Эстеразалар – күрделі эфирлік байланыстарды гидролиздейді.Эстеразалар гидролиздейтін бацланыс түріне қарай бірнеше топқа жіктеледі:
1.Карбоэстеразалар – карбон қышқылынан түзілген күрделі эфирлік байланысқа әсер етеді.Оның өкілдеріне асқазан сөлі липазасы,ұйқы безі сөлінің липазасы,ішек сөлінің липазасы және фосфолипаза А1,А2 жатады.
Асқазан сөлі липазасы ересектерде активті емес,себебі оның оптималды рН-ы 4-5 тең,ал асқазан сөлінің орта рН-ы 1,5-2 құрайды.Сондықтан ол асқазанға түскен майларды ыдыратуға қабілетсіз. Олар сәбилерде активті болады,себебі сәбилердің асқазан сөлінің рН-ы 4-5 тең,олар сәбилердегі эмульсияланған майларды ыдыратады.Асқазан сөлі липазасының кездесетін орны асқазан сөлі,ол жас сәбилерде маңызды рөл атқарады,ана сүтіндегі майларды ыдыратып қорытуға көмектеседі. Оның субстраты – сүттегі эмульсияланған майлар,катализдейтін реакциясы ТАГ гидролизі.
Ұйқы безі липазасы ұйқы безінде активсіз күйде синтезделіп,ащы ішек қуысында өт қышқылдарының тұздары арқылы активтенеді.рН-ы 8 тең.Кездесетін жері – ұйқы безі сөлі.Ас қорыту мен ыдырау процестерінде маңызды рөл атқарады.Бұл ферменттің субстраты ТАГ. Катализдейтін реакциясы ТАГ сатылы гидролизі.
ТАГ+Н2О = ДАГ+БМҚ ДАГ+Н2О = бета-МАГ+БМҚ
Ішек сөлінің липазасы ішек сөлінде активті күйде секрецияланып,бета МАГ-ды глицерин мен бос май қышқылдарына ыдыратады.
Бета-МАГ + Н2О = глицерин + БМҚ
2)Ас қорытуға қатысатын ферменттердің әсерін көрсетіңіз (схемалық түрде).
Альфа амилаза: Ол крахмал мен тағам гликогеніне әсер етіп, мальтозаға дейін ыдыратады:
Крахмал (Гликоген) + Н2О = мальтоза
Гамма амилаза: гликоген молекуласынан глюкозаны біртіндеп бөліп шығарады:
Гликоген + Н2О = (С6Н12О5 )n-1 +глюкоза
3)Жедел панкреатит кезінде (ұйқы безінің қабынуы) трасилол немесе трипсиннің басқа пептидті ингибиторлары тағайындалады. Жедел панкреатит кезінде трипсин ингибиторларының пайдасы қандай? (тежеу түрін көрсету).
Достарыңызбен бөлісу: |