ақпараттық-білім берушілік қызмет - электрондық кітапханалар, электрондық кітаптар, электрондық басылымдар, сөздіктер, анықтамалықтар, қазақ тілін оқытуға арналған компьютерлік бағдарламалар; интерактивтік қызмет атқарады – электронды пошта, электронды телеконференциялар ; іздеу қызметін атқарады - электрондық каталогтар, іздеу жүйелері. 3. Ақпарат алмасу мен жеткізудің белгілі бір түрін қолдану бойынша: 3. Ақпарат алмасу мен жеткізудің белгілі бір түрін қолдану бойынша: - мәтіндік ақпарат – оқулық, оқу құралдары, жаттығулар жинағы, тестілер, сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, баспасөз, оқу-әдістемелік материалдар;
- көру/ визуалды/ арқылы ақпараттар алу - сурет коллекциялары, иллюстрациялар, бейнесаяхаттар, заттар, оқиғалар мен жағдаяттар туралы бейне үзінділер;
- есту-тыңдау/ аудиоақпараттарды қолдану - сөйленген сөздер, әндер мен музыка, табиғаттағы жан-жануарлар дауыстары;
- аудио және бейне ақпаратты қолдану;
- аралас ақпаратты қолдану - электронды оқулықтар, оқу құралдары, сөздіктер, қазақ тілінен компьютерлік сабақтар.
Қазақ тілін оқытуда қолданылатын ақпараттық –коммуникациялық құралдары жүйесін былайша жіктеуге болады: Қазақ тілін оқытуда қолданылатын ақпараттық –коммуникациялық құралдары жүйесін былайша жіктеуге болады: - Қазақ тілінен базалық білім беру құралдары (электрондық оқулықтар мен оқу құралдары, оқыту жүйелері, білімді бақылау мен тексеру жүйелері).
- Практикалық тұрғыдан дайындалуға арналған құралдар (электрондық жаттығулар, виртуалды қазақ тілі сабақтары, тілдік тренажерлер).
- Қосымша оқу құралдары (электрондық энциклопедиялар, хрестоматиялар, компьютерлік тілдік ойындар, қашықтан оқыту жүйесі).
- Ақпараттық-білім берушілік қызмет (электрондық кітапханалар, электрондық кітаптар, электрондық басылымдар, сөздіктер, анықтамалықтар, қазақ тілін оқытуға арналған компьютерлік бағдарламалар).
- Интерактивтік қызмет (электронды пошта, электронды телеконференциялар).
- Іздеу қызметі (электрондық каталогтер, іздеу жүйелері)
- Мәтіндік ақпарат (оқулық, оқу құралдары, жаттығулар жинағы, тестілер, сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, баспасөз, оқу-әдістемелік материалдар).
- Көру/ визуалды/ арқылы ақпараттар алу (сурет коллекциялары, иллюстрациялар, бейнесаяхаттар, заттар, оқиғалар мен жағдаяттар туралы бейне үзінділер).
- Есту-тыңдау/ аудиоақпараттарды қолдану (сөйленген сөздер, әндер мен музыка, табиғаттағы жан-жануарлар дауыстары)
- Аралас ақпаратты қолдану (аудио және бейне ақпаратты қолдану, электронды оқулықтар, оқу құралдары, сөздіктер, қазақ тілінен компьютерлік сабақтар).
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыста, бос уақытында және қарым-қатынаста технологияларды біліктілікпен және шығармашылықпен пайдалануын қамтиды. Бұл АКТ-ны пайдаланудың дағдылары арқылы қалыптасады. - Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыста, бос уақытында және қарым-қатынаста технологияларды біліктілікпен және шығармашылықпен пайдалануын қамтиды. Бұл АКТ-ны пайдаланудың дағдылары арқылы қалыптасады.
- Оқушылар жалпы білім беретін негізгі мектеп бағдарламасындағы барлық пәндерді оқу барысында ақпаратты табу, құрастыру және басқару, мәліметтер және идеялармен бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмысын жетілдіре және бағалай отырып, АКТ-ны қолдану дағдыларын дамытады. Бұл «Қазақ тілі» бағдарламасында төмендегідей көрініс табады:
- онлайн сабақтар арқылы инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолданады;
- АКТ арқылы презентация жасайды, салыстырады, жетілдіреді, зерттейді, бағалайды және бірлесе отырып, пікірлерін дәлелдейді;
- АКТ арқылы қажетті ақпаратты таңдай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |