сұрақ Ақуыздардың толық емес құрамын растау үшін қандай түсті реакцияларды қолдануға болады?



бет1/56
Дата01.02.2023
өлшемі167,17 Kb.
#64453
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56

1-сұрақ


1)Ақуыздардың толық емес құрамын растау үшін қандай түсті реакцияларды қолдануға болады?
1.Биурет реакциясы. Бұл реакция арқылы белоктардың құрамындағы пептидті байланысты анықтайды.Пробиркаға несеп нәрінің аз мөлшері алынып, балқығанша қыздырылады. Балқу кезінде аммиак бөлініп шығады. Пробиркадағы кристалды затты салқындаған соң, суда ерітіл NaOH және CuSO4 ерітінділерінен 2-3 тамшыдан қосамыз.Қоспаның күлін түске боялуы биуреттің түзілгендігін көрсетеді.
2.Нингидрин реакциясы.Нингидрин қосып қыздырған кезде аминқышқылдары,пептидтер,белоктар көкшіл,рейхан түске боялады.Бұл реакция құрамында амин тобы бар қосылыстарды анықтайды.
3.Фолин реакциясы. Күшті негіздер қатысында мыс белокпен қосылып,көк түс береді.Бұл реакциямен Лоурин әдісі бойынша ерітіндідегі күкірті бар аминқышқылдарының мөлшерін анықтайды.
4.Ксантопротеин реакциясы. Бұл реакция арқылы кейбір циклды амин қышқылдарын анықтайды. Олар: тирозин, фенилаланин, триптофан сияқтылар.Циклды амин қышқылдары концентрлі азот қышқылымен реакцияласканда, сары түсті нитро туындылар береді. Бұл реакция екі сатыда өтеді: нитротуындылар сілтілермен әрекеттескенде, күрделі заттар түзеді. Оларды хиноидты формалар деп атайды,бұл қосылыстардың түсі сары қызыл.Екінші сатыда пайда болған аралық өнімді салқындатып, аммиак немесе 30 % NaOH ерітіндісін қоссақ қоспа сары қызыл түске боялады.
5.Сакагучи реакциясы.Ол құрамында гуанид тобы кіретін аргинин бар екенін анықтайды.
6.Адамкевич реакциясы. Белок ерітіндісіне концентрлі H2SO4 қатысуында глиоксил қышқылын аз мөлшерде қосса, қызыл – күлгін түс пайда болады. Бұл реакция белок молекуласында триптофан амин қышқылының бар екеніні анықтайды.
7.Миллон реакциясы. Бұл реакция арқылы тирозин амин қышқылын анықтайды. Бұл реакцияға миллон реактиві қолданылады. Ол концентрлі азот қышқылында ерітілген бір валентті сынап нитриты мен нитратынан тұрады.Оны қыздырғанда қызыл кірпіш түсті тұнба түзіледі.Бұл барлық фенолдар үшін де тән реакция қатарына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет