Способы формования бетонных и железобетонных изделий(ч. 2)



бет4/4
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#12209
түріПрезентация
1   2   3   4

Соғылманың сыртпішін құруды ұсталық-қалыптау жабдықтарының әр алуан түрлерінде жүргізеді. Жабдықтардың осындай әр түрлігі қалыптық әбзелді жобалаудың белгілі бір ерекшелігі бар екендігіне себепші болады. Сонымен бірге әмбебапты жабдықта (тоқпақта, баспақта, көлденең соғу машиналарында) қалыптағанда, қалыптың кез келген негізгі типін қолданумен байланысты, ұқсас белгі де бар болады. Қалыптау қалыбымен байланысты ортақ белгілер мынандай:

  • Соғылманың сыртпішін құруды ұсталық-қалыптау жабдықтарының әр алуан түрлерінде жүргізеді. Жабдықтардың осындай әр түрлігі қалыптық әбзелді жобалаудың белгілі бір ерекшелігі бар екендігіне себепші болады. Сонымен бірге әмбебапты жабдықта (тоқпақта, баспақта, көлденең соғу машиналарында) қалыптағанда, қалыптың кез келген негізгі типін қолданумен байланысты, ұқсас белгі де бар болады. Қалыптау қалыбымен байланысты ортақ белгілер мынандай:
  • 1. Ашық қалыпта қалыптау (сурет - 2);
  • 2. Жабық қалыпта қалыптау;
  • 3. Сығымдап қалыптау.

Ашық қалыпта қалыптағанда дайындаманың артық металы сыртқа (кенерікке) сығымдалып шығады. Сондықтан дайындаманы баспақ - қайшыда кішкентай дәлдікпен кесуге болады. Кенеріксіз қалыптаған кезде барлық металл бұйымға жұмсалады. Сондықтан металды дәл мөлшермен кесіп қалыптау қажет. Дайындаманы дәл мөлшермен кесу тек арамен кескенде ғана мүмкін.

1 – қалып жылғасы; 2 – кенерік; 3 – итергіш

Сурет - 2 – Жабдықтың әр түрлі түрлерінде қалыптаудың сұлбасы

Ашық қалыптаумен салыстырғанда жабық қалыпта қалыптау мынандай артықшылықтармен сипатталады: металдың едәуір экономды қолданылуы; қылауды кесу қосымша операциясын қолданбау; қолайлы барлық жақтан қысу сұлбасы; қалыптау еңісі мөлшерінің кішкентай болуы (α = 1–3°). Жабық қалыпта қалыптау сұлбасы әсіресе пайдалы пластикалық қасиеті төмен қорытпаларды қалыптағанда. Өйткені қалып қуысы қабырғаларының бүйірден тіру жасауы гидростатикалық қысымды едәуір жоғарлатады. Нәтижесінде металдың платикалық қасиеті жоғарлайды. Осымен бірге металдың талшықтары соғылманың бет жақ көрінісін алатындығымен сағылманың макроқұрылымы сипаталады және талшық кесілмейді.

Сурет - 3 – Жабық қалыпта қалыптаудың сұлбасы

Сығымдаумен қалыптаудың мынандай бірнеше артықшылығын бөліп айтуға болады: пластикалық қасиеті төмен қорытпалардан өлшемі дәл және бетінің сапасы жоғары соғылмаларды алу мүмкіндігі; барлық жақтан біркелкі емес қысу жағдайында пластикалық деформацияны жеңіл өткізу мүмкіндігі; соғылманың сырықтық бөліміне артық металды сығымдап шығарып, кейінірек алып тастау мүмкіндігі; жабық қалыптаумен салыстырғанда сығымдаумен қалыптағанда металдың көлемін дәл мөлшерлеу қажет емес екендігі. Сығымдаумен қалыптау процесі сайманның негізгі қуысында металдың азюымен, соғылма сапасының жоғары болуымен, ал тағы да қылауға металдың шығынының жоқ болуымен сипатталады.



а – процесс сұлбасы; б – қалыптау күшінің диаграммасы

Сурет - 4 – Сығымдаумен қалыптау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет