болып, үнемі тоңады, күш-қуаты аз, әлсіз болып, ұйқысы келе береді. • Тироксин мөлшерден көп бөлінген жағдайда қоректік заттардың өте көп бөлігі энергияға жұмсалады. Содан Базедов (бадырақ көз) ауруы пайда болады. Ауру адамның жүйке жүйесі шектен тыс қозады, жүрегі жиі соғып, тыныс алуы жиілейді, дене температурасы 37–38°С болады, ұйқысы қашады, арықтайды, көп тамақ жейді, бірақ жеген тамағы ағзаға сіңбейді. Микседема
Базедов
(
бадырақ
көз
)
Қалқаншамаңы бездерін ғалымдар көп жылдар бойы қалқанша бездің бір бөлігі деп есептеген. Кейін оның құрылысын зерттегенде (1924 ж.) олардын калканша безден бөлек екені анықталған Бул бездер паратгормон бөледі. Бездердін саны тертеу, олардын екеуі қалқанша бездін жоғарғы жағына, ал екеуі төменгі жағына орналасқан. Қалқанша безге жақын орналасқанымен құрылысы мен қызметі мүлдем өзгеше. Бездерден бөлінетін гормондар сүйектерде жиналатын фосфор мен кальцийдін мөлшерін реттейді. Паратгормоннын әсерінен олар қанға өтеді. Егер организмде паратгормон жетіспесе немесе бездерді алып тастағанда, қандағы кальцийдің деңгейі азайып, фосфордын мөлшері артады. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды да булшық еттер түйіліп қалады. Қалканшамаңы бездерінің жұмысы бүйрек пен сүйек ұлпасындағы кальций мен фосфордың алмасуымен тығыз байланысты.
Айырша без (тимус) кеуде қуысында кеңірдектіңжоғарғы ұшын жауып орналасқан без Адамның балалық шағында ірі (30 г) болады. Жыныстық