сұрақ Ақуыздардың толық емес құрамын растау үшін қандай түсті реакцияларды қолдануға болады?


)Белгіленген белгілерге биохимиялық түсініктеме беріңіз



бет42/56
Дата01.02.2023
өлшемі167,17 Kb.
#64453
түріҚұрамы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56
3)Белгіленген белгілерге биохимиялық түсініктеме беріңіз.
Д витамині сүйек тінінің минерализациясы мен резбциясына реттеуші фактор болып табылады.Ол әдетте парадгормонмен өзара байланыста әрекет етіп,сүйектің минералдануын активтендіреді. Сонымен қатар ол фосфаттар мен кальций ионын тасымалдаушы остеокальцин синтезін жоғарылатады.Егер Д авитаминозы орын алса сүйек минералдануы бұзылып,резорбциялық қуыстар көейе бастайды,сүйек беріктігінен айырылады.Балалардың төменгі аяқтары О тәрізді болып деформацияланып,сүйектері қисаяды.


30-сұрақ


Өт жолдарының бітелуі, қанның ұюы нашар науқастарда қан кету пайда болады, бұл белгілі бір витаминнің жеткіліксіз сіңуінің салдары.
1)Қандай витамин тапшылығы осы патологияға әкеледі?
К витаминінің авитаминозы:

  • Қан кету,қан ұйымау

  • Гемофилия

  • Гемморагия

  • Остеопороз

  • Өттің ішекке құйылуы бұзылады

  • Шаршағыштық,әлсіреу байқалады

2)Витаминнің әріптік белгісін, оның химиялық және биологиялық атауларын, тамақтану көздерін беріңіз. Бұл витаминнің синтетикалық аналогы.
К витаминіхимиялық атауы нафтахинон,биологиялық атауы антигемморагиялық витамин деп аталады. Классификациясы бойынша майда еритін витаминдердің қатарына жатады,олар тек майлы орталарда,май қышқылдарынд ериді және өт қышқылының әсерінен жылдам ыдырайды.Олар бүйір тізбегінде изопреноид тізбектері бар хинондар.К витамині витамерлеріне К1 витамині филлахинон және К2 витамині менахинон жатады.Филлахинон ол өсімдіктерде синтезделеді,құрамында изопреннің 4 қалдығы бар 1,4-нафтахинон.Ал менахинон ішек микрофлорасында синтезделеді,оның 5 изопреноид тізбегі болады.К витаминінің синтетикалық туындысы викасол деп аталады.
Биологиялық рөлі:
1.Қан ұю үрдісіне қатысады:
2.Қан ұю факторларының: протромбин , проконвертин, Кристмас факторы және Стюарт факторының активтенуіне қатысады.
3.К витамині гамма-глутамилкарбоксилазаның коферменті ретінде глутамин қышқылын карбоксилдеп, гамма-карбоксиглутамин қышқылын түзеді.
4.Ол кальций иондарын байланыстырады.
5.Остеогенезге : сүйектің остеокальцин нәруызының синтезіне қатысады.
6.К витамині остеокласттарды тежейді, остеобласттарды стимулдейді.
К витамин ішек микрофлорасында синтезделеді. Өсімдіктерде: орамжапырақ, шпинат,көк томаттарда кездеседі.Тәуліктік дозасы 1,0-2,0 мг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет