Сұрақтар тізімі Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы



бет9/115
Дата14.09.2023
өлшемі444,35 Kb.
#107752
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   115
Байланысты:
анатомия пико жауае

3.Сол жақ жүрекше ( atrium sinistrum ) оң жақ жүрекшеге қарағанда жінішкелеу және ұзындау ; арткы жағы төмендемелі аортамен және өңешпен жанасады:
Солжак жүрекшеге кіретін қантамырлар өкпе веналары ( vv.pulmonales ) ( төртеу ) , жүрекшеге екі - екіден оң жақ және сол жақтан жалғасады :
Солжақ құлақша ( auricula sinistra ) солжақ жүрекшенің қосымша
Қуысы, аорта мен өкпе сабауын солжағынан айналып орналасқан.
Жүрекшеаралық қалка ( septum interatriale )
Қырлы бұлшықеттер ( тт.pеctіnаtі ) солжақ құлақшаның ішкі бетінде орналаскан.
Солжақ жүрекше - карынша тесігі ( ostium atrioventriculare sinistrunt ) сол жақ қарыншаға ашылады.
Солжақ жүрекше - карынша какпакшасы ( косжармалы , митралді ) ( valva atrioventricularis sinistra ) ( bicuspidalis , mitralis ) , өзі аттас тесікте орналасады:
а ) алдыңғы жарма ( cuspis anterior )

б ) арткы жарма ( cuspis posterior ) деп аталады.


4.Сол жак карынша ( ventriculus sinistrer ) конус пішінді , қабырғасының қалыңдығы оң жақ қарыншаға қарағанда 2-3 есе қылыі. Бұл айырмашылықтың себебі, сол жақ қарыншының оңжақ қарыншамен салыстырғанда жоғарғы қысыммен, яғни үлкен жүктемемен жұмыс атқаруынан болады.
Етті трабекулалар ( trabeculae carneae ) жүрек ұшында жақсы жетілген.
Алдынғы және артқы емізікшелік ( бүртікті ) бұлшықеттер ( mm . papillares ) , олардың пішіні және құрылысы оң жақ қарыншаның емізікшелік ( бүртікті ) бұлшықеттеріне ұқсас болады
Сіңірлі жіпшелер ( chordae tendineae ) әр емізікшелік бұлшыкетті қақпақшаның екі ( алдыңғы және артқы ) жармасымен қосады.
Аорта тесігі ( ostium aorticum ) , солжақ қарыншаның аорта тесігіне жақын жатқан бөлігін артериялық конус ( conus arteriosus ) деп атайды.
Аорта қақпақшасы ( valva aortae ) үшеу , өзі аттас тесікте орналасады: артқы жартылай жапқышы ( valvula semilunaris posterior ) аорта тесігінің артқы үштен бір бөлігінде орналасқан,
-онжак жарты ай жапқышы ( valvula semilunaris dextra ) аорта тесігінің алдыңғы онжакжағында жатады ;
-солжақ жартыай жапқышы ( valvula semilunaris sinistra ) аорта тесігінің алдынғы сол жақтағында орналасқан.
Жартыай жапқышының ұяшығы ( lunulae valvularит semilunarum ) немесе аорта синусы ( койнауы ) ( sinus aortae ) жапқыш пен аорта қабырғасының арасындағы ұяшық :
Жапқыштық түйінше ( поdulus valvulae semilunaris ) , әр жапкыштың бос жаткан жиегінің жуанданған жері және өкпе сабауының жапқыштық түйіншесіне қарағанда айқын көрінеді ; түйіншелер жапқыштардың тығыз қабысуын қамтамасыз етеді.
Оңжаң және сол жақ коронарлық артериялар ( acoronaria dextra et a.coronaria sinistra ) аорта қақпақшаларының жоғарғы жиегінен төмен аорта синусы аймағынан басталады ; сол себепті , қарыншалардың диастола кезінде жүрек қанмен жақсы жабдықталады , өйткені , осы уақытта аорта қақпақшалары толық жабылады да , аорта бойындағы қанның кері локсуынан ( жоғарғы қысымның болуынан ) коронарлық артериялар арқылы артериялық қан жүректің қабырғасына оңай өтеді , ал қарыншалардың ашылады систоласы кезінде аорта жапқыштары коронарлық артериялардың тесіктерін жауып қалады , сөйтіп , жүректің қабырғасына артериялық қан толық өте алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет