Байланысты: Специальность 6M075000-Метрология 1,5 года
28. Кореядағы сапа басқару жүйесінің ерекшелігі қандай?
29.Жапониядағы сапа басқару жүйесінің ерекшелігі қандай?
Жапонияда өнімнің сапасын басқару саласының формалары мен əдістері жасалынған, олардың АҚШ пен Батыс Европадан көптеген айырмашылығы бар. Олардың ерекшеліктері компаниялар мен тасымалдаушылардың арасындағы сапалы өнімнің шығарылымы үшін жауапкершілік, сапаны ұзақ мерзімге жоспарлау, жаңалықтармен алмасу, өнімнің сапасын басқару саласында мамандар дайындау, стандарттау, есептеуіш техниканы қолдану, сапа белгісін алуын аттестаттау.
Өткен ғасырдың 40-50 жылдарының басында жапондық мамандар беделді американдық ғалымдар Э. Деминг пен Дж. Джураннан сапаны басқару бойынша білімдерін жетілдірді. Алған білімдерін Жапонияның өнеркəсібінде табысты қолдана бастады.
Технологиялық прогрестерді басқару үшін бақылаулық карталар белсенді қолданылды. Э. Демингтің лекциялар кітабынан түскен авторлық төлемақы оның есімімен аталған сыйлықты тағайындау үшін пайдаланылған. Э. Демингтің алтын медальдары 1951 жылдан бастап жеке тұлғалар мен бүтін кəсіпорындар үшін беріледі. Жапонияның алдыңғы қатарлы фирмаларында толық жəне кезегімен атты тəсілі жəне сапаны басқарудың жүйелік принціптері енгізілген. Мұндай фирмалардың тəжірибелері түпкілікті оқып танылды, сараптама жасалынды жəне оларды АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қолдануға əрекет жасалынды.
Жапониялық сапаны басқару тəсілінің бірқатар ерекше қасиеттері бар деп саналғанмен, салыстырмалы сараптамалар көрсеткендей, теориялық жағдайы өте ұқсас жəне интернационалды болып келеді. Жапондық сапа басқару тəсілінің айрықша элементтері келесідегідей:
1. Процестің тұрақты дамуына бейімделу жəне барлық бөлімшелерде еңбек нəтижелеріне жету;
3. Ақаулардың пайда болмауын қадағалауға бейімделу;
4. Түпкілікті зерттеу жəне қазіргі операциядан келесі операцияға дейінгі жүретін принціп бойынша туындаған мəселелерді сараптау;
5. “Сенің тұтынушың келесі өнеркəсіптік іс-əрекетті жүзеге асырушы” атты принціпті дамыту;
6. Еңбек нəтижесінің сапасы бойынша жауапкершілікті тікелей атқарушыға жүктеу;
7. Адам факторын белсенді түрде қолдану жəне жұмысшылар мен қызметкерлердің шығармашылық потенциалын дамыту, “дені сау адамға жұмысты нашар істеу ұят“ деген моральды санаға сіңіру.
Жапондық мамандар “сапа – кəсіпорын тағдырын белгілейді“, “сапа туралы минут сайын ойла“ атты ұрандармен жұмыс істейді. Осындай ұрандар кəсіпорын жұмысына қарқын береді деп ойлайды. Жапондық кəсіпорындарда (“бес ноль“ деп аталатын) сапаландыруға қатысу мүмкіндігін беретін бағдарлама жасалынған. Ол мынадай қысқаша ережелерден тұрады: