Сұрақ-жауап: Күшті өлшейтін прибор қалай аталады? динамометр



Дата19.09.2023
өлшемі9,13 Kb.
#108446
Байланысты:
физщам


Сұрақ-жауап:
1. Күшті өлшейтін прибор қалай аталады? - динамометр
2.Деформация дегеніміз не? – дененің пішінін немесе көлемін өзгертуі.
3.Барометрмен нені өлшейді? – Атмосфералық қысымды.
4.Күнді 30 жылда бір айналатын планета?- Сатурн.
5.Конденсация дегеніміз не? – бу молекулаларының сұйыққа қайта оралуы.
6.Техникада қолданылатын металл манометрлер қалай аталады? –Бурдон манометрлер.
7.Деформацияның қандай түрлері бар? – Пластикалық және серпімді.
8.Сұйықтар мен газдардағы қысымды анықтаған ғалым кім? –Блез Паскаль
9.Броундық қозғалыс дегеніміз не? – Сұйықта немесе газдарда қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.
10.Атмосфералық қысым қандай шамаға байланысты ? – Биіктікке.
11.Денелердің инерттілігінің өлшемі бола алатын физикалық шама: Масса
12. Броундық қозғалысты түсіндіруге болады: тек қана молекулалы-кинетикалық теорияның негізінде
13. Жер бетіндегі күн мен түннің ауысуы Жердің өз осінен айналуына байланысты.Осы жағдайдағы санақ жүйесі (Күнге байланысты)
14. Шағылудың түрлері: диффузиялық(шашырау) және айналық
15. Жарықтың түзусызықты таралуына негізделген құбылыc: көлеңке және жартылай көлеңкенің пайда болуы.
16.Өлшеу дәлдіг дегеніміз не? нәтижелері өлшенетін шаманың нақты мәнге жуықтығын көрсететін
өлшеу көрсеткіштері. Дәлдікті сан ретінде ықтималды қателіктің модуліне кері шамамен көрсетуге болады.
17.Өлшеудің қандай түрлері бар ?
Тура,жанама,жиынтық өлшеу
18.Эталон дегеніміз не?
Эталон- бұл ерекше арнайыландыру
бойынша орындалған, орнатылған тәртіпте ресми бекітілген, салыстырып тексерудің сұлбасы бойынша төменде тұрған өлшеу құралына (ӨК) бірлік мөлшерін беру мақсатында оның қайталануы мен сақталуын
қамтамасыз етуші өлшеу құралы.
19.Эталон түрлері қандай?
Екінші және алғашқы эталондар
20.Тиістілігіне қарай эталондар қалай бөлінеді?
халықаралық, мемлекетаралық және
ұлттық эталондарға бөлінеді

1-жұмбақ.


Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)

2- жұмбақ.


Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)

3- жұмбақ.


Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)

4- жұмбақ.


Жылдамдықты өзгертеді,
Қозғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қозғалысқа,
Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)

5- жұмбақ.


Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді. (Күш)

6- жұмбақ.


Бірдей көлемдегі масса кейде көп,
Аз болса да кейде дөп.
Делінеді бұл шама,
Аталуын тапшы тек. (Тығыздық)

7- жұмбақ.


Күш көбейсе артады,
Аукадан артқа тартады.
Жүзі жұқа үшкір зат,
Одан бірақ қорқады. (Қысым)

8- жұмбақ.


Барлық денелерге тән,
Онсыз болмайды сән.
Әр затта болады әр түрлі,
Өлшеуге болады дәл. (Масса)

9-жұмбақ


Құрметтейік ғалымды,
Ғылымды алға жылжытқан
Айтшы, достар, кім ашқан?
Инерция құбылысын. (Г.Галилей)

10-жұмбақ


Көкке қараған, жұлдыз санаған. (Телескоп)

1-есеп.

Бос ыдыстың массасы 10 кг, суы бар ыдыстың массасы 20 кг болады. Судың тығыздығы 1,0*103кг/м3.Ыдыстың көлемін анықтаңдар. Жауабы: 0,03м3

2-есеп.

Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 78Н.Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95м, ае ені 6 см. Шаңғышының қарбетіне түсіретін қысымын табыңдар? Жауабы: 51,5кПа

3-есеп.

Көлемі 18,75 л керосиннің салмағын есептеңдер. Керосинніңтығыздығы 800 кг/м3.
Жауабы: Р=150Н

4-есеп.
Окушы көзілдірігін шешіп, кітапты көзінен 4-16 см қашықтықта ұстап оқыды. Окушы көзілдірігінің оптикалық күші (d,-25 см)


Жауабы: -2.25дптр

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет