Фрэнсис Бэконның индуктивті әдісі
1 Спиноза мен Лейбництің таным теориясы
3 Р.Декарт рационализмі, Дж.Локтың теориясы
2 Фрэнсис Бэкон (1561-1626) - ағылшын философы, ғылыми зерттеудің тәжірибеге сүйенген методологиясын ұсынған. Эмпиристік бағыттың негізін салушы, саяси қайраткер. Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі екінші тұлғасы. «Білім - күш» деген қанатты сөз айтқан.
Фр. Бэкон философиясы Жаңа Заман ағылшын философиясының көркейген кезеңіне айналды. XVII-XVIII ғасырлардағы ағылшын философиясының жалпы сипаты:
1.Материалистік бағыттылық (ағылшын философтарының көпгшілігі басқа елдер философиясына, мысалы, осы кезеңдегі неміс филосфтарына керісінше, болмыс мәселелерін материалистік тұрғыдан түсіндіріп, идеализмді қатаң сынады);
2.Эмпиризмнің рационализмнен үстемдігі (Англия – философиядағы эмпиристік бағыт жеңіске жеткен, шешуші ақылы, рационализмге емес, тәжірибе мен сезімдік қабылдауға берілген аз санды елдер тобына )
3.Саяси-әлеуметтік мәселелерге үлкен қызуғышылық (ағылшын философтары болмыс пен таным мәселелерін, адамның дүниедегі рөлін түсіндіруге тырысып қана қоймай, қоғам мен мемлекеттің пайда болуының себептерін іздеп, мемлекет тіршілігін дұрыс ұйымдастыру жобаларын ұсынды).
Индукция – көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытындылар жасау (мысалы, «түрлі металл түрлері балқитын болса, барлық металдар балқу касиетіне ие») деп түсіндіреді Фр.Бэкон. Индукция әдісін Бэкон Декарт ұсынған дедукция әдісіне қарсы қойды. Фр.Бэкон пікірінше, индуция әдісінің дедукциядан артықшылығы – мүмкіндіктердің ұлғаюы мен таным процесінің күшеюінде. Индукцияның кемшілігі – оның түпкілікті айқын болмауы, болжамдық сипаты (өйткені бірнеше заттың немесе құбылыстың белгілері ортақ болса, осы тектес заттардың, құбылыстардың барлығы аталған белгіге ие дегенді білдірмейді: әрбір құбылыс әр жолы тәжірибе жүзіндегі тексеруді қажет етеді). Адамзаттың білімінің барлық салаларында барынша көп тәжірибе жинауы – индукцияның басты кемшілігін (айқынсыздығын, болжамдық сипатын) жою жолы, деп түсінді Бэкон.
1.Құдай
2.Табиғат
3.Адам
Бэкон бойынша философияның жіктелуі
1.табиғатты – тікелей сезімдік қабылдау мен тәжірибе арқылы; 2.Құдайды – табиғат арқылы; 3.өзін - рефлекция арқылы (ойдың өз-өзіне бағытталуы, ойдың ойды зерттеуі).
Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.
Спиноза философиясы
Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) – европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы.
Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:
1.субстанция мәселесі;
2.таным теориясы;
3.этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.
Спинозаның философиядағы маңызды үлесі – болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізіне Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен. Спиноза Декарттың теориясының кемшіліктерін жойын, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі – оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық – өз тіршілігі үшін өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан. Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция - Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға – Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігіне.
Бұл қайшылықты Спиноза өзінің біртұтас субстанция туралы ілімінде шешуге тырысты. Спиноза теориясының мәні мынада:
1.жоғарғы субстанция – Құдай мен Ол жаратқан субстанциялар арасында айырмашылық жоқ;
2.барлығын, бүкіл тіршілікті өзі қамтып жатқан бір ғана субстанция бар;
3.ол субстанция Табиғат пен Құдайды қатар қамтиды;
Лейбниц философиясы
1.Лейбниц – Жаңа Заман философиялық дәстүрін аяқтаушы;
2.Лейбниц – монадологиясы субстанциялардың көптігі туралы теория;
3.Лейбниц гносеологиялық (таным туралы ілім) – рационализм мен эмпиризмді келісімге келтірудің талпынасы.
Г.Лейбниц (1646-1716) – немістің математик-ғалымы, заңгер, философ – Жаңа Заман философиясының соңғы көрнекті өкілі және неміс классикалық философиясының ізашары. Негізгі еңбектері: «Монадология», «Адамның ақыл – ойы туралы жаңа тәжірибелер».
Лейбниц философиядағы рационалистік бағытты жақтады. Оның философиялық зерттеулерінің негізгі мәселелері:
1.Субстанция;
2.Таным.
Лейбниц Декарт пен Спинозаның субстанция туралы теорияларын зерттей келіп олардың жетілмегендігі туралы қорытындыға келді:
Лейбниц Декарттың дуализмін қабылдамады:
1.Біріншіден, барлық субстанциялардың (өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажет етпейтін) жоғары субстанция – Құдайға және ол жаратқан өзара тәуелсіз субстанцияларға;
2.Екіншіден, жаратылған субстанциялардың дәйекті және рухани (ойлайтын) болып бөлінуі.
Спинозаның барлық субстанцияларды біреуге – Табиғат-Құдайға біріктіруі Декарттың дуализмін жойған жоқ, өйткені, ол барлық модустарды екі топқа жіктеді – дәйекті және ойлаушы. Яғни Декартта екі түрлі сбутсанция түрінде берілетін схема Спиноза философиясында бір субстанцияның модустарының көріністері түрінде беріледі.
Декарт пен Спиноза философиясына керісінше, Лейбниц монадалар туралы теория (субстанциялардың көптігі туралы) ұсынды.