Срсп 9 Ұлттық руханият



Дата27.11.2023
өлшемі17,11 Kb.
#130003
Байланысты:
Еркебаева срсп (копия)


Срсп 9
Ұлттық руханият
Баймахан С.
Орындаған :Турланова Жадыра
Тақырып:М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы қазақ дәстүрлері мен ырымдары. Олардың танымдық-тәрбиелік мүмкіндіктері.

«Абай жолы» роман-эпопеясында Мұхтар Әуезов ұлы ақын Абай Құнанбаевтың жеке өмірін, күресін ғана суреттеп қоймайды, сонымен бірге ақын өмір сүрген сол дәуірдің шындығын мейлінше мол әрі терең бейнелейді. «Абай жолы» роман-эпопеясында, суретшінің дәуір шындығы, феодалдық-рулық тартыстар, көшпелі қоғамдағы топтың жіктелуі, қарапайым еңбек адамының аянышты, азапты өмірі ғана емес, ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ халқының таным-түсінігі, әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары, көшпелі тұрмысы, бір сөзбен айтқанда, қазақ халқының өмірі, жан-жақты эпикалық планда, энциклопедиялық тұрғыдан терең суреттеліп жазылған.


Сондықтан да халқымыздың біртуар ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаев: «Егер сен ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ халқының өмірін, тіршілігін, тарихын, әдет-ғұрпын білгің келсе, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын» оқы. Ол - шын мәніндегі энциклопедиялық шығарма», - деп бағалаған.


Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, өмір сүруін жан-жақты бейнелейтін энциклопедиялық «Абай жолы» роман-эпопеясында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, халықтың әдет-ғұрпы терең суреттелген тұсын ғана алайық. Біз қазір белгілі бір жағдайда орындалатын халқымыздың салт-дәстүрін біле бермейміз. Білмеген жағдайда мен «Абай жолын» оқуға кеңес берер едім.


Романда халқымыздың салт-дәстүрі сол кездегі өмір шындығымен астасып, романның көркемдік қуатын күшейтіп, романдағы кейіпкерлер әлемімен тұтаса келе көз алдымызға көркем шежірелі ғажайып өнер туындысын ұсынады.


Жазушының әрбір туындысы үлкен еңбекті, ізденісті қажет етеді. Ал «Абай жолы» роман-эпопеясын жазуға Мұхтар Әуезов үлкен дайындықпен келіп, оған дейін аса мол ізденіс сатыларын бастан өткерген еді. Осындай жазушының талмай еткен еңбегінің арқасында, қазақ әдебиетіндегі тұңғыш, шоқтығы биік роман-эпопея дүниеге келді.


«Абай жолы» роман-эпопеясында жазушы М.Әуезов ұлы ақын Абай Құнанбаевтың жеке өмірін суреттей отыра, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамындағы шындық, ондағы талас-тартыс, тап арасындағы қарама-қайшылықтарды, жеке бір адам өміріндегі өзгерістермен байланыстыра отырып өте шебер бейнелейді.


М. Әуезовтың халық өмірін терең білуі, оның энциклопедиялық білімі мен жазушылық дарын шеберлігінің ұштасып келуі «Абай жолы» романының реалистік көркемдік деңгейін ғарышқа көтеріп кеткендей.




Сен өзіңнің туған халқыңның, қазақ халқының, өткен өмірін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін білгің келе ме, онда «Абай жолын» оқы!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет