісің, ретіне
қарай ала бер, қалада не бар, не жоқ екенін мен қайдан білейін,— деп
Ақсұлу жаратпаған адамның, қалпын көрсетті.
Қатынынан жөнді сөзге жарымаған соң, Қарақұлды Серғазыны
шақырып алды. Серғазы келгесін:


– Мына менімен бірге қалаға жүрсең қайтеді, Ғайша жанға жасау
алайық, — деді. Серғазы:
– Менің жұмысым бар еді, қалаға бара алмаймын, ақшаны жұмсап келе
алмайсың ба, ешкімді ертпей-ақ өзің барсаңшы,— деді.
Сонда да не аламын, не қоямын деп мазалай бергеннен соқ.
Серғазы:
— Сен ішік, кілем алмайсың, бөтен жасаудың да Тұрлықұлға керегі жоқ.
Ғайшаға киім, төсек-орын, қол сандық, сабын, айна, тарақ сықылды нəрсе
аларсың, мен енді шаруама барайын,— деп орнынан тұра бастады.
Ғайша мұңайып бұрышта теріс қарап отыр еді, Серғазы соған шыдай
алмады.
Итбай: «Отыр, ас ішіп кет, Серғазы,» — деген болды.
— Жоқ, алда разы болсын, үйде кісі бар еді, — деп Серғазы үйден
шығысымен Итбай:
— Тартып отыр, сен итті асқа қаратып қайтейін,— деп жан-жағына
қарады.
Қарақұлға: «Əбзел, шананы даярлап қоярсың»,— деп, жатып қалды.
* * *
Итбай үйде жоқта, Ғайша ылғи апасының қойнына жатушы еді, ағасы
қалаға кеткесін, бір күні төсекте жатып:
— Апа, осы ағам жеңілейіп кетіпті-ау? —деді.
— Тəңір алғырдың сені сатып алған малын көтере алмай жүргені ғой,
біздің не ойлап жүргенімізді қайдан білсін!
— Апа, осы ағам мені жақсы көрем деуші еді, онысы бекер екен-ау?
— Сені жақсы кергенмен де, бай мен малды сенен де артығырақ кергені
ғой...
— Апа, осы адам өз баласын кемшілік, қоршылыққа қалай қияды екен?
— Рас, қалқам, қазақтың қызды «жат жұрттыққа жаратылған бала»
дейтіні бар ғой. Кім болса, соған, тек мал берсе бере салады, сондықтан ғой
қыз байғұстың: «Бар ма екен ата-анадан бауыры қатты, баласын
əлпештеген малға сатты...» деп өлең айтып жылайтыны.
Ғайша үндемей біраз мұңайып жатты да, қатты күрсініп:


— Апа, осы қар қашан кетеді, қырға қашан көшіп шығамыз? — деді.
— Қамалдың бүгін он бірі ғой, енді көп кешікпей қар кететін шығар.
Осы қалыппен кеңесіп жатып, əбден ұйқысы келіп талыққасын барып
ұйықтап қалды.
Қалаға бара жатып Итбай, жолшыбай ат шалдырып түс қонған
жерлеріне қалаға не үшін бара жатқандығын, кіммен құда болғандығын, не
алып, не қойғанын айтып, көкіп отырды. Тұрлықұлды білетін біреулер:
«Оның өзі шал, баласы жоқ деуші еді, қалай құда болып жүрсің?» —
деушілер де болды.
Біреуде біреудің не жұмысы бар, сонда да Итбайдың сырын білген
кейбіреулер: «Қой, сырың, белгілі болды, айтпай-ақ, қой,»—деушілер де
болды.
Жолшыбай пар атпен ауыл үстінен шауып өтіп, божы ұстаған балаға:
— Пардағы атты қырындатып қой,—деумен келе жатыр.
Ақшаны байқау үшін, анда-санда қалтасына қолын салып қояды. Итбай
сол бұрқыратумен қалаға кірді.
Ертеңіне Итбай пəтерден ертерек шай ішіп, көп дүкеннің ортасында
тұрып:
— Екі жүз елу сомның саудасын істеймін, қайсың, арзан бересіңдер! —
деп ауылдағы қалпымен айғай салды. Итбайдың даусын естігендер:
— Бізге келіңіз, біздің, киіттен бар керегіңіз табылады, бізден табылады,
— деп дүкеншілер жан-жақтан шақырып шатыр.
Итбай бір дүкенге кірді.
— Ұзататын қызға жасау керек еді,—дегесін, саудагер Итбайдың
алдына: батсайы, шайы, қырмызы, барқыт, берен товарларды жайып салды.
Итбай да білгір кісіше, заттарды жаратпағансып, бірін бірімен қол екен»
деп, бірінің «арқауы жіп екен» деп көп сау қымсынып, керекті нəрсесін
алды.
Қырдан келген шаруаны жеп қалған саудагер ұялмастан əр нəрсесіне екі-
үш бəсін сұрауды білді. Итбай да саудаласып еді, бірақ жеп қалған саудагер
шаруаға жегізсін бе...
Қалған ақшасына «Тұрлықұл менен есеп сұрап жатқан қой» деп үй ішіне
керекті нəрсе-қара алды.


Ақшаны жұмсап болғасын Итбай тұрып:
– Енді, бай, шыныңды айтшы, өзін, ес білгелі, мендей тұтас екі жүз елу
сомның саудасын істеген кісі бар ма? — деді.
Саудагер де Итбайдың қалпын сезіп:
– Жоқ, бай, көрмедім, — деп теріс айнала беріп, қасындағы бірқаншігіне
көзін қысты.
— Е, өзім де солай ойлап едім,— деп Итбай дүкеннен шықты.
Итбай үйіне келіп, шанадан түспестең қорада мал жайлап жүрген
Қарақұлдың даусын естіп:
— Мал аман ба? Бүгін жылқыға бардын, ба? Құлындаған бие бар ма? —
деді.
Қарақұл айқайлап:
— Жылқыдан əлгінде келдім, таянып жүрген биелер бар. Құлындағаны
жоқ. Сүйінші, торы жорға бие біраз шықты!— деді.
Итбай ішінен: «Е, құдай, бере кер, биыл жаз он екі бие сауады екенбіз,»
— деді.
Үйіне кіріп бара жатып, есік алдында самауыр қойып жүрген Ғайшаны
көріп:
— Ғайшажан, саған жасау əкелдім, апан, мен екеуің үйге енгізіңдер,—
деді.
Үйге кіре беріп, ауыз үйде бір шаруасын істеп жатқан қатынына:
— Əй! Бүгін барыңды ас, Ғайшаның жасауына той қылайық, ақ қойға
пышақ тигізбе, оны Тұрлықұл келгенде бұзарсың! — деді.
— Қойшы, не болса соны айта бермей! Тойды біржолата істерміз,— деп
Ақсұлу Итбайдың сөзін жаратпай айнала берді.
Итбай қаладан келді дегенді естіп, жасау көреміз деп келген ауылдың
қыз, келіншек, тағы басқаларына алған нəрсесін көрсетіп, қалай алып,
қалай қойғанын мəн істеп, көкіп отырды.
Амантай шал:
— Қайырлы болсын, мұндай жасаумен бұл жерде қыз ұзатқан жан жоқ
шығар,— деп Итбайды көтере сөйлеп отырды.


Итбай көңілденіп:
— Əй, қатын, асын, пісті ме? Тез пісір! — деді.
Базарлық жейін деп келген ауылдың толып жатқан бала-шағасын үйден
қуып шығып, Итбай Амантайға жалпылдап жатыр.
Амантай Итбай сөзін құр қостай береді.
Түнде жатқанда Итбай қатынына сыбырлап:
— Ғайшаның киімін тігетін машинашы қайдан табылар екен? — деді.
— Ғалым тікпей ме?
Ғалым тігеді ғой, бірақ Ғайшажанды биылғы Алпыстың қызы ұқсатып
жүрмесе.
Қойшы! Не болса соны айта бермей...— деп Ақсұлу тəрізденіп теріс
қарап жатты.
Онда ертең Қарақұлды жіберіп шақыртып алармыз, — деп Итбай
бəйбішесін езіне қарай тартты.
Ағасынын, жасау əкеліп, киім тігетін машинашы ізде бастағаны Ғайшаға
батады, бірақ амал не?
Бұдан былай қарай, көңіліне əр түрлі ой түсіп, түннің ішінде ұйықтамай
өткізетін болды.
Көңілінде Қожашпен кетпеймін деген ешбір ой жоқ. Ағасы қаладан
келердің алдында,-Қожаш келіп екі қонып кеттім, бір күні Серғазынікіне,
бір күні Жұмаштікіне. Қожаш қайтарда: «Елге көшердің алдында бір келіп
кетермін,» — деген.
Байғұстың ойының көбі «Қашан қар кетіп, қашан көк шығып, қашан ел
жайлауға кешер екен» деумен болды.
Мінекей қар кетіп жатыр. Күн жылынды. Көк шыға бастады. Адамзат,
жан-жануарларда көңілді емес бір жан жоқ.
Қыс жеңіл болып, қар ерте кетіп, бір малы екі болып: сиыр бұзаулап, бие
құлындай бастағанына шаруа да көңілді. Күн жылынып кеңігеніне
мақұлықтар да көңілді; мекеніне келіп, жайланғанына құстар да көңілді.
Ауылдан шақырымдай жердегі көлде қаз қаңқылдап, шағала шаңқылдап,
үйрек бырылдап жатыр. Аққудың сұңқылдаған даусы естіледі. Есіл
бойында бұталарды паналап сайраған сандуғаштың даусы қайғылы көңілді
жұбатқандай, ертемен шырылдаған боз торғайдың даусы, ұйқылы-ояу, киіз
үйде жатқан шаруаны тербетіп оятқандай, жаздың болғанына балалар да


көңілді ауылдан он шақты, не одан да артық болып шығып, бір шыбықты
ат, бір шыбықты қамшы қып ойнап, бірін-бірі божылап жегіп, қара жерге
аунап, əбден шаршап, ауылға біржолата күн батқасын келеді. Итбай да
көңілді: қалыңнан қалған биелері құлындап жатыр. Енесінің қасында
шолтандап, ойнақтап секіріп жүрген құлындарын, сағынып көрген
баласынан жаман «айналайын құлыншақайым» деп қояды. Көңілді болмай
қайтсын, жаз сауатын он екі бие, аз ғана қыстан аман шықты. Ғайшаның
киімі тігіліп болып, жасау даяр, ұзатуға елдің жайлауға шығуын күтіп отыр.
Ештемені сезген тəрізді емес, көңілінде қауіп жоқ. Жаздың болып, уəделі
уақыттың жақындағанына, апасы мен Ғайша да көңілді. Жалғыз-ақ: Қожаш
қашан келер екен деп тықыршиды.
Тұрлықұлды жесір дауымен алаңдатып, күз ылғи қара таяқ кедейлерден
жүз шамалы орақты Кеңшалғынға саламыз деп, Бірке, Жүніс, Əлкен де
көңілді. Тіріні көңілдендіріп, ағаш-шөпке ажар беріп тұрған аспандағы
күннің кезі де бесікте жатып, ыржыңдап күлген баладай көңілді. Жер-дүние
жап-жасыл, əр түрлі мəнері бар кілем жапқан сықылды: Қызыл қызғалдақ,
көк, жасыл, сары гүл жапырақтар шығып желкілдеп тұр.
Қыстау төңірегіндегі жазғытұрғы шаруасын бітірген соң, елдің алды бие
байлап, арты байламай жайлауға көше бастады. Жамантай ауырып, науқасы
қатты болғандықтан Амантай ауылы əлі жайлауға көше алмай отыр.
Итбай тықыршып, маса-шыбынға жем болып отырамыз ба, əр түрлі
шаруамыз бар ғой, бие де байлаған жоқпыз, науқасы «айтушы еді, теңге
салып алсақ та көшу керек деп, Амантай, Серғазыларға ақылдасып еді,
Жамантайдың науқасының түрі жаман болғандықтан олар ырық бере
қоймады.
Итбай бір жерде отыра алмай, үйге бір кіріп, бір шығып, біресе Жақынға
көңілін сұрап, үйден шыға беріп: «Ит, өзі өлетін болса өлмеді-ау!» — деп,
біресе жылқысын аралап жүрді.
Құлындамаған екі-үш биесін айналдырып: «Қашан құлындар екен?» —
деп, өзімен өзі кеңесіп, тағы үйіне барып, екі арада сенделіп жүре беретін
болды.
Ауыл көшпей тұрып, Тұрлықұлдың үйінің амандығын біліп келсең
қайтеді деп, Қарақұлды жібермекші болды.
— Бар да, бір қонып қайт, байға менен сəлем айт, біз даярланып болдық
де, Құлыкөлге кешіп барған соң хабар езімізден болар, оның бер жағында
бай келем десе, келіп қайтсын де,—бірсыпырадан хабар болмаған соң, ағам
əдейі жіберіп еді дегейсің...— деп қайта-қайта тапсырып жіберді.
* * *
Қар кетіп, жер аяғы босағасын-ақ, Қожаштікі сегіз жыл отырған нағашы


жұртымен ренжіспей өз еліне көшті.
Ғайшамен айтысқан сөз, алысқан қол — уəденің нық екендігін ел
азаматтары Серғазы, Жұмаш, Жартас еліндегі Бірке, Жүніс, Əлкенің
тілектестігін жеңгесінен ағасы Түлкібайға ертеден айттырған.
Ағасы мұны естіген соң, ұнатудың да, ұнатпаудың да жөнін таба алмай,
біраз жүріп, Қожаштың Ғайшаны алмай алмайтындығын сезген соң, елге
көшуге белін ертеден т.н. байлаған.
Осы жаз, құдай амандық берсе, бір-бірімізбен ренжіспей тұрғанда, «Ер
туған жеріне, ит тойған жеріне» деген мақал бар еді, елге көшем дегенді
ертеден құлақтандырып жүретін.
Сол себепті... Түлкібай неге көшті деген ешкім жоқ.
Қожаштың жолдастары: Бірке, Əлкен, Жүніс, Бекарыстандар айтқан
сөзінен шықты. Бірі жиендік деп, бірі тамырлық деп, бірі замандастық деп
жетіспеген көлік, арба, əбзелді мүлтіксіз қып сайлап берісті.
Қожаш, Ғайшасына барып, бері болса, он жеті күн, əрі болса он тоғыз
күнді уəде қып келген. Жұмаш, Бірке, Əлкен, Жүніс, Бекарыстан жиырма
шақты жігіт болып, семіз ту қой
сойып, Қожашты елінен мықты бір көш жер шығарып салды.
* * *
Тұрлықұлдіікіне барып Қарақұл екі қонып қайтты. Барса, амандыққа, іс
бітірудің уəдесін алып келуге Тұрлықұл да Итбайға кісі жіберейін деп
жатыр екен. Қарақұл келгенсін бай қуанып қалды.
Амантай ауылы жайлауға əзір кеше қоймайтын болғасын, Тұрлықұл
Əбішті шақырып алып, Итбайдікіне барып келсем қайтеді деп еді, Əбіш:
— He қыласыз, аларда біржолата барарсыз, қалыңдық ойнайтын жас
емессіз қой,— деп тоқтатты.
Жамантайдың науқасы алғашқы кезде қатты болса да, арт кезінде терлеп
тəуір болыңқырап, дертінің аяғы тер сүзекке айналды.
Бөріге байлаған лақтай алаңдап отырған жалғыз ауыл, Жамантай
тəуірірек болғасын, бір түнде жайлауға көшті.
Ауыл көше алмай, уəделі жерден табылмай қалам ба? - деп ішінен қауіп
ойлап жүрген Ғайша көшкенге шамадан тыс қуанды.
Кəдімгі қазақтың көші: балалары тайға мініп, шалдары көш бастан, қыз-
бозбала бірінен бірі «Жол азық», «көш азық» дейтін ырым сұрап,


ақақауласып келе жатты. Бозбалалар балаларды жарастырып, тұра қалып
күрестіріп, жығылғандарын мазақтап, көш жөнекей ермек етеді.
Құлыкөлге келіп, Амантай аулы жылдағы орнына қонды. Ертеңіне жан
таласып бие байлауға даярлана бастады. Ыңғайлы балаларды, ыңғайлы
аттарына мінгізіп, айғыр үйірленіп желінің басына қарай қайырмалады.
Топтанған кісіні көрген соң, көкке тойып есіріп тұрған жылқы желінің
басына жуымайды. Құлынын ертіп қашқан биелерді қуып желіге тығып,
айғай-ұйғай ұласты. Қашқан биеге бір жағынан ит те қосарланады.
Сорына қарай, Итбайдың қалыңнан алған биелерінің үшеу-төртеуі
жүген, құрық тимеген шу асау малдар екен, соларды ұстап байлаудың өзі
бір жұмыс болды.
Ертеде Итбай Тасмағанбет деген байға молдалыққа тұрғанда құлын
ұстап, байдың асауларымен айналысып əдістеніп қалғаны мұндай жақсы
болар ма, бие байлаған кезде күш көрсеткен өзі болды'.
Бие байлауға деп асқан етті, желі-желінің басына қыдырып жүріп
ақсақалдар жеп жатыр.
Итбай Қарақұлды желінің басына құлын оралып қалмасын деп тастап
кешке дейін жұмысы бие суарумен болды. Бір жетідей құнттап сауған соң,
Итбайдың сабасы толды.
Итбай ауыл ақсақалдарына барып:—осындай ас жиналып тұрғанда,
Тұрлықұлды шақырып алып, біржолата жұмысты бітіріп жіберсем қайтеді,
— деп ақылдасты.
Серғазы тұрып:—қымыздың алдын əзіміз ішпей, жұмыс бітіреміз
дегенін, не, жұмыс бітіруге тағы ас жиналмай ма, қазақтың ырымын
құртайын деп пе ең? — деп сүбелеп болмады.
Ертең Итбай қымыз мұрындық бермекші болды. Серғазының бұлайша
жанын салып сүбелеуі — уəдесіне жетсе, Қожаш ертең кешке, болмаса үш
күн етіп төртінші жүні келмек еді.
Бір күн, жарым күн болса да кешіккенге, апасы мен Ғайша қуанып
қалды.
Қожаш аман-есен туып-өскен еліне көшіп келді. Ағайын-туғандары
қарсы алып, Жүсіптікі көшіп келіпті дегенді естігендер келіп, амандасып
жалпылдап қуанысып жатыр. Қуанғанның белгісі кезек-кезек қонаққа
шақырып, мал сойылып, қымыз ішіліп жатыр. Сый-құрметтің, ақыры
болатын емес.
Қожаштың Ғайшаға берген уəделі күн жақындап, асығып, тықыршып
барады.


Сол ауылда үлкен жесір дауы болып, Жүсіптікі көшіп келер қарсаңда би-
болыстар екі-үш күннен бері опыр-топыр қып жатыр еді.
Бір жағынан, ағайындарын шақырып дəм татқызайын деп, екінші
жағынан, Қожаштың жұмысы туралы ақылдасайын деп, Түлкібай бір
бойдақ қойын сойып, ауыл ақсақалы, би-болыстарды қонаққа шақырды.
Бұларға ақылдаспай істеуге Түлкібай мен Қожаштың шамасы бар ма?
Бұлардың күн бұрын аузын алып қоймаса, ертең екіталай жерде
Тұрлықұлға, Қожашты есігін түріп қойып, шауып бермей ме?
Кісілер келіп, ет жеп болғасын, Қожаштың бір ағайыны қымыз əкеліп,
жұрт қымыз ішуге айналды. Түлкібай опырып бастан-аяқ Қожаштың
талабы туралы əңгіме бастады.
Есіл елінің де тап-тұйнақтай емес екендігін, Серғазы, Бірке, Жүніс,
Əлкен сықылды жігіт ағаларының, уəдесін, осы іске кіріскендігін де айтып
өтті. Отырған би-болыстар, ақсақалдар, жесір дауы оңай емес екендігін,
Тұрлықұлдың да осал жау емес екендігін айтып дағдарысқандай болып
біраз отырды.
Бұлардың неге дағдарғандай қалпын сезген соң, Түлкібай Алшаң деген
ақсақалды оңаша шығарып алып, көңілін тапты.
Түлкібаймен əңгімесі біткеннен кейін, Алшан, ақсақал үйге келіп
отырып, біраздан соң сөз бастады.
— Өткен-кеткенді тере келсек, өзімнің осы жасымның ішінде, Есіл еліне
бізден кеткен жесір, барымта-сырымта сықылды мал аз емес, талай мал
беріп, алайын деп отырған жеріміз кетіп жөнді мал да ала алмаған
күндеріміз болған. Сендер білмейтін шығарсыңдар, бізбен бес жыл
дауласып, баяғыда — «Көк атыздың салуы» деген екі ел түйісіп жайлайтын
жайылымымызды да алған болатын. Сонда мен бала жігіт едім.
Көкшетаудың қызбасынан келе жатып, осы айтып отырған Тұрлықұл біздің
Қойбағардікіне түседі. Жөнді қонақасы бермедің деп, еліне барғасын бір
атын барымталап ұстатып алған болатын. Осы сықылды бізден кеткен аз
емес, ондай көк əперетін бала табылса— ыстығына күйемін, суығына
тоңамын,
ат
жарамаған
жерде
қаламын,
былайғы
көп
ме
айтатындарыңызды өздерің білесіңдер,— деп кезімен айнала отырған
жұртты бір шолып өтіп, болысқа қарады.
Болыс Алшаның сөз сарынына түсіне қалды да:
— Е, Алшеке, олай болса сіздің соңыңыздан ермеймін деп кім айтар
дейсің. Осындай кезеңі келген жерде ел намысын іздеп, ата кегін
қайтарамын десеңіз, жұрт сіздің етегіңізден ұстады,— деді.
Отырған
жұрт
бірауыздан
Қожашқа
батасын
берді,
ауыл


ақсақалдарының бірі тұрып:
— Жарайды, олай ұнатып, баталарыңызды бергесін, бұл балаға мінетін
мықты ат керек, қасына еретін қарулы жігіт керек, Жүсіп үйінін, жайы
өздеріңізге белгілі ғой,— деді.
«Жазғы аттың майын жаудан аяма» деген мақал бар еді, бұл жау емес,
көк əперетін баламыз ғой, мен өзім Сары ала атымды берем,— деп Алшан,
көсемсіді.
Бір жігіт тұрып:
— Менің Дусоғарымнан мықты мал жоқ — біріне сол жарайды,— деді.
Үш-төрт ат шығарып, мықты-мықты жігіттен қасына екі жігіт ертпекші
болып жұрт тарады.
Кісілер тарағасын, Қожаш пен қасына еретін жігіттер аттарын алдырып,
азықтарын даярлап, бір атты Ғайшаға бос алып, жолға шықты. Жақсы-
жақсы атқа мінген жас жігіттердің көңілі көтеріліп, өлең айтып, Қожаштан
Ғайша жайынан əңгіме сұрап келе жатыр. Жолшыбай елсіз-елсіз жерлермен
жүріп, жандысы қараға көрінбестен арада екі қонып, үшінші күні түнде
Əлкең Біркеге жетті.
Қожаштың келгеніне Əлкең Бірке қуанып,— Енді ат тынықтырып
жатыңдар, өздерің де тынығыңдар, деп Жүністі Амантай ауылына хабарға
жіберді.
Серғазы да Қожаштың келгеніне қуанып: «Даярлана берсін,»— деп
Ақсұлу арқылы Ғайшаға хабар айтып, оны да қуантты.
— Ертең Итбайдікі қымыз мұрындық береді, кешке келсін, Қожашты
езің ертіп келерсің,— деп, Серғазы Жүністі қайырды.
Ертеңіне кешке Қожаш, жолдастары қасында, Жүністі ертіп аяң
жүріспен Амантай ауылының сыртына, ел əбден жатқан кезде келіп тоқтап,
Жүністі Серғазыға жіберді. Жүніс келгесін, Серғазы тұрып, шам жағулы
тұрған Итбайдікін көріп:
— Қыз бен шешесі жатпай күтіп отырған шығар, сен барып аттың
қасында қалдағы, мұнда Қожашты жібере қой,— деді.
Қожаш келіп Серғазымен амандасып болғаннан кейін, екеуі далаға
шығып, аяғын ептеп басып, Итбай үйінің арбасынын, түбіне таман
жақындады.
Арбаның түбінде бірсыпыра отырып, олай-бұлай жүрген адам
көрінбегесін, Серғазы Қожашты арбаның түбіне тастап, өзі үйге қарай
жүрді. Үйге жақындап құлақ салып тыңдаса, мен Ғайша сыбырласып


əңгімелесіп отыр екен.
Төсектің үстінде қорылдап, шалқасынан түсіп, Итбай ұйықтап жатыр.
Бұлардан бөтен үйде ешкім жоқ. Қарақұл бес «үн етіп алтыншы күні
келерсің деп Тұрлықұлға хабар айта кеткен. Бөтен адам болмаса да,
кіруімнің жөні болмас деп, даладан дыбыс берудің жөнін тағы таба алмай,
өздері далаға шықпас па екен деп, Серғазы арбаның түбіндегі Қожашқа
қарай жүрді.
Үйден арбаға қарай жүре бергенге, есік алдында үйген бір қаптай
тезектің түбінде жатқан Итбайдың кəрі төбеті, бөтен адамның иісін сезіп,
тұруға ерініп, басын көтеріп, бір-екі рет үрді де, қайта жатты. Қашан болса
да, бөтен кісіні көргенде, бөтен итше шабаланып үрмей, иесіне сездіріп
қана жататын Алыпсоқтың əдеті еді.
Кеп сөйлесіп, жалығып, Қожашты күтіп отырған апасы мен Ғайша иттің
даусын естіген соң, біреу-міреу бар шығар деп далаға шықты. Бұлардың
далаға шыққанын көріп, Қожаш сабыр тұтып тұра алмай, ақырын ғана
дыбыс берді.
Бұл дыбысты естімей Ғайша бірдемеден қорыққандай апасына тығыла
түсіп, сыбырлап:
— Əлгінде Алыпсоқ кісіге үрген сықылды болып еді, апа, ешкім
көрінбейді-ау,— деді.
— Жиен келген шығар, бір дыбыс шыққан сықылды болды ғой...
Ғайшаның дауысын анық естіген соң, манадан шыдамай тұрған Қожаш
пен Серғазы дыбысын шығарыңқырап, отырған жерінен түрегелді. Бірін-
бірі танып амандасып болған соң Ғайшаның апалары алаңдап жан жағына
қарап:
— Жиен жалғыз келдің бе, жолдасың бар ма? — деді.
— Екі кісі жолдасым бар, олар сыртта тұр.
Қожашты көрген соң. Ғайша қуанғаннан бір түрлі жүрегі лүпілдеп, тұла
бойы мұздап, тоңған адамнан жаман дірілдеп, тұра алмай тұрды.
— Берегірек келіңдер,— деп Серғазы бұларды арбадан аулағырақ
шығарып алып:
— Ғайшажан, сені Тұрлықұлға бергеннің ішінде мен де бар едім, сенің
ренішіңді сезіп, көз жасыңа қалам ба деп жүр едім, одан бері мынау
жиенмен көңілің қосылған соң, осы іске кірісіп жүрген мынау ағаң мен
едім. Берілген уəде бойынша, ту Көкшетаудан мынау жиен келіп тұр,
қайтесің? — деді.


— Берген уəдем—уəде, көңілім—көңіл, мен өлсем де, осы жиенмен
бірге өлемін...
— Жарайды, шырағым, олай болса, енді үйіңе барып киініп келе қой.
— Мен біржолата киініп келіп, даяр тұрмын.
— Олай болса, жол ақысы жүрсе бітеді деген сөз бар еді, таң болса
қысқа, енді жүріңдер, құдай беттеріңнен жарылқасын,— деп Серғазы
орнынан тұрды.
— Жүретін мезгіл болды, жолдастарым да алақтап тұрған шығар,— деп
қалтасына қол салып:
— Нағашы, орамал тонға жарамаса да, жолға жарайды деуші еді, мына
бір кішкентай,— деп, Ғайшаның апасы мен Серғазыға бүктелген қағазды
ұсына берді.
— Ойбай, жиен сенен ешнəрсе дəме етпейміз, сендер бақытты
болсаңдар, бізге сол болады. Бізде басқа тілек жоқ, мұныңды қалтаңа сал.
Енді тоқтамаңдар, жолдарың болсын,— деп Серғазы асықтыра бастады.
Ғайшаның апасы Ғайшамен амандасып:
— Қарағым, енді құдай бетіңнен жарылқап, бақытың, ашылсын,— деп
қолын алып, бетінен сүйіп, құшақтап, құшағын айыра бергенде, артынан
манадан бері тыңдап тұрған Итбай:
— Е... е... е... иттер! Не қылып тұрсыңдар? — деп тұра ұмтылды. Бұлар
бет-бетімен қаша жөнелді. Ғайша есінен танып, сасқанынан қалшия қарап
тұрып қалды. Ғайшаны білегінен ұстап, бірауыз сөз айтпастан желкеге екі
түйіп үйге енгізіп, есікті сыртынан тастай қып бекітіп, өзі есіктің алдында
жатқан бақанды қолына алып, «аттаншылап» айқайлап, манағы жерге қарай
кетті. Ол жерде ешкімді көре алмай, бір олай, бір бұлай жүгіріп, айқайлап,
«жау шаптылап» ойбай салған бойымен үйіне келді. Келсе есік өзі байлаған
қалыпта, қатыны жоқ, тердің алдында өн жоқ, түс жоқ, буынын тоқтата
алмай қалтырап тұрған Ғайшаны көріп:
— Тұра тұр, бəлем, əлі бұл күніңді де кезіңнен бір-бір ұшқандай
қылармын,— деп зекірді.
Есіктің алдына қайта шығып, айқайлап, Амантайды, Серғазыны
шақырып, ауылды басына көтерді.
Іс бұзылғасын Серғазы, Қожашпен үйдің сыртына таман еріп
барыңқырап:
— Жиен енді бұл іс бұлай болды ғой, маған ренішің жоқ шығар. Бірақ
күдеріңді үзіп, тауың шағылмасын, енді Тұрлықұлға барған соң аңдысаң,
қолға оңайырақ түсірерсің. Біркемен ақылдаса кетерсің, əзіріне елге аман


есен жетудің қамын ойла,— деп аттандырып, үйіне келді. Серғазы
«Амантайлап!» шақырып жатқан дауысты естіп, ешнəрсе сезбеген кісі
құсап, Итбайдікіне қарай жүрді. Мезгілсіз уақыттағы дауысқа ауылдың
əйел, еркегі тегіс оянып, Итбайдікіне жиналып қалған екен.
— Не болып қалды? Амандық па?—деп Серғазы да үйіне кіріп келді.
Бір-бір баласын құшақтап, құлақтарын түріп Итбайдың сөзіне тамсанып
қатындар отыр.
Төрдің алдында ескілеу қой жүн шекпенін бүркеніп Амантай отыр.
Анда-санда: «Бұл не деген сұмдық, бұл не деген пəле!» — деп қояды.
Былайғы жастар жағы еліріп:
— Кім екенін білдің бе? Қолға да түсіре алмай қалған екенсің, сойып
алатын...— деп кеу-кеулесіп отыр екен.
Итбай көрген-білгенін Серғазыға да баяндап өтті Мана тұрған кісілердің
кім екенін айыра алмай қалған екен). Итбайдан қоржын қатыны əлі үйге
кірген жоқ. Манадан зарлап жылаған Ғайша керегені құшақтап əлі жылап
жатыр. Бір-екі жас əйелдер төсекті жағалап, жұбатайын деп, Ғайшаға
жақындап:
— Еркем, неге жылайсың? Жылама!.. Қой, қой, шырағым, бөтен біреу
естісе ұят болар, ағаң саған ұрысып отырған жоқ, апаңа ашуланып отыр,
қой шырағым,—деп жұбатқан болып еді, болмады.
Бірсыпыра мезгілден соң Амантай:
— Ғайшажан, жылама, шырағым! Мұндай іс əркімде де болатын, бір
қате болған шығар, ештеме етпес, қой, шырағым! — деп жұбатқан болып
еді,— бұған да болмады.
Ғайша жұбатқанға болмаған соң, Амантай:
— Итбай, енді сен де қой! Қазақта мақал бар да: «адасқан деген жігітті
қараңғы тұман адастырады» деген сондай-ақ, бір қате болған шығар, келін
де əйелдік қып, баланы азғырған шығар, кетіп қалса қайтер едің, əзір
амандық қой. Ашуыңды бас,— деп Итбайға қарай ауды. Біраз отырып:
— Əлгі келін қайда екен? Ұялып үйге келе алмай жүрген шығар, бар,
Жұмаш, шақырып келші, молдамен табыстырайық,— деп көтеріліңкіреп
қойды.
Қатыны үйге кіргесін, Итбай ұшып түрегеліп, манадан қысып тұрған
ашуымен қатынына оттың басындағы бір күйген шаланы ала ұмтылып еді,
жұрт жібермей тоқтатты. Жиылған жұрт Итбайдың ашуын тоқтатайын деп,
ана-мынаны əңгіме қып сөйлесіп, таң атқанша отырды. Таң атқан соң,
Амантай:


— Енді біз тарайық, қалған бес-алты күнге берік бол, Итбай,
сақтығыңның пайдасын бір көрдің ғой, өткен істі қозғап, үй ішінін,
мазасын ала берме? Жұмаш, сен бүгін осында жат, деп далаға шығып
қотанды бірер айнала айтақтап, үйіне кетті.
Қалғып, шұлғып отырған қатындар да ұйықтап қалған балаларын
жылатып, үйлеріне қайтысты.
Ғайша жылап-жылап, əбден талыққан соң көзі ұйқыға кеткен. Есікке
ішінен кіс.ен салып, Итбай да жатып қалды. Ақсұлудың оңашада сабайын
деп еді, Жұмаш бой бермей сабай алатын болмаған соң қойды.
Амантай үйіне келіп, қатынына:
— Ғайшаны алып қашайын деп жүрген кім екен? Осы ауылда осыны
білетін біреу бар ғой... Сен сөздің бе, қатын? Серғазынікіне жиен не қып
келгіштеп жүр еді? — деді.
Серғазы деген сөзді қатыны жаратпай:
— Өзің алжиын деп жүрсің, білем! Мырза жігітте не бар? Өз басын,
аман ғой! Жай жүрсейші,— деді.
Бұл — Амантайдың алғашқы қатыны Ажар өлген соң алған тоқалы, өзі
би кісі. Қатыны жақтырмаған соң Амантай жым болды.
Талығып ұйықтап жатқан Ғайша түс керіпті. Түсінде Қожаш бұны алып
қашып еліне апарған екен. Қожаштың аулы бір көлдің, жағасында. Ауыл
айнала жатқан мал, езін бір оңаша үйге енгізіпті. Үйдің іші тіреліп тұрған
жасау, бір босағасында иілмей тұрған қара саба, үйдің іші толған қыз-
бозбала екен. Бозбалалар домбыра тартып, елең айтып отыр. Ғайша оларға
қымыз құйып беріп отыр екен. Осылай отырғанда, үйге екі көзі қызарған
ұзын бойлы, жуан, денелі бір шал кіріп келіп, Ғайшаның қасына отырды.
Шал келген соң қыз-бозбала асып-сасып, бір-бірлеп үйден шыға бастады.
Шалдан қорқып өзі де шығайын деп еді, отырған орнынан тұра алмай
қалды. Енді есікке қараса, үсті басы алба-жұлба, үйге кіруге бата алмай
Қожаш тұр. Есікке шал қараса, Қожаш кейін шегініп, Ғайша қараса, берірек
келіп, есікте көпке дейін тұрды. Ғайша: «Не қылып тұрсын, жиен?
Үстіңдегі киімін, қайда?» — деп есікке қарай бергенде, қасында отырған
шал: «Онда нең бар?» — деп ақырды.
Шошып оянып кетсе, үйдің іші шай ішіп отыр. Итбай қатынына
шаңқылдап ұрсып отыр екен. Əлгінің бəрі түсі екенін біліп, неге жорудың
ретін таба алмай, түндегі оқиға есіне түсіп, Ғайша теріс қарап жатумен
түске дейін жатты. Апасы жанына бірнеше рет келіп:
— Ғайшажан, тұр, күн түс болды, шаршадың ғой, қалқам! Үйге біреу-
міреу келсе, ұят болар, шайың қайнап тұр,— деп еді Ғайша:


— Басым ауырып жатыр, апа, тұра алатын емеспін...— деді.
Бір мезгілде Ғайшаның, жанына Итбай келіп:
— Тұр, бие сауайық! — деп үйден шығып кетті.
* * *
Бие саудырып жүріп Итбай қатынына:
— Басыңда бір шайнам миын, жоқ ит болмасаң, Тұрлығұл болмаса, осы
малды бізге кім берер еді? Жан-жағыңа қарашы! Ілуде бір үй болмаса, он
екі бие сауып отырған кім бар? Қызыңды бір кедеймен қашырып
жібергенде, ертеңіне Тұрлықұл келіп осы малды түк тастамай айдап кетпей
ме? Өзі азулы бай, қарайған би-болыс езінікі. Біздің кімге төтеп бергендей
шамамыз бар,— деп Итбай ұрсумен болды.
Бишара Ғайшаның жарық, күндері қараңғы болып, көңіліне қуаныш
беріп, сеніп жүрген ісі орнына келмей қалған соң, қайғырып, қапаланып
құр сүлдесі ғана жүрді. Байғұстың, ешнəрсеге көңілі жар бермей, жөнді
тамақ іше алмай, алмадай қызыл бетінің нұры солып, жұртта қалған қу
шүберектей бозарып, өлім хəліндегі ауру адамдай ғана күйі қалды. Жатса-
тұрса Қожаш есіне түсіп, көзіне елестеп, көңілінен еш уақыт кетпеді.
Ғайшаны бұл халінде көрген адам, қандай қатты жауыз болғанмен де: «Ей,
бишара-ай» дерлік болды. Бұл дерттің үстіне Итбай Ғайшаны күндіз
көзінен екі елі таса қылмай, түнде есікке кісен салып жүретін болды.
Тұрлықұл келетін күні, Итбай ауылынан: кілем, көрпе, жастық жинап,
төсеп, үйді жайнатып қойды.
— Бес-алты күннен бері жинаған бір саба қымыз иілмей тұр. Сол күні
дүниеге қолы тегіс жеткен адамдай көңілді, қуанышты жүрді. Түс ауғаннан
былай қарай, үйде дамыл көріп отыра алмай, далаға бір шығып, үйге бір
кіріп, Тұрлықұлдың «елетін жағына арбаға шығып қарап тынышсыздана
бастады.
Екіншіден жоғарырақ шаңдатып келе жатқан екі арбалыны көріп,
арбадан секіріп түсіп, сүрініп-қабынып үйге кірді. Күйеу келіп қалғанда,
қатын, сен не қылып отырсың! Тұр! Ғайшаны Амантайдікіне апар, сонан
соң кел де, сабаны пісе бер, тұр! Тұр! —деп өзі қайта далаға шықты. Есік
алдында тұрып Итбай дауыстап:
— Күйеу «өліп қалды, түсіріп алайық, мұнда келіңдер!— деп Амантай,
Серғазыны шақырды.
Итбайдың дауысын естіп Амантай асып-сасып, қыстыгүні Тұрлықұлдан
киген киіт шапанының бір жеңін киіп, бір жеңін кимей сүрініп-қабынып
үйден шықты.


— Келіп қалды ма? Қай жерде желе жатыр?—деп Амантай да асып-
сасып күркілдеп жатыр.
— Келді, шаңдатып келе жатыр! Ай, Əмеке-ай! Қанша айтса да, бай
жақсы-ау, кедей болса арығын көтке түртіп итпектер еді,. ана қарашы,
бұрқыратып келе жатқанын! — деп, Итбай қырдан құлаған қара жолға
қарап қолын шошайтты.
Итбайдың дауысына жалғыз Амантай емес, ауылдың бала-шаға, қатын-
қалаштары да жиналып қалды.
Құда, күйеу де келіп үй сыртына оңашалау тұрған арбаға тоқтады. Итбай
жүгіріп барып, қолын қусырып Тұрлықұлға сəлем беріп, қолын алып,
қолтықтап түсіріп, жалбақтап жатыр. Əбіш қуды Амантай құрметтеп алып,
амандасып, бұ да жалбақтап қалды. Амандасып болған соң, Итбай
қонақтарды үйге қарай бастады.
Түксиген қалың қабақты, сақал-мұрты бурылданған еңгезердей, жалпақ
мұрын қара шалды көрген жас əйелдердің бірсыпырасы:
— Мұның байлығы құрсын, — деп, кейбіреулері:
— Еркемнің садағасы кетсін,— деп беттерін шымшып, үйлеріне кетті.
Сол кеткеннен бұлар: «Еркежанды малға қызықтырып өлердей шалға
бергені несі?» — деп, ойын-тойға келген де жоқ.
Үйге таман келе жатып Əбіш қу:
— Молда, ана жетектегі қара құнажын, тойға союға əкелген малымыз
еді, жетектен шештіріп алып бөлек байлатасыз ба, қайтесіз? —деді.
Байталдан көзін айырмай тұрған Итбай:
— Жануарды кісінің көзі қиып соятын мал емес екен. Жұмаш, ана
байталды ана арбаға байлашы, — деді.
Кісілер шешініп отырмастан-ақ, Итбай қатынына:
— Тұр, мынау күйеу, құдамызға қымыз құй, күн ыссы, бай шөлдеп
келген шығар, шайды асықпай қоярсың, — деді.
Қымыз ішіп отырғанда, Итбай Тұрлықұлдан амандық сұрап отырып:
— Бай, биыл неше құлынды биеңіз бар? —деді.
Амандықты айтып, биенің санына келгенде Тұрлықұл күрмеліңкірей
беріп еді, Əбіш отырып:


— Байдың несін айтасың, биыл тайына дейін құлындады, үш жүзге
тарта бие шығар,— деді.
Итбай көтеріліңкіреп, Амантайға қарап:
— Бізге соның, жартысы бітсе де жарар еді-ау, Əмеке, ə?—деп
жымыңдады.
— Е, құдай бұйырса бітер,— деп Амантай аяғын босатты.
Кісілер қымыз ішіп, əзілдесіп ойнап-күліп отырып, салқындайық деп
далаға шықты.
Далада бұлар тек отырмай, жұмыстарын бітіре отырды! Əкелген
кəделерінің жөнін естіген соң Итбай:
— Бəрі де жарайды ғой,— «ит ырылдатар», «бақан аттар», «қол
ұстатар», «отқа құяр» деген ырымдарын, бар шығар, бірақ біздің бала
байдың астынан ат мінем, үстінен киім аламын дейді, оның реті қалай
болар екен? —деді.
— Мұның мəнісін мен білмеймін, күйеуіңмен сөйлесіп көрейін. Сіздің
қалаған үлкен жирен мен ырыссақ торыны бермес, берсе, Қарақұл мінетін
аттары бар ғой...— деп Əбіш жер шұқып темен қараған болды.
— Ой, құлағыңды ұрайын, екі мəстекте не тұр еді, жылатып-сықтатып
Ғайшамды да берейін деп отырмын ғой! — деп Итбай орнынан тұра келді.
Амантай:
— Қайда барасың молда, отыр! Ашуланғанмен көрмейтін жер емес, бай
естіп, ашуланып жүрер,— деп Итбайдың етегінен тартты.
Бай деген сөзді естіп, төбеге ұрғандай отыра қалып:
— Тəйірі, атты мен қайтейін... Əлгі бала болмаса,— деп күйбіжіктей
берді.
— Ат туралы мен баймен ақылдасайын деп,— Əбіш Тұрлықұлға барып,
Итбайдың сөзін айтып еді, бай ашуланып:
— Осы иттің қызына бергенім аз ба? Болмаса менің малыма қыз
табылмайтын ба еді, неге маған бұлдана береді, ерегіссе мен мына
малымды айдап кетермін,— деп қылқанын тікірейте бастады. Əбіш:
— Қой, бай, ашуланбаңыз, бітейін деп тұрған іске білте салмаңыз.
Жалыныштысыз ғой, бұған жылқыдан бір бесті беріңіз, киім дегенге он сом
ақша беріңіз. Қызын алған соң біз де құйрықты сыртқа салармыз,— деп
ақыл салды.


Бай ашуын баса алмай, бірсыпыра зіркілдеп отырып əрең көнді. Ат пен
ақшаны естіген соң, Итбай құлдық ұрып қалды.
Түнде кісілер қонақасын ішіп жатқан соң, Итбай Амантай мен
Серғазыны оңаша шығарып алып:
— Тойды қалай істеп, қалай қоямыз?—деп ақылдасты.
Амантай тұрып:
— Той деген не?! Ертең ана əкелген байталды жаныңа қалдыр да, бірер
қой сойып, осы өзіміздің ауылдың шалдарын шақыр да, батасын алып,
балаңды жөнелт! Үлкен той қылып, топыр сайлаған соң, былтырғы
Құдабайдың тойынша төбелес болады, ішкен мас, жеген тоқ, уақыт жоқ,
сөйтіп арты бір жанжал болар, — деді.
Байталды жаныңа қалдыр деген сөзді Итбай теріс көрмей:
— Өздеріңе ұнаған маған да ұнайды ғой,— деп сөзді көңілсіздеу
шұбалта салды.
Тұрарда Итбай Серғазыға:
— Шырағым, сен Əмекең үйіне барып, Ғайшаның жылауын қойдырып,
ана кісілерден ұят та,— деді. (Кешеден Ғайша дым татпастан жылап
жатқан.)
Төсекте жатып Итбай қатынына сыбырлап:
— Сең қатын, тұр, Серғазының үйіндегі келінге бар, Ғайшаны əкеліп
Тұрлықұлдың қасына жатқызсын, бойы үйренуге жақсы ғой, бар! — деді.
— Не болса да, барған соң біржолата көрер,— деп Ақсұлу Итбайдың
сөзін жаратпай, теріс қарап, ауыр күрсініп жатты. Қатынымен жанжал
шығаруға Итбай да ұялып, дымы құрып, көрпесін серпіп тастады.
Бірсыпыра жатқан соң, Итбайдың көңіліне қорқыныш кіріп, əрнемені
бір ойлап, өткен түндері есіне түсіп, түйткілсіп үйықтай алмады. Ғайшаны
қашайын деп жатқандай керіп:
— Ой, бір масқара болармын, екі түнде ұйықтамай-ақ қояйын, амандық
болса, ұйқы қанар,—деп жатқан жерінен түрегеліп, сол түнді ұйықтамай,
Амантай үйін айнала жүріп, таңды кезімен атқызды. Екінші түнді де солай
еткізді.
Күндізгі той болмаса, түнгі ойын болмады.
Итбай мұратына жетіп, Ғайшаны жөнелтіп, қарасы көрінбей кеткенше
қарап тұрып, əбден көрінбей кеткен соң, — » — деп демін бір-ақ алып:


«Жат жұрттыққа жаратылған бала деген осы-ay, қызды бала деп асыраудың
керегі, қой өзі,»—деп, үйіне кірді.
Ғайшаның арбаға мінерде жылауға да шамасы келмеді. Бес-алты күннен
бері жөнді ас ішпей, жылаумен болған байғұс—бүгін талықсып ессіз
адамша сенделіп кетті.
Апасы апарып салған соң бір жеті қонып еліне қайтты. Ағасы кеткен соң
өзін айнала жаудың ішінде қалғандай көріп, жатса-тұрса Қожашты ойлап,
ешбір хабар болмаған соң, күннің көбін жатумен еткізіп жүрді.
Ғайшаның бұл ісіне Тұрлықұл разы емес, өзіне көңілі толмай жүргенін
əбден білді. Тұрлықұл бұрын: «Кедейдің қызы ғой, мына дəулетті көрген
соң, менің шалдығым есінен шығып, елігіп кетер, бірте-бірте үйренген соң
аяғымды сыйлап, мəсімді тартып, күтетін болар,»— деп ойлаушы еді. Жоқ,
ол ойдан шықпады.
«Мұны əуелі бір тəтті тіл, жұмсақ көңілмен алдап көрейін,» — деп, олай
етсе, бұлай өтсе Ғайшаның асты-үстіне түгін бəйек бола бастады. Бір
мезгіл қасына отырып:
— Басың, ауырып жатыр ма? Неге көңілің шабады, шай қойдырайын ба,
ет астырайын ба?—деп те сұрап қояды.
Елге келген бір саудагер ноғайдан жаңа көйлек, қырмызыдан камзол
əперіп, керегіңе жұмсарсың деп он шақты теңгенің күмісін де беріп қойды.
Бір жетідей өстіп көріп еді, Ғайша оған елігетін болмады. Ғайшаның
қалпын көрген соң Тұрлықұл: «Қой, аюға намаз үйреткен таяқ деп еді, бұл
күңді қорқытып көрейін», деген ойға келді. Бір күні жоқты сылтау қып,
Ғайшаны жатқан жерінен сүйреп сабап, ақырып, зекіріп, қорқытып та
көрді, болмады. Түнде бөлек жатқан жерінен сүйреп төсегіне жатқызып та
көрді.— Болмады.
Осымен бір жеті, он күндей етті. Сорлы болған Ғайша, басқа түскен іске
көнбегенімен амал жоқ, сүйектен еткен сөз бен еттен өткен таяққа шыдап
жүрді.
Бір күні, күндіз ыссы дала шаңқай түстің талмау мезгілі, бай іргені
түрдіріп, қарнын сипап жатқан.
Ғайша ас үйде беті-қолын жуып отыр еді, қойшы бала келіп:
— Апа, сен не білдің, менің саған бір сөз айтқым келіп тұр, — деді.
— Не айтасың, айта ғой, — деп Ғайша таң қалып, қойшының бетіне
қарады.
Қойшы бала есікке қаран:


— Осы қотанның шетіндегі анау үлкен қара үй біздің үй. Біз осы ауылда
екі-үш жылдан бері қоңсылықта отырмыз. Біздің Бірке дейтін жиеніміз
болатын. Ағам сол жиендікіне амандықта барып, бүгін келіп отыр. Бірке
саған сəлем айтыпты, Қожашты ертіп бүгін түнде келемін, саған даяр
тұрсын депті. Олар келе қалса, мен саған хабар беремін. Менің хабарым көз
қысқан болар...— деп, біреу естіп қалған жоқ па деген кісіше, жан-жағына
қарап, жымиып күлді.
Ғайша: «Қойшы,»—деп, нанарын да, нанбасын да білмей, ішінен
немқұрайдылау қып:
— Жарайды,— деді.
Осыны айтып қойшы бала шығып кетті.
Мұны естіген соң, Ғайша рас екенін де, өтірік екенін де біле алмай ойға
қалды; қойшы баланың осы ауылдың қоңсысымыз дегені рас-ау, сірə,
əнеугүні Тұрлықұл ұрысқанда,— қаңғырған неме, күл қылып ұшырып
жіберейін,— деп жатыр еді,— қоңсы болса, қоңсы шығар. Рас болғанда,
қалқамның тауы шағылып мені ұмытпай жүргені ғой, қайткенмен де даяр
тұрайын,— деп көңілі селт еткендей болды.
Кешке байдың төсегін салып жүріп, қойшы бала Ғайшаға қарап көзін
қысып, бетін тыржыңдатып қояды. Бай төсегіне жатқасын, қойшы бала
көрпесін жауып, қолымен нұқығандай болып, Ғайшаға қарап көзін тағы бір
қысып, далаға шығып кетті. Күндегі қалыппен Ғайша бірсыпыра отырып,
қойшы бала кіріп, шығып көзін қысып дамыл бермеген соң, шапанын
бүркеніп далаға шықты.
Қойшы балаға еріп үйден «əу» дегендей жерге шыққанда, қараңдаған екі
кісінің қарасы көрінді.
Жақындап келіп Қожашты танып, Ғайшаның жүрегі лүпілдеп, буыны
қалтырап, мойнына қалай асылғанын білмей де қалды. Шамасы келіп
айтқан сөзі:
— Ғашығым, теңім, құтқар!—деген сөз болды.
Көңілсіз болып жүрген Тұрлықұлдың далаға шыққан Ғайшада жұмысы
жоқ, бəйбішесін есіне түсіріп, баласы жоқтығы да көңіліне кіріп, түрлі ойға
түсті:
«Жас қатын құшақтап көңілімді жасартып, иісті болам ба деп бұл
қатынды алып едім, оның жөні келетін емес. Бұл бұлай болғанда, осы күнді
өзіне көп қылайын, егер бұл қылығын қоймаса, осы малдың арқасында,
тағы бір қарап алайын; сөйтіп мұны күн, есебінде жұмсайын,— деп ойлап
жатып, көңілін жұбатқандай болып, көзі ұйқыға кетті.


Таңертең бай далаға шығайын деп тұрса, күндегі бүктеліп жататын
жерінде Ғайша жоқ, босағада қойшы бала жатыр. Қойшы баланы оятып:
- Əлгі осы үйдің қатынын көрдің бе? — деді.
— Жоқ, түнде төсегін салып беріп жатқызып, есікті байлап, шамды
сөндіріп жатқам, сонсын білмеймін...— деп қойны көзін уқалай, тырбана
түрегелді.
— Тұр, осы маңайды байқашы! — деп далаға шығып келіп, жатайын деп
еді, түйткілсіп жата алмай, киіне бастады...
Далаға шықты. Маңайда Ғайша көрінбейді. Ауыл үйден деп кеткен
қойшы бала да келді. Ғайша жоқ. Тұрлықұл бір болғанын біліп, ауыл
адамдарын шақыртып алды.
Ауыл тегісімен жиналып келгеннен соң, осы ауылға келген адам бар ма?
—деп тасқабақтай қағыстырып тексере бастады. Ондай сезікті ешнəрсе
таба алмаған соң, жылқыны ерте əкелсін деп хабар беріп, ат алдырып, жан-
жаққа іздете кісі шаптырды.
Бір кісіні Итбайға жіберді. Түске дейін іздеп жоқшылар таба алмай
келген соң, бұл Қожаштың ісі екенін біліп, болыс-билер дос-жарларын
шақырта шапқын жіберді.
Үш-төрт күннің ішінде Тұрлықұл ауылының, үсті опыр-топыр болды.
Тұрлықұлдың қатыны кеткенін намыс көрген би-болыстар, байлар, қорықса
да, ағайын туғандары жиналып келді. Жалғыз-ақ Жартастағы ағайыннан
жан жоқ. Екі-үш кісі жібергенге келмеген соң, Тұрлықұл əдейі Əбішті
жіберді.
— Бар! Ел ме екен жау ма екен соны біліп кел,—деді.
Əбіш барып:
— Ағайын емес пе едік, ер намысы — ел намысы деген қайда?
Тұрлықұлдай байымыздың қатыны кетіп жатқанда, шақырса да
келмедіңдер, ел екендеріңді, не жау екендеріңді аузыңнан біліп кел деп игі
жақсы би-болыстар жіберіп отыр мені,— деді.
Жартастың қызыл сирақ кедейлері, Бірке, Əлкең Жүніс бас болып:
- Е, Медеу дейтін ел, кедей болсақ та, біз де Атығайдың бір баласы емес
пе едік; жазығымыз жоқ еді, бірақ бес-алты жылдан бері қарай Тұрлықұл
бізге не көрсетпеді. Содан бері біз де жаумыз. Бастаған езі. Кедей ағайынын
басына күн туғанда ғана тапты ма? Жесір намыс болатын болса, ана жылғы
біздің жесірімізді қайтарсың жер намысы болатын болса, Кеңшалғынды
қайтарсын. Нанса, бұл іске біздің қатысымыз жоқ, нанбаса, езі біледі. Бірақ,
теңдігімізді алмай, бізде ағайыншылық та жоқ, о да есіңде болсын, міне —


біздің айтарымыз осы,— десті.
— Менің білейін деп келгенім сол еді,— деп, ылғи кедейдің, ыңғайын
танып, бөтен сөз айтпай Əбіш ауылына қайтты.
* * *
Əбіш келіп, Медеудің келмей жатқан мəнісін айтқан соң, бастығы
Тұрлықұл, би-болыстар болып күрілдесіп, пəледен-пəле тастамай
орнатпақшы болып, Бірке, Əлкендердің басын Сібірге жібермекші болып:
«Қой, ол қолда ғой, мынау ісімізді реттейік», деп ақылға салды.
Жиылған жұрттың бірсыпырасы:
— Сайлап қырық, — елудей кісі аттандырып, таза сол қатынды тартып
алайық,— деді.
Бірсыпырасы:
— Кісі аттандырып, ел шетінен мал алдырсақ, сол қатынды еңбексіз,
толғақсыз өзі-ақ əкеліп тастамай ма?—деді.
— Оны да қойып, мұны да қойып, кісі жіберіп, алдынан өтсек қайтеді,
бір тентектің ісіне бола, ел арасына от салмас, қатынды қайырар,—
дегендер де болды.
Əрі ақылдасып, бері ақылдасып, «О дағы ел ғой, оның да игі жақсылары
бар ғой; ең əуелі алдынан етуіміз жөн болар»,— деп қасына бес-алты
ақсақал ертіп, Əбіш, Байғазыны жібермекші болып, бір жетіден бері опыр-
топыр болып жатқан жұрт тарқасты.
* * *
Екі-үш күн сайланып, жандарына жол білетін үш-төрт жігіт ертіп, небəрі
он шақты кісі болысып Байғазы, Əбіш Қарауылдан жесір даулай шықты.
Бұлар тура жүріп отырып, Мырзаш дейтін болыстікіне келіп түсті. Жөн
сұрасып, келген жұмыстарын айтқан соң, Мырзаш, Алшаңды, тағы бөтен
ел адамдарың шақыртып алып, кісілердің келген жұмысын айтты, Алшан,
тұрып:
— Жарайды, мұндай жұмыс бұрынғы-соңғылықты болатын, іргелес
отырған елдің азары болса да, безері болмас деген. Ахмет, сен бас болып
мына кісілердің шаруасын бітіріңдер,— деді.
Қожаш Ғайшаны алып келгеннен бері қарай билері алатынын алып,
даушыға айтатын сөзін ақылдасып, бір ауызды болып қойған ел бірер күн
сөйлескен болды; жиналған ақсақалдар:


– Келген жесірді қолдан бере алмаймыз, беретін теңдігіміз де жоқ; ол
елде біздің де талай теңдігіміз кеткен, би-болыстар алдымен соны əперсін,
болмаса біздің бітіміміз жоқ, — деп Ахметті билерге қайтарып жіберді.
Ахмет, Байғазы, Əбіш, Мырзаш Алшаңға келіп сөз бастады.
— Біз жиылып, бір-екі күннен бері қарай əрі сөйлесіп, бері сөйлесіп
ешнəрсе бітіре алмадық. Көптің, айтатыны мынау: «Іргелес отырған екі
елдің арасында, мұндай жесір дауы жалғыз бұл емес, ертеден үзілмей келе
жатқан ауру ғой, — дейді. Оның бер жағында, жесір керек болатын болса,
Байекең, мен Əбен, су асып, дау қуып келген соң, елдің міндетін алып
келген шығар деседі. Іс бітіру деген жақсы нəрсе, елдің тыныштығы біздей
шаруаға керек қой, өткенді теріп, сүйместің ісін істемейік, Байекең мен
Əбең алдымен соңғы екі-үш
жылдағы жесір дауын бітірсін сонсоң бұл жұмыстың бітуі оңай ғой», —
деседі.
— Ана жылғы қызбадан келе жатып Тұрлықұл ақсақал, тоқтыны місе
тұтпай, жөнді қонақасы бермедің деп, біздің жамап Қойбағардың атын
барымталап сіңіріп кетіп отыр. Оған не айтады екен Əбең мен Байекең
дейді,— деп Ахмет сөзін тоқтатты.
Бір кезде Алшаң, қысылып, қынжылғандай боп сөз бастап:
— Жұрттың бұл не қылғаны. Ахмет, сен əлі де болса да бар. «Ант аумай,
ат шаппас» деген, бір тентек үшін елмен жауласып, қырыламыз ба?
Қайтарсын Байғазының жесірін! — деді.
Ахмет тұрып:
— Елге баратыны жоқ, елдің, сөзі қысқа, үзілді-кесілді əлгіні айтты да,
опыр-топыр болып осында қырыламыз ба деп өздері тарап кетті,— деді.
— Онда сөз бітті ғой, — деп Алшаң жанында тұрған жастыққа қисая
кетті.
* * *
Елдің ыңғайын байқап, іс бітпейтін болғаннан соң: «Енді бетімізден
көретін болдық қой»,— деп, тістерін қайрап, Байғазы, Əбіш жолшыбай
қона-түстене елге қайтты.
* * *
Байғазы, Əбіш елге келген соң Тұрлықұл ызаға, намысқа шыдай алмай,
тағы да ат шаптырып, өзіне қараған би-болыстарды, елді жинап алды.
Жиылып келген жұртқа Тұрлықұлдың айтқаны мынау болды:


— Біріншіден қызыға желіктіріп қашырып жіберіп отырған Итбайдың
өзі болмағанмен қатыны, одан малымды алып беріңдер, тағы сол Амантай
аулында Серғазы дейтін бір неме осы қатынды азғырушының бірі деп
естимін, одан ат-тон айыбымды əперіңдер. Екінші, сіздерден бір тілегім,
кеткен қатын кетсін, мынау Қарауылдан кегімді əперіңдер, сол екі тілегім
бар сендерден— деп түксиген қабағын қарс жауып, төмен қарады.
Жиналған жұрт əрі-бері сөйлесіп, Қарауылдан мал алдырмақшы болып
одан келетін пəле-жалаға Тұрлықұл болыс, Байғазы, Құрымбайлар ие
болмақшы болды. Жұрт барымтаға аттануға сайланып жатқанда, Итбайдан
малды қайырып, Серғазыдан айып алмақ үшін Байғазы, Əбіш кетті. Бұлар
Амантайдікіне түсіп, келген жұмысын айтты. Амантай момын шаруа
болғанмен де намыскер, табан жолына мықты кісі еді. Кісілер асын ішіп
болғаннан соң, Амантай Байғазы, Əбішке:
— Сіздер отыра тұрыңыздар, мен Итбай мен Серғазыны шақырып алып,
сіздің жабдығыңызды сөйлесейін,— деп далаға шығып, Серғазы, Итбайды
шақырып алды. Ағайындарын шақыртып алып, таң атқанша оңаша кеңесті.
Бұл кеңесте жиналған момын шаруалар:
— Жазығымыз — Тұрлықұлдың, жасына қарамай қыз берген едік,
қорықсақ, сыйласақ та, би-болыстардың тілегінде болған едік, келсе
жалпылдап қонағасымызды берген едік, енді мұнысы қалай? — десті.
Жұмаш тұрып:
— Қолына берген соң қатыныма ие болмадың деген Тұрлықұлдікі не
сөз, ат-тон айыбы не?—деп шаңқ ете түсті. Серғазы деген не сез! Қыз бен
жігіттің бозбалашылығының тетігі осында ма еді? — деп Сəрсенбай да
ереуілдеді.
Олай-бұлай сөйлесе келгенде, жиналған шаруалар:
– Қой, Тұрлықұл мен би-болыстар дегенін істеп отырсақ — ел екен де,
дегенін істемесең—жау екен! Төрт-бес жыл араздасқан Медеуге де ештеме
қылып отырған жоқ. Сол Медеу біз сықылды момын шаруа ғой, барып
қосылайық та, тілектес болып отырайық, құдай сақтар! —деді.
Жиылған жұрттың бұл сөзін Амантай да ұнатты.
Ертеңіне мал түгіл айып та ала алмай, Байғазы мен Əбіш айтып келе
жатып: «Бет қайтыс бола берді-ау, қырсыққа бастаған бір жұмыс болмаса
жарар еді»,— деп мұңайысады.
Амантай Серғазыны шақырып алып:
— Сен жаныңа мына ауылдан кісі ертіп, Медеумен сөйлесіп кел, мəн-
жайды айтарсың, іргелес отырған ағайынды момын ел ғой, уəдені нық
байлап кел,— деді.


Серғазы он шақты кісі болып барған соң, Жартастағы ел: — бізге де дос
табылатын күн бар екен ғой,—деп қуанысып, жібермей, екі-үш қондырып,
лағы бары лақ сойып, соқтысы бары тоқты сойып, сыйлап қайырды.
Жұрт шөпке түсер «езде, Кеңшалғынды шабуға Серғазы отыз орақшы
берді, ішінде Итбай мен Қарақұл да бар. Осы к.алыппен Медеуге де ел
табылып, бұрынғы билеп-төстеп жүрген елінен айрылып бара жатқасын,
ақыры қалай болады деген ойға қалып, алдыңғы болашақ істі еске алып,
болыс енді Кеңшалғынға бой сала қоймады.
Байғазы, Əбіш келе даярланып тұрған барымташыларды аттандырды.
Қалған жұрт аман мал əкелсе екен деген тілекте.
Бұлардың тілегі де болды. Көп ұзамай-ақ, барымташылар жүз елудей
жылқыны айдап келді.
Барымтаның ақыры мұнымен біткен жоқ, — Қарауыл да тек жатпай, ел
шетінен о да мал алғызды.
Бұл барымтаның ішінде біреудің жалғызы, біреудің, екеуі Кеткендер не
сан.
Барымтаның сораңгелдесінен адам өлу де болды. Сойыл жығылған не
сан... Істің басы барымта болса да, аяқ жабарым та сылтауымен ұрлыққа да
айналды.
Тұрлығұл мен Байғазының екі жүздей жылқысы барымтаға түсіп, сағы
тағы бір сынды. Барымта бес-алты жылға созылып, екі елдің, тынышы кете
бастаған соң, ара елден кісі жүріп, барымта-сырымтаны тоқтатып екі елді
бітірді...
* * *
Байғазы Есмұраттың келіні Жібекті ешкімге бере қойған жоқ еді.
Жиенбай жүз теңге ақша мен бөтен малға разы болғанымен Қаракер
атымды қатынсыз өтсем де бере алмаспын дейтін. Құрымбай:
— Өзің аман болсаң, ат табылмаушы ма еді, Байғазыға атыңды бер де
қатын ал,— дейтін. Есек дəмелі болып Байғазы жүруші еді.
Бір күні Байғазы Шалқанды Жібекке жіберіп:
— Келін ана-мынаны қойып, Тұрлықұлға тисін. Болмаса басып-көктеп
Есмұраттың өзіне қосамыз. Таңдауы өзінікі. Осы екі таңдаудың екеуіне де
көнбейін деп ақылсыздық қылып жүрмесін!..— деп сөз салды.
Есмұраттың келіні жиырма-жиырма үшке келген кісі еді, өзі тым күйеу
таңдамастық та əйел емес еді. Шалқаннан байдың сəлемін естіген соң, əрі


ойлап, бері ойлап, əлдекімге қосақталып кетем деп, «тием» деген уəдесін
берді.
Байғазы Тұрлықұлды шақырып алып, Жібекті арбасына салып жіберді.
Есмұрат: «Мені қайтесің?» — деп жылап келіп еді, «Сен ит, өз қатыныңа ие
болсаң жарамай ма»,— деп Тұрлықұлдан бірлі-жарым қара əперіп, оның
көңілін тапты.
* * *
Бұдан кейін он жыл етті. Шөпті аяқтап, егіннің піскен кезі еді.
Таласа біткен жыныстай қайың мен қарағайлы ағаштың алаңқысында,
қыстаудан шақырым жарымдай жерде, ортасында жалтыраған суы бар
томардың жағасында, қоңырлау бес қанат үй тігулі тұр. Бала жасырынатын
сыбызғы қурай мен capы бас жоңышқаны сызып, арқасы ғана көрініп,
үйден шақырым жарымдай жерде, ірілі-уақты он шақты сиыр жайылып
жүр.
Үш құлын байлаған желінің басында жеті-сегіз жылқы үйездеп тұр.
Майыса біткен шие мен бүлдіргенді араласаң, тізеден төменгі жерің
қанға малғандай болады. Томарды жағалап, иығына оратын салған орта
бойлы бір кісі үйге қарай келе жатыр. Үйдің жанында беттері қызарып,
шекелері торсықтай-торсықтай екі-үш бала ойнап жүр.
Осындай көңілді жайда тігулі тұрған үй кімдікі? Мынау сүйкімді, үріп
ауызға салғандай балалар кімдікі?..
Малдары қалай ажарлы семіз еді!..
Пұл тігулі тұрған Қожаштың отауы. Иығына орақ салып, келе жатқан да
сол, үріп ауызға салғандай балалар да Қожаштікі, Ғайшасы үйде шай
қойып жатыр. Үйді айнала жатқан мал, өздерінің табан ақы, маңдай
терімен тапқан милы. Жарайды, жігіт! Қайырлы болтын тұрмысың!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет