11. Жалпыұйқы артериясы, топографиясы. Қан кеткенде артерияны басу орны. Сыртқы ұйқы артерия, оның үш топ тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.83 Жалпы ұйқы артериясы, а.carotis commтunis жұп, оң жақтан иық-бас сабауынан, truncus brachiосеphalicus, ол сол жақтан -тікелей колқа доғасынан, агсus aortae, басталады. Сондықтан сол жалпы ұйқы артериясы оңнан бірнеше см ұзынырақ болады. Жалпы ұйқы артериясы торының вертикалді жоғары кеуде жоғарғы тесігінен, мойын аймағына көтеріледі.
Бұл аймақта артерия мойын омыртқалардың көлденең өсінділері мен оларды жабатын бұлшықеттердің алдыңғы бетінде кеңірдек пен өңештің бүйірінде, төс-бұғана-еміздікше бұлшықет пен кұрамында жауырын-тіласты бұлшықеті орналасқан кеңірдек алды табақшасының артында орналасады. Жалпы ұйқы артерия өз жолында тармақтар бермейді және қалқанша шеміршектің жоғарғы жиегі деңгейінде:
1)сыртқы ұйқы артерияға, а.сarotis externa және 2) ішкі ұйқы артерияға, а.carotis internа, бөлінеді.
Бөлінген жерінде кішкене түйіншек-ұйқы шумағы, glomus caroticum, және жалпы ұйқы артериясының кеңейген бөлігі- ұйқы қойнауы, sinus caroticus, бар. Сырткы ұйқы артериясы, а.carotis externa, ішкі ұйкы артериясынын кішкене алдынан және медиалді жүріп, кейін оның сыртында жатады.
Сыртқы ұйкы артериясы басында тек мен мойын шандыр кабығының беткей табакшасымен жабылып, беткей орналасады. Кейін, жоғары бағытталып, кос карыншалы беттің артқы қарыншасы мен тес-тіласты бұлшықеттің артынан өтеді. Ол кішкене жоғары теменгі жак сүйек арты шұңқырында жатып, шыкшыт бездің қалындығына енеді және төменгі жак сүйектің буындық өсіндісі деңгейінде екіге бөлінеді:1) жоғарғы жақсүйек артериясы, а тахillaris және 2) беткей санай артериясы, а temporalis superficialis.
Алдыңғы топ тармақтары.
1. Жоғарғы калканша артериясы, а thyroidea, сырқы ұйкы артериясынан тіласты сүйегінің үлкен мүйізі деңгейінде тармақталады.
Жоғарғы қалқанша артерия өз жолында бірнеше тармактар береді.
a) Tіласты асты тармағы, s infrahyoideus, тіласты сүйегін және оған бекитін бұлшықеттерді қанмен қамтамасыз етіп, қарсылас жақтан орналасқан аттас тармақпен анастомоз түзеді.
б) Төс-бұғана-емізіктәрізді тармақ, r.sternoc- leidomastoideus тұрақсыз артерия, аттас бұлшықетті қанмен қамтамасыз етеді.
в) Жоғарғы көмей артериясы, a. laryngea superiok, бұлшықеттерді, көмейдің шырышты қабығын және тіласты сүйегінің бір бөлігін және көмегі қақпашығын қанмен қамтамасыз етеді.
г) Жүзік-қалқанша тармағы, r cricothyroideus, аттас бұлшықетті қанмен қамтамасыз етеді және қарсылас жатқан артериямен доғалық анастомоз түзеді.
2. Тіл артериясы, a lingualis, жоғарғы қолқан- ша артериясынан қалыңырақ, одан кішкене жоғары, сыртқы ұйқы артериясының алдыңғы қабырғысынан басталады.
Тіл артериясы өз жолында бірнеше тармақтар береді:
a) Тіласты үсті тармағы, r.suprahyoideus, тіласты сүйегін және көршілес жатқан жұмсақ ұлпаны қанмен қамтамасыз етеді.
б)Тілдіңдорзалдітармағы, rr.dorsaleslinguae, тілдің шырышты қабығы мен бадамшасын қанмен қамтамасыз етеді.
в) Тіласты тармағы, a sublingualis, көршілес жатқан бұлшықеттерді қанмен қамтамасыз етіп, ауыз қуысы түбінің шырышты қабығы мен қызылиекте аяқталады. Кейбір тармақтары, m.mylohyoideus тесіп, иекасты артыриясымен, a submentalis анастомоз құрайды.
г) Тілдің терең артериясы, a. profunda linguae-тілдің шырышты қабығы мен меншікті бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз ететін бірнеше тармақтар береді.
3. Бет артериясы, a. facialis.
Бет артериясы өз жолында келесі тармақтарды береді:
a) Жоғарылаған таңдай артериясы, a. palatina ascendens, жоғарлаған жұтқыншақ артериясымен, a pharyngea ascendens-пен анастомоз құрайды.
б ) Бадамшалық тармақ, r.tonsillaris, жұтқыншақ қабырғасы мен тіл түбіріне бірнеше қатар тармақтар береді.
в) Бездің тармақтар, rr.glandulares-төменгі жақсүйек асты безіне тармақталатын көптеген тармақтармен көрсетілген.
г ) Иекасты артериясы, a.submentalis- иекасты бұлшықеттерді мен терісін, төменгі ерінді қанмен қамтамасыз етеді.
д) Төменгі және жоғарғы ерін артериясы, aa. labialis inferior et superior, ауыз саңылауының шырышты қабығын, терісін және бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз етіп, қарсылас жатқан аттас артериялармен анастомоз құрайды.
e) Бұрыштық артерия, a.angularis , мұрынның сыртқы артериясымен, a. dorsalis nasi анастомоз түзеді.
Артқы топ тармақтары:
1.Төс-бұғана-емізік- тәрізді тармақ, r. Sternocleidomastoideus, m. sternocleidomastoideus қалыңдығына енеді.
2. Шүйде артериясы, a. occipitalis, еміздіктәрізді өсіндінің a. occipitalis-не жатады.
Шүйде артериясынан келесі тармақтар тармақталады:
a) Бұлшықеттік тармақтар. Олар төс-бұғанаеміздік тәрізді бұлшықетті, rr. sternocleidomastoidei, және шүйдеге жақын орналасқан бұлшыкеттерді қанмен қамтамасыз етеді.
б) Емізіктәрізді тармақ, r.mastoideus- ең жіңішке сабау.
в) Құлақтың тармақ r. auricularis, құлақ қалқанының артқы бетін қанмен қамтамасыз етеді.
г) Шүйделік тармақтар, rr. occipitales, артқы құлақ артериясы мен беткей самай артериясының тармақтарымен анастомоз түзеді.
д) Қатты ми қабығының тармақтары, r. meningeus, қатты ми қабығына кіретін жіңішке сабау.
3. Артқы құлақ артериясы, a. auricularis posterior, сыртқы ұйқы артериясынан басталатын ұсақ тамыр.
Артқы құлақ артериясы өз жолында бірнеше тармақтар береді:
a) Біз-емізіктәрізді артерия, a. stylomastoidea бет нерві өзегіне емізіктәрізді өсіндінің ұяшықтарына емізіктәрізді тармақтар, rr. mastoidei, және үзеңгілік бұлшықетке үзеңгілік тармақ, r. stapedius береді.
б) Құлақтық тармақ, r. auricularis, құлақ қалқанының артқы бетімен жүріп, оны алдыңғы бетіне тармақтар береді.
в) Шүйделік тармақ. r.occipitalis, шүйделік артерияның тармақтарымен анастомоз түзеді.
Медиалді топ тармақтары.
1. Жоғарылаған жұтқыншақ артериясы, келесі тармақтар береді:
a) Жұтқыншақтық тармақтар, rr.pharyngei, жұтқыншақтың артқы қабырғасын, таңдай бадамшасын, жұмсақ таңдай бөлігін және жар- тылай есту түтігін қанмен қамтамасыз етеді.
б) Артқы менингеалдық артерия, a. meningea posterior, мидың қатты қабығында тармақталады.
в) Төменгі дабыл артериясы, a. tympanica interior, дабыл қуысының шырышты қабығын қанмен қамтамасыз етеді.
Соңғы топ тармақтары.
1. Жоғарғы жақ артериясы, a. maxillaris, тармақтары топографиясына байланысты шартты түрде үш топқа жіктеледі.
Бірінші топқа жоғарғы жақ артериясының төменгі жақсүйек мойыны маңындағы тармақтары жатады.
Екінші топқа а. maxillaris-тің, m. pherygoideus lateralis пен m. temporalis арасында жатқан бөлігінен тармақталатын тармақтар жатады.
Үшінші топқа жоғарғы жақсүйек артериясының қанат-таңдай шұңқырында орналасқан тармақтары жатады.
Төменгі жақсүйек бөлігі тармақтары:
1. Терең құлақ артериясы, a. auricularis profundus- шықшыт буының буын қапшығын, сыртқы есту өтісінің төменгі қабырғасын, дабыл жарғағын қанмен қамтамасыз етеді.
2. Алдыңғы дабыл артериясы, a. tympanica anterior, дабыл қуысының шырышты қабығын қанмен қамтамасыз етеді.
3. Төменгі ұяшықтар артериясы, a. alveolaris inferior, тісті, тіс шұңқыршасын, қызылиекті, төменгі жақсүйектің кеуекті затын қанмен қамтамасыз етеді.
a) Жақсүйек-тіласты тармағы, r mylohyoideus, m.mylohyoideus пен m. digastricus-тың алдыңғы қарыншасын қанмен қамтамасыз етеді.
б) Иек артериясы, a. mentalis, төменгі ерінді қанмен қамтамасыз етіп, a. labialis inferior және a. submentalis тармақтарымен анастамоз түзеді.
Қанаттық бөліктің тармақтары:
1. Ортаңғы менингеалдық артерия, a. meningea media, қабықтың самайлық, маңдайлық және төбелік учаскесін қанмен қамтамасыз етеді.
A. meningea media өз жолында келесі тармақтарды береді:
a) Менингеалдық қосымша тармақ, r. meningeus accessories, таңдай бұлшықеттерін және үшкіл түйінді, ganglion trigeminale, қанмен қамтамасыз етеді.
б) Жоғарғы дабыл артериясы, a. tympanica superior, жіңішке тамыр, дабыл қуысының шырышты қабығын қанмен қамтамасыз етеді.
B) Тастық тармақ, r.amus petrosus, біз емізік тәрізді артериямен, a.stylomastoidea анастомоз құрайды.
2. Терең самай артериялары, aa. temporalis profundae, аталмыш бұлшықеттің терең және төменгі бөлімдерін қанмен қамтамасыз етеді.
3. Шайнау артериясы, a. masseterica, шайнау бұлшықетін қанмен қамтамасыз етеді.
4. Артқы жоғарғы ұяшықтар артериясы, а. alveolaris superior posterior, жоғарғы жақсүйектің үлкен азу тістерінің түбіне және қызылиекке барады.
5. Ұрт артериясы, a. buccalis, ауыз қуысының шырышты қабығын, қызылиекті және ымдау бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз етеді. Ұрт артериясы бет артериясымен анастомоз құрайды.
6. Қанаттық тармақтар, rr. pherygoidei, латералді қанат иық бұлшықеттерге бағытталады
Қанат-таңдай бөлігінің тармақтары: 1. Көзұя-асты артериясы, a. infraorbitalis, беттің көзұя-асты аймағына тармақтар береді.
Өз жолында көзұя асты артериясы бірқатар тармақтар береді:
a) Көзұялық тармақтар, rr. orbitales, көз алмасының бұлшықеттерін - m. rectus inferior мен т. obliquus inferior, қанмен қамтамасыз етеді.
б) Алдыңғы жоғарғы ұяшықтар артерия- сы, aa. alveolares superiores anteriores, жоғарғы жақсүйектің тістерін, қызылиекті және жоғарғы жақсүйек қойнауының шырышты қабығын қанмен қамтамасыз етеді.
2. Төмендеген таңдай артериясы, a. palatine descendens, аталмыш өзекпен есту түтігіне жетеді.
Кіші таңдай артериялары жұмсақ таңдай тіні мен таңдай бадамшасын қанмен қамтамасыз етеді.
Үлкен таңдай артериясы өзектің шырышты қабығын, бездерді және қы-зылиекті қанмен қамтамасыз етеді, кейін оңға бағытталып, canalis incisivus арқылы жоғары көтеріледі және артқы мұрын қолқа артериясымен, a. nasalis posterior serti, анастомоз құрады.
3. Сынатәрізді-таңдай артериясы, a. speno- palatina, бірнеше тармақтарға бөлінеді.
a) Ең жоғарғы жұтқыншақ артериясы жұтқыншақты қанмен қамтамасыз етеді және жоғарылаған жұтқыншақ артериясымен, a. pharyngea ascendens-пен анастомоз құрайды.
б) Артқы латералді мұрын артериялары, аа. nasals posteriores laterales, - ортаңғы және төменгі қолқандарының шырышты қабығын, мұрын қуысының бүйір қабырғасын қанмен қамтамасыз етеді.
B) Артқы мұрын қалқа артериясы, a. nasalis posterior septi, мұрын қалқасының шырышты қабығын қанмен қамтамасыз етіп, үлкен таңдай және жоғарғы ерін артериясымен анастомоз құрады.
2. Беткей самай артериясы, a. temporalis superficialis.
Артерия өз жолында бірнеше тармақтар береді:
Шықшыт без тармақтары, rr. parotidei, шықшыт безді қанмен қамтамасыз етеді.
Беттің көлденең артериясы, a. transversa faciei, бастамасы шықшыт безін қанмен қамтамасыз етіп, бет артериясының тармақтарымен анастомоз құрады.
Құлақтың алдыңғы тармақтары, rr. auriculars anteriores, құлақ қалқанының терісін, шеміршегі мен бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз етеді.
Ортаңғы самай артериясы, a. temporalis media, самай бұлшықетін қанмен қамтамасыз етеді.
Бетсүйек-көзұялық артерия, a. zygomatico- orbitalis, бірқатар ымдау бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз етіп, а. transversa facies, a. frontalis және a. ophtalmica тармағы a. lacrimalis анастомоз құрады.
Маңдай тармағы, r. frontalis, маңдай қарыншасын, m. orbicularis oculi, galea aponeurotica және маңдай терісін қанмен қамтамасыз етеді.
Төбе тармағы, r. parietalis, самай аймағының терісін қанмен қамтамасыз етеді; қарама-қарсы жақтағы аттас артериямен анастомоз құрады.