сұрақ Ақуыздардың толық емес құрамын растау үшін қандай түсті реакцияларды қолдануға болады?



бет39/56
Дата01.02.2023
өлшемі167,17 Kb.
#64453
түріҚұрамы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқаста остеопороз дамыды. Бүйректегі синтездің бұзылуы қандай минералды зат алмасуды реттегіш остеопороздың негізгі себебі болып табылады?
1)Бұл белгілерді қандай витамин тапшылығы тудырады?
Д витаминінің авитаминозы:

  • Балаларда: рахит,мешел ауруы

  • Аяқ-қол сүйектерінің жұмсаруы, қисаюы

  • Баланың еңбегінің бітпеуі,кеуде сүйегінің деформациясы

  • Тіс жарудың кешеуілдеуі байқалады.

  • Бұлшық еттің гипотониясы,іш ұлғаюы

  • Желке тұсындағы шашы түсіп қалады

Ересектерде: кариес, остеомаляция, қарт кісілерде остеопороз ауруының дамуына себеп болады.
2)Витаминге әріп белгісін, оның химиялық және биологиялық атауын және тамақтану көздерін беріңіз.
Д/D витамині – химиялық атауы кальциферол,биологиялық атауы антирахиттік витамин.Таза Д витамині – ол Д2 витамині эргоферол болып саналады.Классификациясы бойынша майда еритін витаминдердің қатарына жатады,олар тек майлы орталарда,май қышқылдарынд ериді және өт қышқылының әсерінен жылдам ыдырайды.Жануарлардың және адам терісінде Д провитамині 7-дегидрохолестерол болады.Ол ультракүлгін сәулесімен әсер еткенде Д3 витамині холекальцеферолға айналады.Сонымен қатар Д4 витамині 22-дигидроэргокальциферол, Д5 витамині 22-этилхолекальциферол бидай дәнінен бөлініп алынған формалары.Д6 витамині 22-дегидроэтилкальциферол бұршақ тұқмдас өсімдік майынан алынған формасы,ал Д7 витамині кампекальциферол синтездік жолмен алынған формасы болып табылады.
Д витамині жануар текті өнімдерден балық бауыры,сиыр,қой,тресканың бауыр майы,сары майда,сүтте,жұмыртқада,ашытқыда көп болады.Сонымен қатар өсімдік майында,саңырауқұлақтарда кездеседі.Тәуліктік қажеттілігі 0,012- 0,025 мг
Биологиялық әсері:
1.Кальцифиролдардың негізгі қызметі кальций алмасуын реттеу болып табылады.
2.Д витамині ең бірінші теріде холестериннен 7-дигидрохолестерин түзіледі.Сосын Д3 витамині бауырда гидроксильденеді,одан кейін бүйректе 1,25-дигидроксихолекальциферол және1,24,25-тригидрохолекальциферол түзіледі.Бұл заттар бүйректен ащы ішекке және сүйек ұлпаларына барады,сол арада кальций мен фосфор алмасуын реттейді.
4.Ішекте: Са сіңірілуі жоғарылайды
5.Сүйекте: Са-тасымалдаушы протеин,остеокальцин сілтілі фосфатаза синтезі жоғарылайды. Са сүйекте жиналады.
6.Бүйректе: Са-тасымалдаушы нәруыз, сілтілі фосфатаза синтезі жоғарылайды. Са, натрий, фосфаттар,АҚ-дар, цитрат реабсорбциясы күшейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет