Сұрақ 2: КҮКІРТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ «Сен білесің бе?» Ғаламшардағы ең ірі гүлдердің бірі – аморфофаллус, ол төрт жылда бір рет жайнап гүлдейді, бірақ ол шіріген балықтың иісін шығарады. Бал аралардың кейбір түрлеріне осы «хош иіс» ұнайды, сондықтан олар гүлге қонып, оны тозаңдандырады. Білесің бе, гүлдің мұндай иісі қандай элементтің қосылысының болуына байланысты деп ойлайсыңдар?
«Сен білесің бе?» Бұл элемент ерте заманнан бері адамға белгілі болған. Біздің жыл санауымыздан 900 жыл бұрын Гомердің «Одессей» атты шығармасында осы элементтің аластаушы және түссіздендіруші қасиеті туралы айтылады. Ол ауадағы ауру тудыратын микроағзаларды өлтіреді, паразит жәндіктерді жояды.
Алайда бұл элемент аурудан адамды ғана емес, өсімдіктерді де қорғаған. Онымен жүзім алқабын зиянкестер пайда болған жағдайда ыстаған, ал ұнтақтарын өсімдіктің жапырақтарына сепкен. Ол үшін ұнтақты сабынды сумен араластырып, өсімдікке бүріккен. Білесің бе, бұл қай элемент туралы айтылған?
Сұрақ 3: КҮКІРТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ Біздің дәуірімізге дейінгі 680 жыл теңіз соғысында арабтарға қарсы византиялықтар тұңғыш рет жаңа өте күшті қару – «грек оты» пайдаланды. «Грек оты» - бұл бейметалл. Ол ауада тұншықтырғыш және өткір газ бөле, көгілдір жалын түзе жанады. Концентрлі азот қышқылымен өңдегенде күкірт қышқылына айналады. Бұл бейметалл натрий сульфитімен әрекеттескенде натрий тиосульфаты түзіледі. Бұл қандай бейметалл екенін тауып, мәтінде келтірілген реакция теңдеулерін жазыңдар.
______________________________________________________________________________________________________________________
Сұрақ 4: КҮКІРТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ «Өндіріс наны» аталатын қандай қышқыл? Бұл қышқылды және оның тұздарын көптеген заттарды алуда, тазартуда қолданады. Қышқылдың және оның тұздарының формулаларын жазыңдар.
______________________________________________________________________________________________________________________