Химиялық қасиеттері
Спирттердің химиялық қасиеттерін оның құрамындағы гидроксил тобы анықтайды, көптеген реакциялар осы топ бойынша жүреді, сонымен бірге С - О байланыс та үзіліп реакциялар жүреді.
1. Алкоголяттардың түзілуі. Спирттер сілтілік металдармен әрекеттесіп, алколяттар түзеді.
2СН3 – СН2 – ОН + 2Na → 2CH3 – CH2 – ONa + H2
Алгоголяттар суда оңай айрылады.
CH3 – CH2 – ONa + Н2О СН3 – СН2 – ОН + NaОН ,
себебі спирттер судан әлсізірек қышқылдық қасиет көрсетеді. Спирттердің қышқылдық қасиеттері мына қатар бойынша азаяды: біріншілік > екіншілік > үшіншілік.
2. Күрделі эфирлердің түзілуі.
Минералды немесе органикалық қышқылдармен әрекеттесіп, спирттер күрделі эфирлер түзеді.
3. Дегидратациялану.
а) Жай эфирдің түзілуі. Спирттер сусыздандыратын (Н2SO4 , фосфор қышқылы, алюминий оксиді, мыс сульфаты) заттармен әрекеттесіп, жай эфирлер түзеді.
б) Су тартатын заттар қатысында, бірақ жоғарғы температурада қанықпаған көмірсутек түзіледі:
4. Тотығу реакциясы. Спирттерді тотықтырғыштар: КМnO4, К2Сг2О7 қатысында аздап қыздырғанда, тотығады. Нәтижесінде біріншілік спирттерден альдегидтер, ал екіншілік спирттерден кетондар түзіледі.
сірке альдегиді
aцетон
5. Гидроксил тобының алмасуы:
a) R – OH + HCl R-Cl + Н2О
Бұл реакцияға біріншілік < екіншілік < үшіншілік спирттердің түсуі осы қатар бойынша жеңілденеді, себебі алкил топтарының электрон итергіштіктері артады.
б) Фосфор(Ш) галогенидтерімен спирттер әрекеттескенде реакцияның жүру жағдайына байланысты галогентуындылар, сол сияқты фосфорлы қышқылдың эфирі түзіледі:
3R-OH + PCl3 → 3R-Cl + P(OH)3
3R-OH + PCl3 → P(OR)3 + 3HCl
Егер РСl5 реакцияға түссе, онда фосфордың хлороксиді РОСl3 түзіледі:
R-OH + PCl5 → POСl3 + HCl + R-Cl
6. Спирттердің магнийгалогеналкилдермен әрекеттесуі:
R-OH + CH3MgI → R-OMgI + CH4
Бөлінген көмірсутек мөлшеріне байланысты қоспадағы спирттің пайыздық мөлшері анықталады ( Чугаев – Церевитинова – Тереньтева әдісі).
Достарыңызбен бөлісу: |