Сұрақтар тізімі Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


VII жұп ми нерві, ядролары, топографиясы, тармақтары, нервтендіруаймақтары.100%



бет82/115
Дата14.09.2023
өлшемі444,35 Kb.
#107752
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   115
Байланысты:
анатомия пико жауае

82. VII жұп ми нерві, ядролары, топографиясы, тармақтары, нервтендіруаймақтары.100%

Бет нерві - n. facialis өзі жеке таза қимыл нерв болып табылады бірақ топографиялық тұрғыдан карайтын болсак n. facialis аралық нервпен n. Intermedius пен бірге жүргендіктен n.facialis аралас нервіге жаткызамыз өйткені n. Intermedius –тың 1 сезім, 1-вегативтік ядролары болады, сол себепті n.facialis –тың 1 қозғалтқыш, 1 сезім, 1 вегативтік ядролары болады.


Ядролары көпірде:
1)Қозғалтқыш - nucleus mоtorius
2)Сезімтал - nucleus tractus solitarii
3)Парасимпатикалық - nucleus salivatorius superior
Ми негізінде: Олива(Зәйтүн) және көпір аралығында шығады.
Самай сүйек пирамидасының ішкі есту жолына кіреді, бет өзегі арқылы жүріп біз-емізік тесігі арқылы шығады.
Ядролары:
• Бет нервсінің қимыл ядросы nucleus motorius n. Facialis
• Дара жол ядросы nucleus tractus solitarii-сезімталл
• Жоғарғы сілкей бөлетін ядро nucleus salivatorius superior ж/е көз жас ядросы nucleus lacrimalis –вегативтік парасимпатикалық ядрога жатады
n. Facialis-тың мида орналасқан жеріне токталсак: көпір-мишық бұрышы ягни- angulus pontocerebellaris кіреберісс-ұлу нервісінен жоғарғы жатады

n. Facialis-тың бассүйектегі орны: n. Facialis мида шыққаннан кейін самай сүйегінің пирамидасының артқы бетінде орналасқан ішкі есту тесігі - porus acusticus арқылы пирамида ішіне кіріп canalis facialis та орналасады. canalis facialis-те тік бұрыш жасап төмен қарай вертикалді бағытталып біз-емізіктәрізді тесік Foramen stylomastoideum арқылы бас сүйектен шығады, сөйтіп n. Facialis бет каналында екі иін түзеді, соның бірінші иінінде geniculum ,яғни нерв артқа латералді бұрылған жерінде n. Facialis-тың сезімтал талшықтары көлемі онша үлкен емес иін түйіні ganglion geniculi түзеді.


Foramen stylomastoideum- нен шыққан кейін шықшыт безінің қабатына еніп өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді
1. Үлкен тастык нерв, n.petrosus major, ganglion geniculi-ден басталып, аралық нерв талшықтарынан құралады. Ол самай сүйек пирамидасынан hiatus canalis facialis арқылы шығып, аттас жүлгеде жатады және бассүйек қуысынан жыртық тесік аркылы өтіп,нерв сынатәрізді сүйектің қанаттық өзегі аркылы өтіп, канат-таңдай шұңкырында орналаскан ganglion pterygopalatinum-ға барады.
2. Дабыл өрімімен байланыстыратын дәнекер тармақ, r.communicans cum plexu tympanico, ganglion geniculi-ден немесе үлкен тастық нервтен басталып, кіші тастық нервке, n.petrosus minor-га барады.
3. Үзеңгі нерві, п.stapedius, бет нервтің төмендеген бөлігінен басталатын жіңішке тармак, т.stapedius-ка барып, оны нервтендіреді.
4. Дабыл шегі, chorda tympani, аралық нервтің соңғы тармағы. Бет нервтің негізгі сабауынан біз-емізік тесігі тұсында тармақталып, дабыл шегінің өзекшесіне, canalicus chordae tympani, барады
Тіл нервтің құрамында жүретін дабыл шегінің талшыктары бір бөлігімен төменгі жаксүйекасты және тіласты түйіндерге, ganglia submandibulare et sublinquale бір бөлігімен тіл аркашығының шырышты қабығына барады.Бет нерві самай сүйек пирамндасынан біз-емізік тесік аркылы шыққан сон, шықшыт без қалыңдығына кірмес бұрын, келесі тармақтарды береді:
1. Артқы немесе терең кұлак нерві,n.auricularis posterior, s. profundus, біз-емізік тесіктің астында басталып, артқа және жоғары бұрылып, сырткы құлак артында жүріп, екі тармаққа бөлінеді:
1) алдыңғы, немесе кұлақтык тармак және 2) артқы немесе шүйделік, ramus posterior, s.occipitalis. Алдыңғы тармақ: m.auricularis posterior, m. auricularis superior, m. transversus auriculae, m. obliquus auriculae, m. antitragicus нервтендіреді. Артқы тармак m.occipitalis-mi нервтендіріп, . n auricularis magnus жэне n.occipitalis minor байланысады.

2. Бізтіласты тармағы r.stilhyoideus төмен бағытталатын жіңішке сабауша алдын-ала симпатикалык өріммен қосылып, аттас бұлшықет қалыңдығына барады.


3. Қоскарыншалык тармак, г. digastricus, негізгі сабаудан алдында көрсетілген нервтен сәл төмен басталып, қос қарыншалык бұлшыкеттің арткы қарыншасы бойымен төмен түседі және оған тармактар береді
Бет нерві шыкшыт без қалыңдығына кірген сон екі негізгі тармаққа: жоғарғы ірі және төменгі-ұсақ бөлінеді. Кейін бұл тармактар радиалді шашырайтын екіншілік тармактарға: жоғарғы, алдыңғы және төменгі, олар бет бұлшыкеттеріне барады.
Бет нервтің тармактары:Бет нервісінің шықшыт өрім тармақтары – мимикалық бұлшықеттерді нервтендіреді
а) Самайлық тармақтар, rr. temporales, артқы, ортаңғы және алдыңғы үш тармақ мөлшерінде тармакталып, m. auricularis superior, m. auricularis anterior, m. frontalis, m. orbicularis oculi және m. eorrugator supercilii жэне т.б. бұлшыкеттерге барады және оларды нервтендіреді.
б) Бетсүйектік тармактар, rr. zygomatici, екеу, кейде үшеу мөлшерінде, алға және жоғары бағытталып, m . zygomaticus және m. orbicularis oculi-re барады.
в) ¥рттық тармактар, rr. buccales, үш төрт мөлшеріндегі ірі сабаушалар, бет нервтің жоғаргы басты сабаудан басталып, келесі бұлшыкеттерге өзінің тармақтарын береді: бетсүйектік, шаршы жоғарғы және төменгі еріндік, күлкі, иттік, ұрттык, күректістік, ауыздык шеңберлі, үшбүрышты және мүрын бұлшықеттеріне.
Төменгі жақсүйектің жиектік тармағы, r. marginal is mandibulae, алға бағытталып, төменгі жақсүйек жиегімен жүреді және т. depressor labii inferioris жэне m.mentalis-ті нервтендіреді.
д) Мойындық тармак, ramus colli, екі-үш мөлшеріндегі сабаушалар түрінде кездеседі, төменгі жаксүйек бұрышының артымен жүріп,m.platysma-ға барып, оны нервтендіреді және мойын өрімінің жоғарғы (сезімтал) тармағымен қосылатын бірнеше тармактар береді.
Аралық нерв, n.intermedius {pars intermedia n.facialis), аралас нерв, кұрамында орталыктан тепкіш кимыл және орталыққа тартқыш сезімтал талшықтар бар. Аралык нерв ми негізіне n.facialis бен бірге көрінеді, бет нерві мен п. vestibulocochlear iс арасында орналасып, porus-ка, кейін meatus acusticus internus-ңа бағытталады. Осы жерде аралык нерв бет нервтің кұрамына кіреді. Аралык нервтің қимыл (секреторлық) талшыктары жоғарғы сілекей бөлетін ядродан, nucleus salivatorius superior, chorda tympani кұрамында төменгі жақсүйекасты және тіласты түйіндеріне бағытталады, оларды секреторлық талшыктармен қамтиды. Секреторлык талшықтардың кейбір бөлігі үлкен тастық нервтің, п.petrosus major, қүрамына кіріп, ganglion pterygopalatinum арқылы көзжас безіне барады. Аралык нервтің сезімтал талшыктары тілдің алдыңғы үштен екі бөлігінің шырышты кабығынан басталып, chorda tympani қүрамында ganglion geniculi-re барады. Бүл түйін жасушаларының орталык өсінділері мидың бағаналык бөлігіне бағытталып, жеке жолдың ядросында, nucleus tractus solitarii, аякталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет