Фейгенбаумның сапаны жаппай бақылауын практикада жапонияның өндірістеріне Э.Деминг енгізді. Аңызға аты айналған адам «Жапонияның экономикалық жанғажайыбын» шығарушылардың бірі, Эдвард У.демингтің арқасында сапаны басқару теориясы ары қарай дамыды.
Демингтің осы саладағы қызметінің арқасында жапонияның жоғары сападағы және қымбат емес өнімдері шыға бастады.
Деминг, ауытқушылықтың ізіне түсу және оның себептерін анықтау арқылы, тапсырма мен қызметкерлердің жұмысты орындау қорытындысын бағаламау идеясын ұсынды.
Деминг, бұл бағалау «қорқыныш атмосферасын тудырады, қысқы мерзімді тапсырманы бағдарлауға мүмкіндік туғыза отырып, ұзақ мерзімді мақсатты көңіл аудармайды, және ұжымдық жұмысқа бөгет болады» деп ұйғарды. Ол менеджерлерге сапаны жетілдірудің 14 принципін ұсынды:
1. Мақсаттың тұрақтылығын сақтаңыз
2. Жаңа философия қабылдаңыз: төмен сапалы өнімдердің барлығынан бас тартыңыз
3. Бірігіп бақылау жасаудан бас тартыңыз
4. Өнім бағасына негізделген партнерліктен бас тартыңыз, ұзаққа созылған партнерлікті жасаңыз
5. Өндіріс құрылысы мен қызмет көрсетуді үнемі жетілдіріңіз
6. Тәлімгерлік пен оқуды кәсіпорынға енгізіңіз
7. Басқару функциясы санды көрсеткіш пен сапаның бірігуін қадағалау керек – бұл жаңа басқару әдісі
8. Қорқынышыңызды басу, қызметкерлеріңіздің ашық айтуына дағдыландырыңыз
9. Кәсіпорын қызметкерлері мен бөлімдер арасына барьер орнатыңыз
10. Ұрандардан бас тартыңыз
11. Жиынақы сандық көрсеткіштерден бас тартыңыз
12. Қызметкерлердің кәсіптік мақтаныш сезімін қолдаңыз
13. Кәсіпорында қызметкерлердің өзіндік жетілдіру және оқуын ұйымдастырыңыз
14. Кәсіпорын басшылары сапалы ойларды жүзеге асыру керек.
Деминг бірінші кезекте процесс пен жүйенің сапаны жақсартуды көздеуі, Джозеф М.Джуран әр менеджерге сапаға қол жеткізетін жеке қайраткерлік керектігін айтты.
Джуран сапаны көтерудің 10 жолын ұсынды:
1. сапалы жұмыс талабының болуының негізін қалау және сапаны жақсарту жолдарын іздестіру
2. белсенділікті үнемі жетілдіру мақсатын алға қою
3. кәсіпорындарда қойылған мақсаттарға жету талабын қою, топ құру және координаторларды сайлау
4. кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне білімдерін жетілдіруге мүмкіндіктер жасау
5. проблемаларды шешуге арналған жобаларды орындау
6. кәсіпорын қызметкерлерін қол жеткзілген табыстар туралы мағлұматтармен қамтамасыз ету
7. жұмыс сапасын жақсартуға үлес қосқан қызметкерлерді тани білу
8. қол жеткізілген жетістіктер туралы мәліметтер тарату
9. жетістіктерді тіркеу
10. кәсіпорындағы жыл бойғы жеткен табыстарды бекіту, қорытындылау.
Филипп Б. Кросби ұсынған сапаны жетілдірудің 14 компоненттен тұратын жеке жоспары:
1. кәсіпорын басшыларының сапа идеясы туралы нақты анықтамасы
2. сапаны жақсарту мақсатында қызметкерлердің ұжымдық саясатын пайдалану
3. сапаны бағалау мен ағымдағы мәселелерді сапалы түрде анықтау
4. сапа бағасын анықтау
5. сапасыз жұмыс бағасын анықтау және бұл мәліметтерді қызметкерлерге жеткізу
6. сапасыз жұмысқа жол бермеу
7. «нөлдік ақаулар» бағдарламасымен жұмыс істейтін арнайы комитет құру
8. «нөлдік ақаулар» бағдарламасын іске асыратын қызметкерлерді жетілдіру
9. «нөлдік ақаулар» күнін өткізу және кәсіпорынның сапа проблемасына қатынасы
10. қызметкерлердің мақсатқ жету мотивациясы
11. ақаумен жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін жағдайлар туралы қол астындағыларға мәлімет тарату
12. мақсатқа жету жолында ерекше көзге түскен қызметкерлерді қоғамдық тану
13. кәсіпорынның сапа Одағын құру, ол мамандар мен ұжым басшыларынан құрылуы тиіс
14. сапаны жетілдіру үшін 1-13 пункттерді үздіксіз қайталау
Қолданылатын принциптердің көбісі (оның ішінде Демингтің 14 принципі) Жалпы сапаны басқарудың (TQM) жаңа концепциясы негізінде алынған.