Өнімнің сапасын басқару- өнімнің пайда болуынан бастап,оның белгілі деңгейдегі сапасын қамтамасыз ету,сақтау, пайдалану мақсатында жүргізілген әрекеттер.Өнім сапасын басқарудың фазасы кез келген басқару және басқару шешімдерін ойлап тауып, оларды қолдануға негізделеді.Өнім сапасын басқару кезінде басқару объектілері болып өнімді жасаудың өндірістік және өндіріске дейінгі кезеңдерінде, сонымен қатар, өндірістен кейінгі кезеңдерінде жүргізілетін және ұйымдастыратын өнім сапасы тәуелді болатын үрдістер болып табылады. Өнімнің сапа көрсеткіштері мен параметрлері мәнін регламенттейтін нормативтік құжаттар /әзірлеу үшін техникалық тапсырыстар, стандарттар, техникалық шарттар, сызбалар, жеткізу шарттары және т.б./ болып табылады. Әзірлеу процестері, өндіріс, өнімді эксплуатациялау немесе тұтыну талаптарын белгілейтін техникалық құжаттарды өнім сапасын басқару бағдарламасы ретінде қарастырған жөн.Сапа басқару процесіндегі көптеген сарапшылардың пікірі бойынша қазіргі уақытта сапаны басқару келесілерді талап етеді:
-әр компания өзінің балансындағы сапаға кеткен шығынға көңіл бөлуі керек;
-әрбір жұмысшы өнім сапасын жақсартудағы өзінің ролін анықтауды және де сапа бұл тұтынушыларды қанағаттандырушы белгісін қажеттікке жарамдылық дәрежесі екенін білуі керек;
-өнімнің немесе қызметтің дер кезінде жеткізілетініне және оның сапасының жоғары болуына сенімді болуы керек.
Сапа басқарудың фазаларын төртке бөлуге болады.
I.Ақауға шығарып тастау фазасы. Бұл фаза өнермен бірге басталып, өз жұмыстарын тексеретін жеке шеңберлердің және бұйымдарды мұқият сұрыптайтын сатып алушылардың практикасына енді. XIXғ. 70ж-ры мылтық өндірісінде стандартты сапа идеясы пайда болды. Бұл фазаның дамуына американдық автомобилистер Г.Леланд пен Г.Форд зор үлес қосты, олар калибрлер мен жинақтаушы конвейер бойынша жұмыстардың идеяларын ұсынған. Бұл фазадағы тәжірибенің ғылыми жалпылығы, ғылыми менеджмент, кадрлық менеджмент, еңбектің ғылыми нормалануының концепцияларын ұсынған американдық ғалым Ф.Тейлордың жұмыстары болды. Бұл фазадағы сапа басқару концепциясының негізін келесі түрде тұжырымдауға болады: тұтынушы тек жарамды бұйымдарды алуы қажет. Басты күш ұтынушыларға жарамсыз бұйымдардың жетпеуіне бағытталуы керек.