27) Төменгі шажырқай артериясы оның топографиясы тармақтары қан мен қамтамасыз ету аймақтары Уние 100
Жалпы айтатын болсам Шажырқайдың төменгі артериясы(a.mesenterica inferior) құрсақтық қолқаның алдыңғы бетінен 3 бел омыртқа тұсында тармақталып және де ішастар артында сол және төмен жүріп, 3 тармаққа бөлінеді.
Солжақ жиек ішектік артериясы(a.colica sinistra).
Сигма тәрізді артерия(a.sigmoidea) сигма тәрізді жиек ішекке барады
Тікішектің жоғарғы артериясы(a.rectalis superior) тікішектің жоғарғы бөлігін қанмен қамтамасыз етеді.
Бірінші тармақ
Сол жиектік артерия, а colica sinistra, сол шажыркайлык койнауда, ішастар артында, солнесепағар мен сол атабез артериясының ( анабез артериясының ) , a . testicularis ( a . ovаrіca ) sinistra , алдында жатып , жоғарылаған және төмендеген тармақтарға бөлінеді . Жоғарылаған тармағы сол жиектік артерияның сол тармағымен анасто мозданып , жоғарыда көрсетілген доғаны ( Рио лан ) түзеді ; ол көлденең жиек ішектің сол бөлі гін және жиек ішектің сол иілімін , flеxura coli sinistra , қанмен қамтамасыз етеді . Төмендеген тармағы сигматәрізді артериямен байланысып , төмендеген жиек ішекті қанмен қамтамасыз етеді .
Екінші тармақ
Сигматәрізді артерия , a . sigmоidea бастамасында ішастар артында , кейін сиг матәрізді жиек ішек шажырқайы табақтарының арасында жатады ; ол сол жиектік артерияның тармақтарымен , жоғарғы тiкiшек артериясымен анастомозданып , доғалар түзеді , доғалардан сигматәрізді жиек ішекті қанмен қамтамасыз ететін тармақтар кетеді .
Үшінші тармақ
Жоғарғы тiкiшек артериясы , а . rectalis superior , төменгі шажырқай артериясының соңғы тармағы болып саналады ; төмен бағыт талып екі тармаққа бөлінеді , екі тармақтың біреуі сигматәрізді артерияның тармақтарымен анастомозданып , сигматәрізді жиек ішектің төменгі бөлімдерін қанмен қамтамасыз етеді , екіншісі кіші жамбас астауына бағытталып , а . iliaca communis sinistra - ны алдынан кесіп өтіп , сигматәрізді жиек ішектің жамбастық бөлімі шажырқайында тік ішектің кең жерін ( ампу ласын ) қанмен қамтамасыз ететін оң және сол тармақтарға бөлінеді . Олар ішек қабырғасында ішкі мықын артериясының тармағы – ортаңғы тiкiшек артериясымен , a . rectalis media , анастомозданады .Риолан доғасының қалыптасуы, оның практикалық маңызы.
Шажырқайдың төменгі артериясының (a.mesenterica inferior) солжақ жиек ішектік артериясы(a.colica sinistra) жиек ішектің бауырлық иініне барады және көлденең жиек ішектің шажырқайлық жиегінде, ортаңғы жиек ішек артериясымен(a.colica media) – шажырқайлық жоғарғы артериясы ұштасып, Риолан доғасын түзеді.Риолан доғасы физиологияда және колоректальді хирургияда маңызды.
Физиологияда қанайналым бұзылуы жағдайында маңызды рөл атқарады. Ол тоқ ішектегі қанайналымның үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Колоректальді хирургияда тоқ ішек резекциясы кезінде бұл анастомоз ескеріледі.