9. Үлкен қанайналым шеңберлерінің тамырлары, жалпы сипаттама, Қолқа, оның бөлімдері: өрлемелі, қолқа доғасы, тармақтары.72 Үлкен қанайналым шеңберлері солжақ қарыншадан аортадан басталады. Аорта және оның тармақтары арқылы артериялық қан бүкіл организмге тарайды. Ағзаларға микроциркуляциялық арна деңгейіне газ және заттек алмасу процесстері жүреді. Үлкен қанайналым шеңбері жоғарғы және төменгі қуыс веналармен оңжақ жүрекшеде аяқталады. Осы аталған функциялық анатомиясына сәйкес, үлкен және кіші қанайналым шеңберінің төмендегідей атқаратын негізгі жұмыстарын атауға болады: оттегі мен қоректік заттектерді ағзаларға тасымалдау, ағзалардағы газ және заттек алмасу процесстерінің жүруі,веналық қанды жүрекке әкелу, метаболизм өнімдерін шығарушыжәне иммундық жүйе ағзаларына жеткізу.
Қолқа, aorta - адам денесiндегі ең ірi артериялық сабау. Ол сол қарыншадан шығады басталу орны - қолқа тесiгі, ostium aortae.
- Қолқадан yлкен канайналым шенберін қyрайтын барлык артeриялар тармакталады.
- Қолка өрлeмелі қолка aorta ascendin қолка догасы arcus aorta және төмeндемелi қолқа aorta descendng боп бөлінеді.
- Төмендемелi қолқа, aorta descendens, өзі қолқаның кеуделік бөлігіне, aorta thoracica, және қолқаның іштік бөлігіне, aorta abdominalis, бөлінеді.
Қолқаның өрлемелi бөлігі
Қолқаның өрлемелi бөлігі, aorta ascendens сол қарыншаның артериялық конусының жалғасы және қолқа тесігінен басталады. Төстің сол жартысының артында, 3 қабырғааралық деңгейінде, жоғары, кішкене оң және алға бағытталып, оң II қабырга шеміршегі денгейіне жетіп, қолқа доғасына жалғасады. Қолқаның өрлемелi бөлiгінiң бастапқы жагы кенeйген, оны колқа буылтыгы bulbus aortae дейдi. Бyылтықтын кабырғасы yш жарты айлы қакпақтың орналасуына келетiн үш көтерiңкінi қолка койнауларын sinus aortae тузеді. Бyл койнауларды, қакпақтар сиякты он, сол ж/е артқы деп белгілейді. Оң қойнаудан оң тәждiк артерия, a.coronaria dextra, солдан - сол тәждiк артерия, a.coronaria sinistra, басталады.
Қолка догасы
Қолка догасы arcus aortae шығынқы жагымен жогары караған ж/е алдан артка багытталып, қолканың томендeген бөлігiне отеді. Өткен жеринде кишкене тарылу байкалады, ол колқа кылтасы isthmus aortae атауын алады. Қолканың бұл тарылган жеpi колқа догасы мен қолканың төмендемелі бөлігінін басталган шекарасында, колқа догасынан сол бұганаасты артериясынын тармакталған орнынан қолканың төмендеген бөлігіне ауысқанға дейін орналасады. Қолқа доғасы оң II қабырға шеміршегінен III-IV кеуде омыртқалары денелерінің сол бетіне бағытталады.
Қолқа доғасынан 3 ірi тамыр:
иық-бас сабауы, truncus brachiocephalicus, сол жалпы ұйқы артериясы, a. carotis communis sinistra, сол бұғанаасты артериясы, a. subclavia sinistra, тармақталады.
- Иық-бас сабауы, truncus brachiocephalicus, қолқа доғасының бастапқы бөлігінен тармақталады. Ол - ірі тамыр, ұзындыгы 4 см-дей, жоғары және оң көтеріліп, оң кеудебұғана буыны тұсында екі тармаққа: оң жалпы ұйқы артерияға, a. carotis communis dextra, ж/е оң бұғанаасты артерияға, a.subclavia dextra, бөлінеді. Кейде иық-бас сабауынан ең төменгі қалқанша артериясы, a. thyroidea ima, шығады. - Кейбір жағдайларда келесі даму варианттары кездеседі:
1) иық-бас сабауы болмайды, бұл жағдайда оң жалпы ұйқы ж/е оң бұғанаасты артериялары тікелей қолқа доғасынан шығады;
2) иық-бас сабауы оң жақтан емес, сол жақтан шығады;
3) ең сирек 2, оң ж/е сол иық-бас сабауы кездеседі.
Қолқанын төмендемелі бөліги
Қолқанын төмендемелі бөліги aortа ascendens, қолка догасының жалгасы, III-IV кеуде омырткалары денелеринен IV бел омырткаға дейин орналасып, он және сол жалпы мыкын артерияларға, аа.іlіасае communes dextra мен sinistraга бөлинеді,өзи кіші жамбас куысына жінішке сабау туринде орталык сегізкөз артерия боп жалгасып, сегізкөздін алдыңгы бетинде жатады. XII кеуде омыртка денгейінде көкеттін қолқалык тесигінен өтип, hiatus aorticus іш куысына туседі. Қолқанын томендеген бөлігінін көкетке дейінги бөлигі қолқанын кеуделик бөлигі aorta thoracica көкеттен төмен қолқанын іштік бөлігі aorta abdominalis деп атаймыз.
Аорта доғасының қысыңқы бетінің тармактары:
1.) бронхтық тармак (rr.bronchiales)
2) айыршабез тармақтары(rr.thymicae)
Аорта доғасының шығыңқы бетінің тармақтары: үшеу, жоғары бағытталған, оңжақтан солжаққа қарай есептегенде – иықбас сабау (truncus brachiocephalicus), солжақ жалпы ұйқы артерия (a.carotis communis sinistra), солжақ бұғанаасты артериясы (a.subclavia sinistra):
1) иықбас сабауы (truncus brachiocephalicus)
2) солжақ жалпы ұйқы артериясы (a.carotis communis sinistra)
3) солжақ бұғанаасты артериясы (a.subclavia sinistra)