Кітапхана сабағы Тақырыбы: “Қазақстан және әлемдік қауымдастық” Тарих пәні мұғалімі: Шилдебаева Л.С. Кітапханашы: АтейбековаТ.Ж.
Алматы:2021ж
Жоспар:
Кіріспе;
Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы;
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы;
Қазақстан-Ресей байланыстары;
Қазақстан-Қытай байланыстары;
Қазақстан және халықаралық ұйымдар.
Қорытынды.
Кіріспе:
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді.
Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.
Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр.
Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды.
1992 жылы қаңтарда 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты.
Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.
Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы
1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.
Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты.
Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлт-аралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.