Сұрақтар тізімі Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы



бет83/115
Дата10.04.2023
өлшемі415,62 Kb.
#80944
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   115
Байланысты:
анатомия пико

83. ІХ жұп ми нерві, ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары және бастың вегетативтік түйіндермен байланысы.100%

ІХ-шы жұп: тіл-жұтқыншақ нерві - n.glossopharyngeus – аралас нерв, яғни қозғалтқыш, сезімталдық, вегетативтік және дәм сезу нерв талшықтарынан тұрады, осыған сәйкес үш ядросы болады – 1-қозғалқыш, 1-сезім, 1-вегетативтік.

Ядроларына жеке токталсак:
қосарланған ядро nucleus ambiguus – қозгалткыш ядро болып табылады сопақша мида ол Х-шы ж/е ХІ-ші жұп ми нервтерінің қозғалтқыш ядроларымен бірге орналаскан болады
дара жол ядросы – nucleus tractus solitarii – сезімтал ядро, басқа да ми нервтерінің ягни Х, VІІ нервтердің сезімтал ядроларының жалғасы есебінде сопақша мида орналасқан болады
төменгі сілекей бөлетін ядро - nucleus salivatorius inferior – вегетативтік парасимпатикалық ядро болып саналады олда сопақша мида орналаскан

Мунда бір ескеретін жағдай бар ол ромбтәрізді шұңқырда орналасатын ми нервтерінің ядроларының топографиясына мән берсек, онда шұңқырдың ұзынабойлық ортаңғы жүлгесіне жақын қозғалтқыш ядролар, шұңқырдың латералді бөлігінде яғни латералді бұрышына жақын сезімтал ядролар, ал қозғалтқыш және сезімтал ядролар аралығындағы бөлікте вегетативтік ядролардың орналаскан болады.

-ядролардың осындай ретпен сопақша мида, яғни ромб тәрізді шұңқырда проекциялануының себебі бар: жұлынның артқы жіпшесінде өрлемелі сезім жолдары өтеді және артқы мүйізінде сезім ядролар, латералді мүйізінде вегетативтік ядролар, ал алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш ядролар орналасқан;

-жұлынның осы артқы бөліміндегі сезімталдың құрылымдар жоғарғы жақта сопақша миға жалғасады, ал сапақша мидың, жұлыннан келген, артқы бөлімінің құрылымдары, дәлірек айтсақ нәзік және сынатәрізді будалар жоғары латералді бағытталып мишықтың төменгі аяқшасына жалғасады, сөйтіп артқы сезімтал құрылымдар (ядролар) ромб тәрізді шұңқырдың латералді бөлігіне ығысып орналасады да, қозғалтқыш ядролар шұңқырдың ортаңғы сызығына жақын өз орнындарында қалады (жұлынның алдыңғы мүйізінің қозғалтқыш ядроларына сәйкеседі), ал вегетативтік ядролар олардың аралығында жатады (жұлынның бүйір мүйізіндегі вегетативтік ядроларға сәйкеседі).



​-n.glossopharyngeus-тыңмида орналасатын жеріне токталсак:
​-n.glossopharyngeus сопақша мидан артқы латералді жүлге sulcus posterolateralis арқылы шығады.
-n. glossopharyngeus-тың бассүйектегі орны:
​-бас сүйектен foramen jugulare арқылы шығады;
​-тармақтары және нервтендіретін ағзалары
​1.Дабыл нерві - n.tympanicus n.glossopharyngeus-тың төменгі сезімтал түйінінен ganglion inferius-тен шығып, cavitas tympani-ға өтіп, сол жерде дабыл өрімін plexus tympanicus түзеді, яғни дабыл қуысынан және есту түтігінен жалпы сезімталдық импульстарды өткізеді.
​Қорыта айтқанда, дабыл нерві n.tympanicus – аралас нерв, оның құрамында сезімтал және вегетативтік парасимпатикалық секреттік талшықтар болады:
​а)n.tympanicus-тың сезімтал талшықтары, олар n.glossophayngeus-тың ganglion inferius нейрондарының шеткі өсінділері болып табылады, ал түйіннің орталық өсінділеріn.glossopharyngeus-тың құрамымен миға кіріп тіл-жұтқыншақ нервтің nucleus tractus solitarii-де аяқталады, осы ядродан әрі қарай дабыл қуысы мен есту түтігінен шыққан жалпы сезім импульстарын аралық мида орналасқан қыртысасты орталыққа ягни таламусқа содан соң сезімтал орталықалды қатпарға өткізеді;
​б)n.tympanicus-тың вегетативтік талшықтары n.glossopharyngeus-тың вегетативтік парасимпатикалық ядросы төменгі сілекей бөлетін ядросынан – nucleus salivatorius inferior-дан басталатын преганглилік талшықтар, яғни парасимпатикалық секреттік импульстарды вегетативтік құлақ түйініне – ganglion oticum ге өткізеді
ganglion oticum-нан постганглилік нерв талшықтары басталып n.auriculo temporalis тің құрамымен шықшыт безіне келіп, оны парасимпатикалық нервтендіреді ягни бездің қан тамырларын кеңейтеді және секрециясын күшейтеді.
​2.Біз-жұтқыншақ нервінің тармағы – ramus n.stylopharyngei аттас бұлшықетті нервтендіреді.
​3.Бадамшалық тармақтар – rami tonsillares таңдай бадамшаларын және жұмсақ таңдай доғашықтарын иннервациялайды.
​4.Жұтқыншақтық тармақтар – rami pharyngei жұтқыншақ маңында жұтқыншақ өрімін түзеуге қатынасады, яғни жұтқыншақты нервтендіреді;
​5.Тіл тармақтары – rami linguales аралас нерв ол n.glossopharyngeus-тың соңғы тармақтары:
​-тілдің артқы 1/3 бөлігін нервтендіреді, яғни осы аймақтан жалпы сезіталдықты өткізеді және құрамында papillaevalatae-дан дәм сезу импульстарын өткізетін нерв талшықтары болады;
​-papillaevalatae-дан шыққан дәм сезу талшықтары n.glossopharyngeus-тың құрамымен жүріп, оның сезімтал төменгі түйініне, кейіннен сезімтал дара жол ядросына(nucleustractussolitarii) барып, әрі қарай дәм сезудің қыртысасты орталығы таламусқа жетеді, содан соң дәм сезудің қыртыс орталығы ілмекте аяқталады; осылай тілдің артқы 1/3 бөлігінен (papillaevalatae-дан)n.glossopharyngeus-пен дәм сезіледі.
​6.Ұйқы қойнаулық тармақ - r.sinus carotici сезімтал нерв – ұйқы қойнауын sinus caroticus-ты немесе glomus caroticum-ды нервтендіреді​
Қорыта айтқанда n.glossopharyngeus дабыл қуысын, есту түтігін, тілді, жұтқыншақты, бадамшаларды және құлақ маңы (шықшыт) сілекей бездерін иннервациялайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет