Мэсконның пайымдауынша: Ұйымның атмосферасы немесе климаты оның мәдениеті деп аталады. Мәдениет ұйымның көпшіл дәстүрлерін, мінезін көрсетеді». Ұйымның әр-түрлі үлгілері әр-түрлі ойларға, сенімдерге және дәстүрлерге ие. Олар сыртқы түрімен, атмосферасы мен жұмыс істеу әдістерімен айрықшаланады.
Ұйым мәдениетіне келесі факторлар әсер етеді: • меншіктің пайда болуы және түрлері, • технология, • оқиғалар.
Ұйым мәдениетін құрайтын көптеген негізгі ойлар, сенімдер мен дәстүрлер айқын емес болып табылады. Өйткені көбісі дәлелденбей және сирек күмән туғызады. Мәдениет – ұйымның тиімділігіне жетудегі маңызды факторы.