Сұрақтар тізімі Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы



бет8/115
Дата14.09.2023
өлшемі444,35 Kb.
#107752
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   115
Байланысты:
анатомия пико жауае

2.Оңжак карынша ( ventriculus dexter) үшбұрышты пирамида пішінді , негізі жоғары караған ( кабырғасының қалыңдығы 5-7 мм ).
Қуысы негізінен екі бөлікке бөлінеді : А)денесі ( corpus ) оңжақ жүрекше - карынша тесігіне (ostium atrioventriculare dextrum ) жакын бөлігі
Б)артериялық конус ( кұйғыш ) ( conus arteriosus ) ( infundihulum ) , өкпе сабауынын тесігіне жакын , оң жақ қарыншаның алдыңғы жоғарғы бөлігі
Қарыншааралық қалқа ( septum interventriculare ) -бұлшықеттік бөлігі ( pars muscularis ) төменгі бұлшықетпен түзілген көп бөлігі және екі жағынан эндокардпен жабылған ;
-жарғақтық бөлігі ( pars membranacea ) жоғарғы қалған шамалы бөлігі , екі жағы эндокардпен қапталған фиброзды тінмен түзілген , осы жерде адамдарда туа біткен ( саңылау , тесік ) ақаулар кездесуі мүмкін :
1.Етті трабекулалар ( trabeculae carneae ) артериялык конуста болмайды, ол жердің беті тегіс , ал карыншаның қалған беті бұдырлы , ішке карай шығыңқы жатқан трабекулалар түзейді ;
2.Алдыңғы , артқы және қалқалық емізікшелік ( бүртікті ) бұлшықеттер ( mnt . papillares ) конус тәрізді , ұшы қарынша қуысына шығыңқы жатады , ал негізі оның қабырғасына өтіп бекіген ;
3.Сіңірлі жіпшелер ( chordae tendineae ) емізікшелік бұлшықеттерді оңжак жүрекше - қарынша қақпақшасының жармаларымен қосады :
Алдыңғы емізікшелік бұлшықет , ең үлкені – сіңірлі жіпшелер арқылы алдыңғы және артқы жармаларымен қосылған , артқы емізікшелік бұлшықет , кішілеуі – артқы және калкалық жармалармен қосылады. Қалқалық емізікшелік бұлшықет , кейде болмауы мүмкін жағдайда алдыңғы жармамен қосылады.
Өкпе сабауының тесігі ( ostium trunci pulmonalis ) одан жоғары қарай өкпе сабауы ( truncus pulmonalis ) басталады.
Өкпе сабауынын қақпақпалары ( valva trunci pulmonalis ) үшеу , өкпе сабауының тесігінде орналасады : алдыңғы жартыай жапқышы ( valvula semilunaris anterior ) өкпе сабауы тесігінің алдыңғы үштен бір бөлігінде орналасқан,онжақ жартыай жапқышы ( valvula semilunaris dextra ) артқы онжак үштен бір бөлігінде жатады , солжак жартыай жапқышы ( valvula semilunaris sinistra ) артқы сол жак үштен бір бөлігінде орналасқан. Жартыай жапқышының ұяшығы ( lunulae valvularит semilunarum ) жапқыш пен өкпе сабауы қабырғасының арасындағы ұяшық. Жапкыштын түйіншесі ( nodulus valvulae semilanaris ) әр жапқыштың бос жатқан жиегінің жуанданған жері, түйіншелер жапкыштардын тығыз кабысуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет