Сұрақ. XV xviii ғғ. қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктерін талдап көрсетіңіз



Дата19.10.2022
өлшемі15,98 Kb.
#44290
Байланысты:
XV – XVIII ғғ. қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері


Сұрақ. XV – XVIII ғғ. қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктерін талдап көрсетіңіз
Жауап: Қазақ халқының тұрмыс тіршілігі көшпелі мәдениеттің қалыптастырған заңдылықтарына бағынды. Мал шаруа- шылығы мен егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер – тұрман, ат әб- зелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өң- дейтін құралдар қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Үйде істелетін бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, өнді- рушінің өз отбасын ғана қанағаттандыруға пайдаланылатын. Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасау- да ерекше өрістеді.
Бұл кезде Оңтүстік Қазақстан қалаларының Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда – саттық бай- ланысы жанданды. XVI – XVIII ғасырларда «Ұлы жібек жолы» бойында орналасқан Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақша- лар Қазақ хандығы тұсында сауда – саттық өркендеп, ақша ай- налымы дамығандығын көрсетеді. Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық кешендері, Жәнібек пен Қа- сымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесене- лері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет сипатымен, архитек- туралық формаларының жинақылық әрі айқыншылығымен ерекшеленді. Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін таби- ғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астын- дағы мал күзетінде өткізген қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы «құс жолы», «құйрықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайында ұғымын кеңейтті.
XVI – XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуда Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұ- хара, Самарқанд сияқты қалалар айрықша рөл атқарды. Ислам діні көшпелі халық арасында терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп қақтығыстар, соғыстар және түрлі саяси қарама – қайшы- лықтар еді. Сондықтан халықтың, әсіресе, көшпелі бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге, күнге, аспанға, жерге, су- ға табынуға негізделген нанымды ұстады.
XVI – XVIII ғасырларда қазақ халқының арасында тақы- рыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты на- қылдар кең орын алды. Жыраулар бірнеше қызметті қатар ат- қарды. Олар хандардың кеңесші, сыншысы, елдің қамқоршысы мен жоқтаушысы болды. XVI – XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясының аса ірі өкілдері – Асан Сәбитұлы(XIV – XV), Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 – 1560), Доспамбет жырау (1490 – 1523), Жиембет жырау (XYII ғ.), Марғасқа жырау (XYII ғ.), Ақтамберді жырау (1675 – 1768), Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693 – 1787). Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқ- танғанымен, олардың бәрі дерлік тарихи оқиғаларға құрылған. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.
Бұл кезде Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік өзгешелігімен қам- титын қоғамдық құрылыс «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көр- кемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Билер хан кеңесінің мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене араласты. XVI – XVIII ғасырларда би – шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күші мен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663- 1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665–1765) және Әйтеке Бай- бекұлы (1682–1766) ерекше орын алды. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қы- тай империясында танымал болған. Бұл кезде қазақ тіліндегі
128
жазба әдебиеттер діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар тү- рінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен Захир – аддин Бабырдың «Бабырнамасын», Камаладдин Бинайдың «Шайбанинамесін», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашидиін», Қадырғали Жалайырдың «Тарихи – и Ораз – Мұхаммед» және басқа да шы- ғармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады. Сонымен, XVI – XVIII ғасырларда қазақ қоғамында шаруашылықтың және мәде- ниеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды. Оның басты себебі, қазақ халқының біртұтас мемлекетке бірігуімен байла- нысты еді.
Студент, аталған сұраққа жауап жазғанда, соңғы ортағасыр- лық рухани мәдениеттің ауызша және жазбаша құнды мұрала- рына, қазақ халқының рухани және материалдық тұрмысының ерекшелігіне талдау жасау керек.
Ұсынылатын әдебиеттер: Қазақстан тарихы. 5 томдық. 2 – том. – Алматы, 1998.; Қазақстан тарихы туралы монғол деректемелері. 2 том. – Алматы, «Дайк – Пресс» 2005.; Пищулина К.А. Присыр- дарьинские города и их значение в истории казахских ханств в XV – XVIII вв. // Казахстан в XV – XVIII вв. – А., 1969. 5 – 49 бб.; Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының күшеюі. – Алматы: Сардар, 2015.; Сүйін- шіәлиев Х. VІІІ – ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – А., 1989.; Дулати М.Х. Тарих – и Рашиди. Ауд. И. Жеменей. – А., «Тұран», 2003.; Жолдасбаев С. Жетісу тарихы (XVI – XVIII ғғ.). А.,1996.; Ма- териалы по истории казахских ханств XV – XVIII вв. – А., 1969.;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет