Сұрақ 4 Сабақтың қай кезеңінде сындарлы формативті бағалау жүргізу орынды? а) сабақтың басында
б) сабақтың орта кезеңінде
в) сабақ соңында
г) рефлексия кезеңінде
Сұрақ 5 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыны қолдау әдісі болып табылмайтын әдісті анықтаңыз: а) оқытудың вариативті, арнайы әдістерін қолдану;
б) оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдерін (рәсімдерін) өзгерту;
в) оқытудың зерттеу әдістерін қолдану;
г) бақылау материалдарының өзгеруі
2.11-тақырып. Білім алушыларды PISA (Programme for International Student Assessment-фор Интернэйшнал Стюдент Ассесмент) халықаралық зерттеуіне дайындау әдістемесі. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін оқу тапсырмаларын әзірлеу 2.11.1 Функционалдық сауаттылық
Сұрақ 1 Функционалды оқу сауаттылығының сипаттамаларын таңдаңыз: а) білімді ғылыми әдістер арқылы зерттеуге және шешуге болатын нақты жағдайларда мәселелерді бөліп көрсету үшін пайдалану мүмкіндігі;
б) адамның жазбаша мәтіндерді түсіну және оларға рефлексия жасау қабілеті;
в) оқытудың зерттеу әдістерін қолдану;
г) өз мақсаттарына жету үшін ақпарат мазмұнын пайдалану мүмкіндігі;
д) адамның жақсы негізделген математикалық пайымдаулар айту қабілеті.
Сұрақ 2 PISA зерттеуіндегі жаһандық құзыреттілік қабілеттерді білдіретін белгілерін таңдаңыз: а) мәдени, діни, саяси, нәсілдік және басқа да айырмашылықтардың адамдардың қабылдауына, пайымдаулары мен көзқарастарына қалай әсер ететінін түсіну;
б) білімді бақылаулар мен эксперименттерге негізделген нақты әлемдегі мәселелерді бөліп көрсету үшін пайдалану;
в) жаһандық сипаттағы және мәдениетаралық өзара іс-қимыл проблемаларын әртүрлі көзқарастардан сыни тұрғыдан қарастыру;
г) жеке тұлғаның және қоғамның қаржылық әл-ауқатын жақсарту үшін қажетті дағдыларды дамыту;
д) өз мақсаттарына жету үшін, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін шығармашылық қабілеттерін дамыту.