Спорт пен дене тәрбиесі егіз ұғым
Жалпы дене шынықтыру дайындығы базасында спортгық мамандық түрінің сипаты анықталып, іске асырылады. Балалар спортында бұл белгі толығымен және үлкен қызығушылықпен, нақтылы, барынша кең және ұзақ мерзімге шешімін табады. Адам спортпен шұғылдануға кіріскенде, барынша толық дене күштерінің мүмкіндіктерін және рухани қабілеттерін тар және қысқа, барынша аз шектелген, алдын-ала анықталған қозғалыс әрекеті шеңберінде көрсетуге дайындалады. Бұл мәселенің сипат белгісі балалар спортына да тән немесе барынша толық қатысты. Бірақ, оның деңгейі олардың жеке мүмкіндіктеріне байланысты. Олардың өз мүмкіндіктерін барынша толық көрсетуі өз заңдылықтарымен жалғасатын жарыс үлгісі арқылы салыстырмалы түрде көрінеді (ережесі, спорттық жіктелуі, марапатталуы, мадақталуы, көрнекілігі т.б.). Бір сөзбен айтқанда, тек жарыста спорттың мақсат-мұраты, міндеттерінің қызметі шешімін табады. Бұл заңдылық балалар спортында да анықтаушы қағида болып қалады, тек жарыстардың сыртқы бейнесі ғана өзгеріп, ал өздерінің күштерін салыстырмалы түрде сынауга ұмтылу рухы сабақталады. Жоғарыда аталып көрсетілген спорттағы бұл заңдылықтар (белгілер) әрқилы деңгейде спорттық ойыңдарда, гимнастикада, жеңіл атлетикада, туризмде және т.б. спорт түрлерінде кездесуі мүмкін. Мысалы, бар мамандық түрлері бойынша кейбір ойындарға немесе спорттық гимнастикаға кіріп, оларды өз алдына жеке спорт түріне айналдырады. Солай бола тұрса да, спорттың өзіне тән ойын қасиеттері және белгілері болғандықтан, ойын әдістемесі кең ауқымда қолданылады.
Спортты толығымен сипаттайтын барлық белгілер балалар спортында өз көрінісін табады. Оны баланың оқудан тыс уақыттағы әртүрлі әрекетінде арнайы дайындық және жарыстарға қатысудағы жас ерекшеліктерін есепке алып, алдын-ала қозғалыс әрекеттерін анықтайтын қабілеттерін тиімді етіп көрсету болып
4
табылады.Арнайы дайындыққа рұқсат етілген сәттен, жалпы білім беретін мектепті бітіргенше, балалар спортының ауқымы жас ерекшелігімен анықталады.
«Жасөспірімдер спорты» үғымы барынша тар, ауқымы шектелген мағынада түсіндіріледі. Оның жас ерекшелігі шекарасы іске біреу ғана, ол жасөспірім-бозбала жасы тобы. Бұл үғым (термині) спорттаіъі қыз балаларының да қатысатындығын назарға салады (қыз налалар қатыса бастаган спорт түрлері көп. Мысалы, күрес, бокс, ауыр атлетика).
Мектеп спорты — жас ерекшелігіне қарай балалар спортына ұқсайды. Олардың айырмасы — балалар спортын мектеп және мектептен тыс мекемелер ұйымдастырса, ал мектеп спортын тек мектеп ұжымы ғана ұйымдастырып, өздеріне тән және сәйкес іс-шараларын өздері откізеді. Дене мәдениетіндегі сияқты, спорттық қызмет ауқымы жағынан дене тәрбиесі болып табылады. Спорттағы дене тәрбиесінің сипат ерекшелігі денені жаи-жақты жетілдірудің педагогикалық жүйесін мамандандырьш, спорттық дайындық негіздері деп аталуынан тұрады. Спорт — дене мәдениетіне кіреді жоне барлық коғам мәдениетінің игілігі больш саналады, ал спорттық дайындық дене тәрбиесінің арнайы бір бөлігі және өсіп келе жатқан ұрпақтың жан-жақты тәрбие жүйесінің мүддесіне қызмет етеді.
Спорт өзінің педагогикалық жағымен, спорттық дайындығымен дене тәрбиесінің бір бөлігін құрайды, сондықтан, білім беру мен тәрбиенің барлық жүйесінің жиынтықтарына жауап береді. «Спорт -дене мәдениетінің бір бөлігі және материалдық, рухани байлықтың қосындысы болып табылады. Ол арнайы дене даярлығымен айналысып, арнайы морфофункциялық және психикалық дене даярлығының арқасында жарыстарда үлкен көрсеткіштерге жету, арнайы жаттығулар арқылы қол жеткізетін дене мәдениетінің бір бөлігін айтады». Спорт дегеніміз қоғам қызықшылықтарына қызмет ететін тәрбиелік, даярлық функцияларды дайындайды.
5
Спорт ештене шығармайды, оның мемлекетке айтарлық экономикалық пайдасы жоқ, бірақ ол мемлекетке орасан зор пайда келтіреді. Әбден шыныққан, арнайы дайындықсыз спорт болмайды. Адам спортта барлық мүмкіндіктерін көрсете алады, көрсету де керек және бұл жарыстарда көп байқалады. Әлгі айтылған қағидалардың барлығы балалар спортында да бар. Балалар спорты — сабақтан тыс арнайы дайындық пен жарысқа қатысуларын, оның жас ерекшеліктеріне қарап, дене қимылдарын арнайы жетілдіру. Жастар спорты тек жас ерекшеліктеріне қарай бір-ақ жас санат-дәрежелерімен шектеледі. Мектеп спорты ол балалар спортымен бірдей. Жарыстар тек таза мектептік жарыстар болу керек, оған арнайы спорттық мектептерде айналысатын балалар қатыспайды. Дене тәрбиесі — дене қимылының жетілдіруінің педагогикалық жүйесі болып табылады.
Дене тәрбиесінің жүйесі өзінің одан әрі жетілдіруіне бай мүмкіндіктері бар. Сондықтан, дене тәрбиесінің жалпы жүйесі деп халықтың барлық әлеуметтік топтарының жан-жақты дене қимылының жетілдіруіне бағытталған әлеуметтік ұйымды атайды. Бұл дене тәрбиесінің жалпы жүйесі езара байланысқан жеке дене тэрбисі жұйесінен қүралған. Ол халықтың барлық элеуметтік топтарынан құралған, сол топтардың ерекшеліктерін атап көрсетеді (балалар дене тәрбиесінің жүйесі; оқушылар дене тәрбиесінің жүйесі т.б.).
Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік, ұйымдастырудан көрінеді.
Әлеуметтік-экономикалық негіз. Дене тәрбиесінің жүйесі қоғамымыздың басқа әлеуметтік-экономикалық жүйелерімен, саясатпен, мәдениетпен, ғылыммен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың объективті негізі — дене тәрбиесінің жүйесі қоғамдық өндіріске кіретіндігінде.
6
Жүйе қоғамдық өнім шығармаса да, сол ортаға өндірістік қатынастардың иесі — адам арқылы эсер етеді. Ол адамның әлеуметтік жағын, жағдайын қалыптастырып, қоғамдық қатынастарды жетілдіреді.
Қүқықтық негіз. Дене тәрбиесі жүйесінің өз жұмысын (шыттайтын құкықтық күші бар, нормативтік актілерге сүйенеді. Ол туралы ҚР Конституциясының 23-ші бабында көрсетілген. Жалпы дене тәрбиесінің жүйесі қоғамдық, психологиялык, педагогикалық, әдістемелік-биологиялық, теориялық, гигиена, физиология, спорттық медицина т.б. салаларды зерттейді. Осылардың ішінде негізгі орынды дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәні орын алады.
Дене тәрбиесіиің бірыңғай мемлекеттік бағдарламалары жоғары, арнаулы орта оқу орындарында, орта мектептерде, кәсіптік-гсхникалық мектептер мен бала-бақшалардағы дене тәрбиесінің міпдеггі минимумын орыидайды. Бұл бағдарламаларда оқу орнына, жынысына, түріне сәйкес дене қимылының дамуы мен біліміне байланысты нормативтік талаптар мен көрсеткіштерін және дене тәрбиесінін негізгі амалдары толықтырылған.
Экономика, саясат, ғылым және мәдениет секілді, дене тәрбиесінің жүйесі қоғамның басқа да әлеуметтік-экономикалық жүйелерімен тығыз байланысқан. Өзі осы жүйелер арқылы дами отырып, сол жүйелердің дамуына көп ықпал етеді. Өзінің іс педагогикалық-тәрбиелік функцияларын іске асыра отырып, дене юрбиесінің жүйесі рухани, эстетикалық, еңбек, ақыл-ой, саналылық тәрбие міндеттерінің дамуына әсерін тигізеді, басқа тәрбие жүйелерінің ықпалы аз жерлерде өз ықпалын өткізеді. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық деңгейі жоғары болған сайын, дене мәдениетінің жағдайы жақсарып, сол қоғамдағы адамдардын хал-ахуалдары жақсы болады, неғүрлым ұлттық кіріс жоғары болған сайын, соғұрлым дене мәдениетіне жүмсалған игығындар квп болып, дснсаулықты сақтау саласы жақсарады. Оған мысал ретінде қазіргі уақыттағы дамыған елдерді алуға болады.
7
Мәселен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде дене шынықтыру мен спорт саласына жұмсалған шығындардың көлемі көп, олар халықаралық стандарттағы кез келген спорттық ғимараттар мен кешендерін, стадиондар, тректер, хауыздар (бассейндер) және алаңдарды салады. Оған көп көңіл бөлінген, себебі, халықтын санасы салауатты өмір сүру салтын ұстану қажеттігіне берілген.
Дене шынықтыру мұғалімінің алдына қойылған, дене шынықтыру мен спорттың мектеп оқушылары арасында білімдік, сауықтыру, қолданбалы міндеттерін оқып-үйретумен қоса, тұргып хапықты да салауатгы өмір сүру салтын ұстануға шақыру міндеті немесе өз үстанымы кірсе дұрыс болады.
Дене шынықтыру, дене тәрбиесі және шорт жоспарлық басқару объектісі ретінде, мәдениеттік-тәрбиелік саласы және нормативтік пен бағдарламалық-әдістемелік, бірыңғай идеялық-теориялық негізде халықтың дене қимылы жетілдіруінің бірқалыпты орындайтын, арнайы мемлекетгік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың косындысы болып табылады.
Дене шыныктыру мәдениеті адамзаттың қайсысының болмасын, жұмыс істеу қабілеттілігін әсерлі түрде тиімді, табысты жетілдіруге бағытталған. Осыған байланысты, оның дамуы бүкіл адамзаттың әлеуметтік тұрғыда жағдайы меи тұрмысының жақсаруына, еңбек ету мен тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөлуді, оның орындалуына қажетті қайратты жұмсауын талап етеді.
Дене шынықтыру және спорт басқаруының ұйымдастыру құрылымы әлеуметтік құрылым ретінде маңызды ұйымдастыру саласы болып табылады. ¥йымдастыру құрылымы барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың дене тәрбиелік, спорттық, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарымен айналысады. Дене мәдениеті мен спорт мекемелері — мемлекеттік және қоғамдық ұйым, дене шынықтыру мен спорттағы әкімшіліктен тұратын арнайы мамандардан кұралған ұйым.
8
Олар дене тәрбиесі, спорт, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын атқарады.Аталған мекемелер спорт және дене шынықтыру комитеттері, спорт мектептері, ерікті спорт қоғамдары, спорттық ғимараттар, спорттық клубтардан жиі т.б. тұрады. Қоғамдық дене шынықтыру ұйымдары ерікті спорт қоғамдарын, спорт түрлерінен федерацияларын, ұлтық Олимпиадалық комитеттерін құрайды. Ерікті спорт қоғамдары дене шынықтыру ұжымдарынан құралады. Әрбір ерікті спорттық қоғамдг оздеріне тиесілі салаларда дене шынықтыру мен спорт жүмыстарын жандандырып, карамағындағы жұмыс атқаратын кызметкерлердің, еңбекшілер мен жұмысшылардың денсаулығын барынша түзеуге ат салысады.
Достарыңызбен бөлісу: |