Сроп «Ерте балалық шақтағы баланың психикалық дамуының сипаты»



Дата02.09.2023
өлшемі13,74 Kb.
#105916
Байланысты:
СРОП5


Сроп
«Ерте балалық шақтағы баланың психикалық дамуының сипаты»

Ерте балалық кезең бір жастан үш жасқа дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші бір аты мектеп жасына дейінгі кезең. Кезеңнің басталуы бір жастағы дағдарыстан басталады. Ерте кезеңнің дамуының негізгі ерекшелігінің мақсаты – баланың анасынан психологиялық бөлектенуі. Бала бұл кезеңде кеңістікте еркін қозғала алады. Сөзді меңгергендіктен, бала өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Баланың заттарды меңгеруі ойын мінездемесіне ие. Д.Б. Элькониннің айтуынша, бір жастың соңында баланың әлеуметтік жағдаяттарға ересек адамдармен бірігуі ішкі себептерге байланысты болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі ерекшелігі – заттық – манипулияциялық әрекеттер. Оның дамуына заттармен жасалатын әртүрлі кубиктер, пирамидкалар т.б ойыншықтар әсерін тигізеді. Ерте балалық кезеңдегі балалардың жалпы дамуына тән – жүйелі, ақырын өсу [1, 93 б.]. Бала бір жастан бастап дүниені танып білуде белсенділік танытады. Бала бір жастан екі жас аралығында бір әрекетті орындау үшін әр түрлі нұсқауларды пайдаланады, ал бір жарым жастан екі жас аралығында балада инсайт, аяқ асты шешім табуда жол табады. Балада екі жаста қабылдау өзгереді. Бала затпен әрекет ету барысында жағдаяттарды шешуді табандылықты танытады. Қабылдаудың дамуына байланысты балада ойлау үрдісі қалыптаса бастайды. Д.Б. Элькониннің қарастыруынша, бұл үрдісті бала былайша қарастырады: зат физикалық мінездемеге ие. Балаға бұл мінездеме белгілі, алайда заттың қоғамдық қызметі балаға белгісіз, ол тек қана ересек адамға белгілі. Балада заттармен манипуляция жасауға деген қажеттілік пайда болады. Алайда, заттармен қарым-қатынас жасау ересек адамдармен бірлескен іс-әрекеттер арқасында жүзеге асады. Ересек адамның нұсқауымен заттық әрекеттер баланы қарым-қатынас жағдаятына қояды. Бала ересек адамға әртүрлі өтініш, тілек айтып, ересек адамның нұсқауымен заттық тапсырманың шешімін табады. Тіпті, кей жағдайда бала интеллектуалды тапсырманы да шеше алады. Бұл жағдайлар баланың қарым – қатынас аймағының дамуына және тілдің дамуына әсерін тигізеді. Л.С. Выготскийдің айтуынша, ерте балалық кезеңнің негізгі ерекшелігі – қабылдаудың дамуына. Қабылдау нәрестелік кезеңде қалыптасқан түйсік негізінде дамиды [1, 96 б.]. Бала нәресте кезеңнен бастап әрбір көрген заттарына мән беріп, өз түйсігімен қабылдайды. Бала санасындағы сан сұрақтар туындап, айналасынан жауап іздеуге талпынады. Балалар психологиясы – жас баланың өз мүмкіндігіне қарай жақсы білім алуына жасалынатын баспалдақ. Сондықтан ғылыми принципке сүйенсек, оқулыққа деген оқушының қызығушылығын арттыру қажет-ақ. Мұнда терең білім алуға ұмтылдыру, жалықтырып алмау қағидаларын сақтаудың маңызды екендігі ашылады. Оқушыға білім беруде мынадай негізгі оқыту қағидаларын ескеру қажет: ғылыми, көрнекілік, бірізділік, жас шамаға лайықтылық, беріктілік, нақтылық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет